Материалдар / ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаңтардың он тоғызы

Не?Қашан?Қайда? интеллектуалдық сайыс

Мақсаты:Оқушылардың заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып,тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау.

Барысы: 
- Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар! 
«Не?Қашан?Қайда?» интеллектуалды сайысты бастаймыз! 
-Бәйгеге түсіп жарыспай, 
Жүйріктің бағы жанар ма? 
Білім мен өнер жарысып, 
Тәлім, тәрбие табар ма? 
Бұл бәйге ойдың бәйгесі 
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық! 
Жарысқа 2 команда қатысады «Алаш» және «Зеректер» командасы. 
Ендеше сайыс ержелерімен таныстырып өтейін: 
1-кезең. «Тіл мен тарих егіз ұғым» 
2- кезең.«Сұрақ бізден-жауап сізден» 
3-кезең. «Көненің көзі» 

Психологиялық тренинг.

Менің айтқанымды іштей қайталаңыздар. “Мен мектептемін, сабақта отырмын. Осында отырғаныма қатты қуаныштымын. Менің көңіл – күйім жақсы. Мен тыңшы сияқты бәрін байқағышпын. Менің есте сақтау қабілетім жоғары. Өз ойымды ашық, еркін түрде жеткізе аламын. Менің сабаққа деген құлшынысым жоғары, бүгінгі сабаққа дайынмын.
1-кезең. «Тіл мен тарих егіз ұғым» бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақтан ,12 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 10 балдан есептеледі, жауап бере алмаған топ

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылы? 1804 жж

2.Сәкен Сейфулиннің шын есімі? Сәдуақас

3.  Төле, Әйтеке, Қазыбек билер жасаған заң жобасы? «Жеті жарғы»

4. Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан? Сақ тайпасынан

5.Қай жылы Үш жүздің өкілдері Кенесарыны қазақтың ханы етіп сайлады? 1841 жж

6. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай өңірде болды?Бөкей ордасы

7. Абылай хан билеген жылдар?1771-1781 жж

8. Сібір қырғыздарының жарғысының авторы? Сперанский

9. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты.603 жж

10. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 14 ж 1783-1797

11.2024 ж Ілияс Жансүгіровтың туғанына қанша жыл?130 жыл

12.2024 ж Тұрар Рысқұловтың туғанына қанша жыл?130 жыл

2- кезең.«Сұрақ бізден-жауап сізден» бөлімі бойынша логикалық сұрақтар.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. Жеген сайын жылататын нәрсе? Таяқ

4. Жеті қазынаны ата.

Ер жігіт.Сұлу әйел.Ақыл, білім.Жүйрік ат.Қыран бүркіт.Берен мылтық.Құмай тазы.

5. Жеті жоқты ата.

Жерде өлшеуіш жоқ.Аспанда тіреуіш жоқ.Таста тамыр жоқ.Тасбақада талақ жоқ.Аллада бауыр жоқ.Аққуда сүт жоқ.Жылқыда өт жоқ.

6. Лимонның жартысы неге ұқсайды? Екінші жартысына

7. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? Алма ағашында

8.Қар жана ма? Қалауын тапса,қар жанар.

9. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? Басы ең үлкен адам

10. Көк орамалды суға салса,не болады? Орамал су болады.

11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0

12. Актер Джеки Чанның негізгі мамандығы қандай? опера әншісі

3-кезең. «Көненің көзі» бөлімі. Көрсетілген заттар атауын және ол не үшін, қалай қолданылғандығы туралы мәлімет береді.

Келі мен келсап – Келіні жасау үшін ағаштың қатты түрлері – қарағаш пен қайыңды қолданады, биіктігі 50 – 60 см, ағаштың ортасын 30 – 35 см тереңдікте ойып жасайды. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады. Сондай-ақ, тары, бидай, жүгері талқандауға пайдаланады.

Келінің түйгіш ағашы болады, оны келсап деп атайды. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалып, қолға ұстайтын жерінен қолайлы қос тұтқа шығарылады. Келсап ұзындығы 1 метр жуан ағаш болады. Халық тұрмысында келінің жер келі (келі орнына уақытша пайдаланылатын шұңқыр), тас келі (келісін тастан, келсабын ағаштан жасаған келі), ағаш келі (жуан ағаштан ойылып жасалады) сияқты түрлері кездеседі. Келіні шеберлер мықты, әрі жарылмай көп жылға шыдауы үшін, қызған тандыр ішінде ыстық қозға қақтап алып, оның іші-сыртына қойдың құйрық майын, не түйе қомының майын сіңіреді. Келі жарылып кетпес үшін, әдетте, оның иіні мен тағанын түйенің иленбеген шикі терісімен қаптайды. Шикі тері кепкен кезде тартылады да, келіні қатты қысып қалады.

Иінағаш – иыққа салып су тасуға арналған имек ағаш.

Оны әпкіш, иық ағаш, мойын ағаш деп те атайды. Ұзындығы 2 – 3 құлаш, жуандығы 2 – 3 елідей берік ағаштан жасалып, ұшына темір ілгек тағылады. Жас тал, қайыңды сәл иіп немесе имек өскіндерінің иыққа келетін тең ортасын жалпақ етіп, ал екі иінін жұмырлап жонады да, екі ұшына байланған 2 – 3 қарыс ұзын сымға не қайысқа шелек ілетіндей темір ілгек орнатады. Тұрмыста қолданылатын ең қарапайым құралдардың бірі.

Әшкір – ошақтың қасында пайдаланылатын тұрмыстық зат, ысқаш, шымшуыр. Ертеде қазақ халқы отын,қи, тезек жаққан. Қолдары күйіп қалмауы үшін, осы әшкірмен шоқты, қи мен тезекті алу үшін қолданған.

Көсеу - үй тұрмысына, яғни ошақтың қасында пайдаланылатын тұрмыстық зат. Ұзын темір материядан жасалады. Шоқты көсегенде самауырға, үтікке шоқ салғанда, табаға нан пісіргенде пайдаланған. Негізінен қалақ, әшкір, көсеу бірге пайданылатын құрал.

Қорытынды: Бүгінгі «Не?Қашан?Қайда?» атты интеллектуалдық сайыс өз мәресіне жетті. Енді кезекті әділ-қазы алқасына берсек. (әділ-қазы алқасы ортаға шығады). Интеллектуалды сайсымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі сайысқа қатысқан қатысушылар мен көрермендерге көптен - көп рахмет!

Марапаттау.

«Зерек» тобы. 38 балл II орын

«Алаш» тобы. 80 балл. I орын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!