Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Авторы:
01 Желтоқсан 2023
156
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі

















Мамандық: 1409000 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

Пән атауы: «Құрылыстың өндіріс ұйымдары мен технологиялары»



Сабақтың тақырыбы: «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру-техникалық дайындығы»





Ашық сабаққа

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

П-31 тобы

Оқытушы: Нургалиева А.Т.







Ақтөбе, 2023

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Құрылыс өндірісін ұйымдастыру-техникалық дайындығы Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға құрылыс өндірісін ұйымдастыру-техникалық дайындығы, басмердігерлік, субмердігерлік туралы түсінік беру, олардың атқаратың қызметімен туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың жаңа тақырып арқылы ой-өрісін, білімін дамыту, мамандықтың қажеттілігі мен кәсіптік білімнің маңыздылығын түсіндіре отырып, істелген жұмыстарға жауап кершілік сезімін ояту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, топпен жұмыс жасауға, оқушылардың бойына еңбексүйгіштік, өздерінің мамандықтарын жетек меңгеруге және өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Қолданылатын әдіс: ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі, ақпаратты технологияларды қолдану.

Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар, үлестірмелі

материалдар.

Пән аралық байланыс: Ғимараттар мен құрылыстар, Геодезия, Теміржол көлігін іздеу және жобалау.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:

Көрнекі құралдар: -интерактивті тақта; комьпютер; бейне материал; электронды оқулық, үлестірмелі материалдар.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

-сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.

2.Үй жұмысы (ойын арқылы үй жұмысын тексеру және бекіту).

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Жаңа тақырыпты бекіту.

5.Қорытынды.


Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)

1.1. Оқушылармен амандасу.

1.2. Оқушыларды түгелдеп, журнал толтыру

1.3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекшілерді тағайындау.

1.4. Аудитория тазалығына көңіл аудару, тақтаны әзірлеу.

1.5. 5Т (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық)

1.6. Топтастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (30 мин)

2.1.Ойын арқылы үй тапсырмасын тексеру.


Ойын төмендегі бөлімдерден тұрады:

1-бөлім. «Не? Қашан? Қайда?» ойыны

Мұнда өткен тақырыптар бойынша хаттарда бағалы сұрақтар берілген, топтар хаттарды сағат тіліне бағытына қарай рет ретімен таңдап алып жауап береді. Дұрыс жауап берген жағдайда сол топқа ұпай саналады.

-секторы түскен жағдайда сұрақты оқытушы қойады, ал -секторы түссе ойыншыға сыйлық беріледі.




1.Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру деп нені айтамыз? (Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру-негізгі еңбектің барлық элеменнтерін біріктіру, құрылыстағы дайындау және реттеу процессі).

2.Құрылыс жұмыстарының технологиясы деп нені айтамыз? (Жүйенің кешенін қарастырады, құрылыстың объектілерін құруға материалдарды өндеу және дайындау).

3. Құрылыс процессінің қатысушыларын атаныз. (Жұмысшылар, еңбек заты (материалдар, конструкциялар) және еңбек құралы (құрылыс машиналары, құралдары).

4. Құрылыс процессінің қатысушыларын атаныз. (Жұмысшылар, еңбек заты (материалдар, конструкциялар) және еңбек құралы (құрылыс машиналары, құралдары).

5. Монтаждық жұмыстар деп нені айтамыз? (Алдын-ала жасалған құрылыс конструкцияларының элементтерін, бөлшектерін, санитарлық-техникалық және басқа да құрылғыларды жалпыға біріктіретін және жобалық жағдайға орнатуға байланысты технологиялық кешенді айтады).

6.Сусымалы жүктерді атаныз. (Құм, қыйыршық тас, цемент).

7. Құрылыстың технологиялық құжаттарын атаныз. (Жұмыс өндірісінің жобасы, Құрылысты ұйымдастыру жобасы, технологиялық карта, Еңбек процесстерінің картасы, Құрылыстың бас жоспары).

8. Технологиялық карта деп нені айтамыз? (Құрылыс жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиялық процессі).

9. Жұмыс өндірісінің жобасына анықтама беріңіз. (Технологияның, орындау мерзімін және құрылыс жинақтау жұмыстарын қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын және ғимараттардың бөліктері бойынша өндірістік процесстерді ұйымдастырудың негізгі құжат ретінде пайдаланатын жоба).

10. Еңбек процессінің картасы деп нені айтамыз? (Жие қайталанатын өндірістік операциялары бар қандай да болса да өндірістік процесстің ұтымды және тұрақты технологиясы).

11. Еңбек нормасы деп нені айтамыз? ( Еңбек нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі).

12. Еңбекті нормалау дегеніміз не? (Белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу).

13. Құрылыстағы дайындық жұмыстары дегеніміз не? (Дайындық жұмыстарына құрылыс алаңдарды, машиналар комплексін, материалдарды дайындау жатады).

14. Өндіріс деп нені айтамыз? ( Уақыт бірлігінде шығарылған құрылыс өнімінің мөлшері).

15. Құрылыс сапасы деп нені айтамыз? (Тұрғызылған ғимараттар және олардың бөлшектері жобалық шешімдер мен мөлшерлерге сәйкестігі).

16. Құрылыста еңбекті қорғау деп нені айтамыз? (Еңбекті жеңілдететін және оның өнімділігін көтеруге мүмкіндік туғызатын қауіпсіз және сау жағдайлар жасауға бағытталған өзара байланысқан заң шығару, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, тазалық және ұйымдастыру шараларының жүйесі).

17. Ғимараттар қандай түрге бөлінеді? (Азаматтық және өндірістік).

18. Елімізде 2017 жылы қандай ірі құрылыс қолданысқа тапсырылды?

( ЭКСПО-2017).

19. Жаңа теміржол желісін салу үшін ең алдымен қандай жұмыстар жүргізіледі? (Жаңа жолды іздеу және жобалау).

20.Жолды жөндеу кезінде қандай ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі?

(Машиналарды және жұмыс орнын дайындау).

21.Бригада дегеніміз не? (Бірнеше звенодан тұратын жұмысшылар).

22. Күрделі құрылыс деп нені айтамыз? (Күрделі құрылыс-жаңа құрылыс, істеп тұрған өндірісті еңейту және қалпына келтіру, олардың жаңадан техникалық қарулануы).

23.Өнім нормасы деп нені айтамыз? (Дана, тонна, литр, метр).

2-бөлім: «Сен білесін бе?»

Әр топқа үй тапсырмасы берілді.

1-ші командаға: «Еліміздің ең биік ғимараттары» тақырыбы;

2-ші командаға: «Әлемдегі ең әдемі ғимараттар» тақырыбы.

(Құрылыс өндірісінде болып жатқан техникалық-ғылыми жаналықтар мен жетістіктер және құзықты мәліметтер)


3-ші бөлім: «Полиглот» ойыны

Оқушылар қазақ тілінде берілген сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.

4-бөлім. «Понтамимо» ойыны

Сурет бойынша сөзді түсіндіру: әр топтан 1 оқушы ортаға шықырылады және ол жасырын суретті тандап тобына көрсетеді. Топ мүшелері жасырын бейнені оған әс-қымылмен түсіндіруі қажет. Жасырын сөздер: ғимарат, құрал-саймандар, экскаватор, кран, құрылысшы, темір жол.

2.2. «Кубизм» әдісі бойынша үй жұмысын бекіту.

Әр топ кезектесіп «Кубик» сұрақтарына жауап береді. «Құрылыс» сөзіне байланысты.

1.Құрылыстың түрлерін атаңыз.

2.Неге құрылыста арнайы киім киеді?

3.Құрылыста дайындық жұмыстары дегеніміз не?

4.Неліктен құрылыс болып жатқан жерді қоршаймыз?

5.Ойлан, тап!

6.Құрылыс алаңында не сақталуы қажет?


«Сергіту сәті»

Бейнеролик


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (27мин)


«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру-техникалық дайындығы»

Құрылыстың күрделілігіне және әртүрлігіне, жаңа технологияларды, механизацияларды пайдаланылуына, құрылысты әртүрлі ұйыдастыруына байланысты кәзіргі таңда сапалы өндірістік инженерлік дайындық қажет.

Ғимараттар, тұрғын уйлер, нысандарды салу кезінде он шақты құрылыс және арнайы мекемелер қатысады, және олар әртүрлі ведомстволардың қарамағында жұмыс жасайды. Барлық жұмыстар алдын-ала бір-бірімен келісіліп бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Сондықтанда, жаңа ғимараттарды, нысандарды салу, қайта жаңарту жұмыстары ҚМЕ (СНиП) бойынша ұйымдастыру-техникалық дайндық жұмыстарын жүргізгеннен кейін рұқсат беріледі.

Ұйымдастыру-техникалық дайындық жұмыстарына құрылыс аландарын және құрылыс мекемелерін өндіріс жұмыстарына дайындау, құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспар бойынша орындау, технологиялық реті және жұмыстардың мерзімі бойынша құрылысты материалдармен қамту.

Құрылыс өндірісінің дайындығының біріңғай жүйесі- дегеніміз құрылыста дайындық шараларын ұйымдастыру, жоспарлы-экономикалық, техникалық, технологиялық және әлеуметтік шараларының бір-бірімен тығыз байланысты жиынтығы.

Құрылыс өндірісінің дайындығының біріңғай жүйесі (ҚӨДБЖ) 4 кезеңнен тұрады:

  1. Жалпы ұйымдастыру –техникалық дайындығы;

  2. Нысандарды құрылысқа дайындау;

  3. Құрылыс мекемелерін дайындау;

  4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын және жұмысшы бригадаларын өндіріске дайындау.

Жалпы ұйымдастыру-техникалық дайындығы- тапсырушы, жобалау және басмердігерлік құрылыс мекемелерінің байланысы арқылы жүргізілетің шаралар жиынтығы.

Жалпы ұйымдастыру-техникалық дайындығы:

-құрылыстың мазмандық тізімді құруды (қаржыландыруды жоспардау және қаржыландыруды анықтайды);

-құрылысты жоспарлау- сметалық құжаттармен қамтамасыз ету;

- жергілікті органдармен нысандардың орналасуын қарастырады;

-құрылыс-монтаж мекемелерімен нысандарды салу үшін келісім шарттқа отырады;

-сметалық есептер жасалады;

-жұмыс көлемінің жұмыс сызбалары жасалып, басмердігермен қаралып бекітіледі;

-құрылысты ұйымдастыру жобасы жасалады;

-құрылыс-монтаж қондырғылары ( опалубкілер, траверстер, кондукторлар, крандар т.б.) жасалады.

Осы кезеңде құрылыс материалдарымен, конструкциялармен, бөлшектермен және шикізаттармен қамту жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстардың барлығының орындалуы бекітілген жоспарға сәйкес болуы қажет. Құрылысты жүргізетің жұмысшылармен қамту, олардың тұратын жері мен әлеуметтік жағдайларының қамтылуы қарастырылады.


VI. Жаңа тақырыпты бекіту (15мин)

4.1.Тест бойынша жаңа тақырыпты меңгеруін тексеру.


  1. Құрылыс өндірісінің біріңғай жүйесі неше кезеңнен тұрады? (4)

  2. 25 адамға дейін тұратын бірыңғай кәсіптегі жұмысшы тобын қалай атауға болады? (звено).

  3. Жұмыс процесі дегеніміз не?

( Бір орындаушымен орындалатын операцияларының жиынтығы).

  1. Қандай құжат құрылыстың барлық түрлерін және жобалық-сметалық құжаттарын реттейді? ( ҚМЕ (СНиП)).

  2. Котловандарды қазу кезінде қай механизм бастайды? (Экскаватор).

  3. ЖӨЖ - құжаттардың негізгі құрамы ( Технологиялық карта күнтізбелік жоспар, құрылыстық, бас жоспар).

  4. Бір мамандықты иеленетін 25 адамға дейін тұратын ұжым қалай аталады? (Мамандырылған бригада)

  5. Тапсырыс берушімен шарт бойынша жұмысты орындайтын заңды және жеке тұлғаның кім деп атаймыз? (Мердігер).

  6. Нысандарды құрылысқа дайындау құрылыс өндірісінің біріңғай жүйесінің қай кезеңіне кіреді? (2).

  7. Ғимараттарды тұрғызу барысында жұмыстарды қандай циклдік топтарѓа бөледі? (Жерасты,жер үсті,жапсырма).


4.2. «Сен-маған, мен-саған» ойыны

Топтар жаңа тақырып бойынша 5 сұрақтан құрастырып бір-біріне сұрақ кояды.

Қорытынды (5мин):

Оқушыларды бағалау.

Рефлексия: Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, осы тақырып болашақ сендерге керек деп ойлайсыңдар ма? Өз ойларын жазып оқып тақтаға іліп оқушылар үй құрастырады.

Үй тапсырмасы: «Құрылыстың күнтізбелік жоспары».


Оқытушы:__________Нургалиева А.Т.


















Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!