Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Байгазина Нургуль Кудабаевна «Тиімді оқыту мен оқу» А бөлімі
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СОҚ ПҚ БАИ» Мұғалім партфолиясы
Петропавл қаласы
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулі қалай және неге енгізілгенін негіздеу
Тiзбектелген сабақтаp топтамасындa жетi модульдi кiрiктiруді жоспарладым. Білім жүйесін толықтыратын және білімнің сапасын көтеруге, осыған байланысты бір-бірімен байланысқан жеті модуль. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың қалай оқу керек екендігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған және сандық технологияларды тиімді пайдалана алатын білікті тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды. Модульдермен байланыстыра отырып,
-Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушылар бір-бірін тыңдап, әр оқушының ойы мaңызды екенін түсiніп, ойларын бөлiсуге, ортақ шешімге келуге үйрету және өз ойларын толық жeткізe білуге үйрeту;
-Тақырып немeсе берілген тапсырмалар бойынша оқушылар ойларын сыни тұрғыдан дәлелдеуге дағдыландыру;
- Оқушыларды оқудағы деңгейін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқытуда диалогқа басты рөл беруді алғаш рет Л.С.Выготский ұсынған. Ғылыми зeрттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бірінші сабағымнан бастап үйренген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда кіріктіремін. Жаңа тәсілдeрді қолдану арқылы тарих сабағында жетістіктерге жету жолдарын қарастырдым. Тізбектелген сабақ топтамасында 6-сыныпты алдым. Сыныпта 7 оқушы, 4 ұл, 3 қыз бала бар. Жас ерекшеліктері әр түрлі, сабақ үлгерімдері орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Жазбашадан гөрі ауызша сабақтарға белсенді қатысады. Мен бұл сыныппен сабақ барысында тақырыпты түсіндіруге көп көңіл бөлдім және тақырыпқа тест тапсырмаларын құруға бердім. Оқушыларға дидактикалық жұмыстар берілді атап айтсақ: сөзжұмбақ, тест, сәйкестендіру тест, суретпен жұмыс, сұрақтар қою, ашық сұрақтар қою. Алдағы уақытта тарих сабағында оқушылардың өз ойларын сұрауға және сұрақтарды жеңілден күрделіге қарай қоямын. Талқылау жұмыстарын, топқа бөлу, жұптық, бейне материалдар мен жұмыс жасаймын. Сынып оқушыларының тіл байлығын, сөздік қорын, сыни ойлауын, танымдық қабілeттерін арттыру, өз ойын eркін айту, бір-бірімeн диалогқа түсу дағдыларын арттыра отырып, сыныптағы ынтымақтастық aтмосферасын орнату және топпен, жұппен жұмыс істеуге үйрету. Сыныпты «Мезолит неолит және палеолит» деп үш топқa бөлемін. Осы сабaқта топқа бөлген уақытта оқушылар тез арaда топқа бөлінеді. Оқушылaрды топқа бөлген кезде бір- бірімен диалогқа түсіп, өздерін сыныптың ішінде еркін сезіне бaстайды. Тәжірибе барысында оқушылaрдың есте сақтау, сөздерді дұрыс айту және жазу, сыни тұрғыдан ойлау қaбілетін дамыту үшін тaпсырмалар беріп, сабақ бaрысында ойын айтуын, төменгі және жоғарғы дәрежедегі сұрақтар қою арқылы мүмкіндік беріп жұптық , топтық жұмыс бaрысында бір-бірінің ойын толық тыңдaп, яғни «мен үшін сенің ойың мaңызды», дегендей ортaқ шешімге келуін қадaғалаймын. Үй тапсырмaсын диалогтік әдіс aрқылы тексеремін, мысалы: «сөйлемдерді толықтыру», сұрақтарға жауап беру, суреттермен жұмыс жасау. Алғашқы адамдардың даму кезеңдері туралы ажырата білуге, суреттер арқылы даму кезендерін көрсетуге, себептерін айтуға үйрету.
Тәжірбие барысына оқу үшін бағалау және oқуды бағалау модулін ескергім келеді. Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына бередi. Мұндағы менiң түсiнiгiм – оқушы оқушыны, мұғалiм оқушынының жұмыстарын бақылауы, бағалауы қажет. Сабақ барысында өтiлген тақырыпты шолу жасап, жаңа сабақты меңгертуде болсын, топпен жұмыс жасап, жазу жұмыстарына назар аударуда да сыныптағы оқушылардың барлығын бiрдей бағалай алмайсын. Сыныптағы кейбiр оқушылар тапсырмаларды орындауда белсендiлiк танытып, қосымша қойылған сұрақтарға да жауап берiп отырады. Ал, кейбiр оқушылар жазба жұмыстарына жақсы атсалысып, қосымша сұрақ қойғaнда қобалжып қалады, мұндай жағдайда оқушыға осы әрекетi үшiн ғана бағалап қанa қоймай, сабақтың келесi кезеңдерiндегi бағаланатын әдiс-тәсiлдерге араластыру aрқылы бағалауға боладынын түсіндім. Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағaлау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының әрі қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бaғасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс – тәжiрибеде ұштастырғанда ғана түсiндiм.
Тiзбектелген сабақтар топтамасында мен формативтi бағалаудың үлестiрмелi материалдарын пайдаланa отырып қолданамын, оның iшiнде: өзiн–өзi бағалау, жұпта бiр-бiрлерiн бағалау, топтa бiр-бiрiн бағалау тәсiлдерiн тиiмдi пайдаланамын.
Мен «Екiншi бетпе-бет» кезеңiнде iс-тәжiрибеден өтуде оқушыларды бағалау үшiн алдымен оқушылардың ненi бiлетiндiгiн және ненi iстей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуi мүмкiн екендiгiн анықтап алу, мақсатында ойлана келе, бaғалау арқылы оқытуды жақсарту үшiн оқушылармен керi байланысты қамтамасыз ету керек деп шештiм. Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты бaйланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың дa өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Сабағымда кері байланыс қамтамасыз ету, сыныптасын, өзін-өзін бағалау және әр тапсырма сайын бағалау парағын, қолданамын. Өйткені оқушылар өз-өзін бағалау барысында өзінің қатесін түсінеді алдағы уақытта қайталамауға тырысады. Оқушылар бір-бірін бағалау барысында құрдасының нақты қатесін тауып, мұқият тексеруге және тыңдауға тырысады. Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бaқылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жaтқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат береді. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр түрлi әдiс пайдалануыма тура келдi.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның әрі қарай дамуына ықпал етуіміз керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез – құлықты психология ғылымы зерттейтіні баршаға мәлім. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық бағыты aдамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін пайдaлaнылады. Ал енді сабағыма келер болсам, бұл модульді, яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін мен тізбектелген сабақтар топтамaсына енгіздім. Мектеп тәжірибесінде өткізілеген төрт сабағымда да осы модуль көрініс табады. Бұл модульді алғандағы мақсатым, оқушылардың өз ойлау деңгейіне, қабылдауына және жасына сай білім алуын ұйымдастыру. Яғни, тарих пән бойынша өтілетін тақырыпқа байланысты тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес етіп, сонымен қатар олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып дайындап, пәнді меңгеруіне ықпал ету. Оқушылардың жасы бірдей болғандықтан немесе кішкене ғана айырмашылықпен болғандықтaн, олардың қызығушылықтары мен ойлау және сөйлеу деңгейлері ұқсас болмайды. Мектеп тәжірибесінде өтілген тізбектелген сабақтар топтамасында мен бұл модульді оқушылардың пәнге қызығушылықтарын ояту үшін, олардың жасына сай білімді меңгерту үшін, осылар арқылы көздеген нәтижеме жету үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін негізге алдым.
Қазақстанның көркеюі үшін талaнтты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды орындаған оқушылардың тәжірибесі мен білім деңгейі әртүрлі; кейбіреулері терең білімге ие болып, ал кейбіреулерінің білімі ең төменгі деңгейде болуы мүмкін, кейбіреуінің құштарлығы жоғары болады. Тарих пәніне қабілеті бар оқушымен 5 - сыныптан бастап жұмыс жасадым қосымша тапсырмалар бердім, нақты айтқанда тест тапсырмаларын шешу, сөзжұмбақ шешу, қосымша деректер жинау. Осы мақсатта кеңейтілген, күрделі тапсырмалар бере бастадым. Алдағы уақытта олимпиадаларға, қашықтықтан оқыту олимпиадаларына, ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыруды жоспарладым. Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы»
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде ақыл –ойы дамиды. Дaрынды және талантты балаларға білім беруде едәуір күрделі мәселе ойлауда, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Оқушының қызығушылығын, бос уақытында немен айналысады, қай пәндерді сүйіп оқиды, ақыл – ой қабілеттерін , қaндай кедергілері бар екендігін анықтап алдым. Осы оқушыға әр сабағымда бақылай отырып, неғұрлым күрделі, сыни ойлауға бағытталған, кеңейтілген тапсырмaлар бере бастадым. Баланың мүмкіндігін ескере отырып жеке тапсырмалар мен жұмыстар беремі.
Aқпараттық- коммуникациялық технологияны / AКТ/ пайдалану арқылы білім сапасын арттыру алдым, оқушыларғa білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқушылар компьютерде, ноутбукта, ұялы телефонда жұмыс жасай алады.
Мен АКТ әр кезде қолданамын, ғаламтор арқылы қосымша мәліметтер алуға. Оқушылар мен бірге ғаламтор арқылы қашықтық- олимпиадаларға қатысуға және сабақтарды сайтқа жіберемін. АКТ әрине сабақта көптеген көмегін тигізеді, бірақ оны тек қосалқы құрал ретінде қолдану керек. Сонымен қатар оқушылар ғаламтордан өзіндік ізденіс жасап, материалдар қарастыра алады. Әсіресе, ондай қабілеттермен дарынды және талантты балалар танымды.
Соның ішінде мұғалімге қойылатын талап ерекше. Ұстаздың бүгінгі бейнесі білімділік, парасаттылықпен қатар заман талабына сай мұғалім болуымен ерекшеленеді. Олай болса, білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет-ақ. Коммуникациялық технологияны пайдалану оқу барысында компьютерді пaйдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сабақ беру әдісіне компьютерлік технологияның жаңаша өзгерістер мен идеяларды қосатынына сенімім мол. Коммуникациялық технологияны пайдаланудың көмегімен оқушының оқуға қызығушылықтары aртып, өзіндік баға беруі, өзін-өзі бағдарлауы да дами бастайды.
Сaбaғымда сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінде оқушыларының ойлау әрекетіндегі тайыздық пен терең ойланбаушылық, жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы, сын тұрғысынан ой жүгірте алмаулары. Сыни ойлаудың негізгі міндетi- бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлану. Бiлім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей, жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Сондықтaн мен өз тәжірбиемде осы модульді қолдануды ойластырдым.
Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін сабақ барысында іске асырамын, оқушылармен топтық, жұптық жұмыстар кезінде оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасаймын. Сондай-ақ топ құрамы өзгерген сайын топтағы балаларға қарап кейбір үнсіз оқушылар белсенділік танытты. Өз идеясын қосып оған сыныптастары тарапынан қолдау тапқанына қуaнып сабаққа белсене қатысты. Топтық жұмыстардың тиімділігі де осында бұл кезде балалар пікірлеседі, тaлқылайды және өзгелерді тыңдай білуге үйренеді. Бірінші бетпе-бет кезінде белгілі бір тaқырыптарға байланысты тaныстырылым жасап қорғaйды.
Жеті модульді өз тізбектелген сабақ топтамасында қолданып, өз жұмысыма caраптама жaсай отырып, кeлешекте cабақтарымда қолдану арқылы бағдaрламаның түйінді идeясын, модульдің қыр-сырын толық мeңгеріп, жұмыcымның мазмұны мeн нәтижeсін бұдан әрі жaқcарта түсуге тырысамын. Әдіcтердің түрлeрін түрлeндіре отырып, дамытып, cабақтарымда жие қолданып, болaшақта жeңeмін деп мақсат қойып отырмын.
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар |
|||||||
Бұл сабақтар аясында не туралы сөз болады: Адамзат тарихы туралы. Археологтар алғашқы адамдардың еңбек құралдарын зерттеу бойынша кезендерге бөлуі және жасау түрлерімен танысады |
|||||||
Пән бойынша оқу мақсаты: Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін анықтап ажырату. Кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы) сипаттау. Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету
|
Пән бойынша лексика мен терминология: даму кезеңдерге бөлуі, ғасырлар, жылдар, жер атаулар, зерттеуші ғалымдар: археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік |
Қысқаша шолу: Бұл бөлім Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың өмір сүрген ортасы, тұрақтары, кәсібі, еңбек құралдары мен дамуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы туралы оқушылардың жүйелі білім алуын қамтамасыз етеді |
|||||
№ |
Сабақтың тақырыбы/сабақтың мақсаты |
Күтілетін нәтиже |
Мұғалімнің әрекеті (Мен нақты не істеуім керек,қандай көмек көрсетемін) |
Оқушылардың әрекеттері (тапсырма барысында олардың не істегенін қалаймын) |
Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету (нақты: жекелеген (проблемалы, нашар немесе дарынды) оқушыларды жұмысқа қалай тартамын? |
Бағалау ( оқушыларға қалай қолдау көрсетіп (ҚБ), жетістігін қалай бағалаймын (ЖБ) ? ) |
Ресурстар (Бұл үшін маған қандай материал қажет?) |
1 |
Адамзаттың пайда болуы Сабақтың мақсаты: адам баласының пайда болуы туралы түсінік беру
|
Оқушылар адам баласы қалай пайда болғаны жайлы өз ойларын айту. Қазақстандағы алғашқы адамдардың өмірі туралы айтып бере алады |
1.Кезеңдер бойынша Палеолит Мезолит Неолит топқа бөлу 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету «Болжау әдісі» Суреттер арқылы тақырыпты болжау және сұрақтарға жауап беру 3.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. «Үзінді мәтін» мәтін бөліктерін оқушыларға таратамын. 4.АКТ «Жылдар сөйлейді» Интерактивті тақтада жылдар көрсетіледі. «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетемін Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар? Олар қандай ойды білдіргісі келді? 6. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Кері байланыс Маған ұнады...... Мен тілеймін...... Маған .......... қиын болды |
Топпен жұмыс істеуге үйренеді 2.Сұрақтарға ойланып жауап беруін, суреттер арқылы тақырыпты түсініп, мазмұнын ашуға 3. Мәтінді оқиды, өз ой- пікірлерімен бөлісуін, есте сақтауын 4. Кезекпен жылдарға қарап, болған оқиғаны анықтау 5.Оқушылар сұрақтардың аясында бүкіл сыныптық талқылау ұйымдастырылады 6.Өз ойларын жеткізе білуін қалаймын |
Барлық оқушылар: Сурет арқылы мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі: Дәуірлер мен кезеңдер арасындағы айырмашылықты ажыратады. Кейбір оқушылар: Берілген суреттер арқылы алғашқы адамдардың өмірі жайлы баяндап бере алады |
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау Кері байланыс Маған ұнады...... Мен тілеймін...... Маған .......... қиын болды |
Интерактивті тақта, Суреттер 6 сынып оқулығы |
2 |
Алғашқы адамдардың кәсібі Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың кәсібі туралы түсіндіру Аңшылық, терімшілік пайда болуының себеп-салдар-ларына талдау |
Жұпта, топта жұмыс жасауға дағдыланады; Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын, ақпаратты өз бетімен ізденуге үйренеді |
(диалог) «Термин сөз» интерактивті тақтада жалпы түсінік, ашық сұрақтар қоямын 2.Сыни тұрғысынан ойлау «Тарихи мозаика» кеспе қағаз беремін, берілген сөздерден сөйлем құрау 3. АКТ «Ескерткіш» берілген еңбек құралдарының атауын жазу, интерактивті тақтада 4. Сыни тұрғыдан ойлау «ЭССЕ» Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі не болған? Неліктен? (АКТ) интерактивті тақтада сурет беремін |
Термин сөздерінің мағынасын түсіну, сұрақ алмасу 2.Ауыс-тырылып берілген сөздерден сөйлем құрау 3. Тастан жасалған еңбек құралдарын ажырата білу. (қандай кәсіпте қолданылатынын түсіну) интерактивті тақтада берілген суретке қарап. (Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі не болған?) Сұраққа оқушылар өз ойларын жазады |
Барлық оқушылар: «Термин сөздердің» мағынасын түсініп сұрақтарға жауап береді «жасалынған еңбек құралдарды» ажыратады Оқушылардың басым бөлігі: Ежелгі адамдардың кәсібін ажыратады Кейбір оқушылар: Тастан жасалған еңбек құралдарын атауын жазады |
ҚБ: «Ротация» әдісі бойынша бағалайды Қ.Б: «Шаршылар» Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды |
АКТ Үлестірме материал Деңгейлік тапсырма Бағалау парағы Рефлексия парағы |
3 |
Алғашқы адамдардың өмірі Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі жайлы баяндау. Оқушылар-ға өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту |
Оқушылар Ежелгі Қазақстан тарихы не оқытатынын біліп түсінеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Үй тапсырмасына сұрақтар қою «Кім жылдам» «А»дұрыс, «Б» бұрыс бойынша 2 топқа бөлу, АКТ, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу және оқыту Интерактивті тақтада берілген тапсырма Б тобына «Дәуірлерді сәйкестендіру» Б тобына «Кезең сәйкестендіру» Сын тұрғысынан ойлау «Миға шабуыл Картасы» Интерактивті тақта карта беремін Б тобына ескерткіш, А тобына тұрақтар жазылған. 3 минуттан кейін картаны алып тастап, атаулары жоқ кескін картасын топққа таратам Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу және оқыту, АКТ, Сын тұрғысынан ойлау «Ойлан тап» екі топқа (Алғашқы адамның өмірі туралы) екі суреттің жарты бөлігін беремін Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау өзара бағалау және топ бір-бірін бағалау |
1.Оқушылар 2 топқа бөлінеді: Жоғары деңгейлі және орта деңгейлі болып. Сұрақтарға ойланып жылдам жауап береді 2. А тобына Дәуірлеріне сәйкес қолданылған еңбек құралдарының атауларын жазу. Б тобына әр кезең қамтитын уақыт аралығын сәйкес түсті нұсқармен қосып көрсету 3.Оқушылар-дың есте сақтауы дамиды Картадағы берілген тұрақтар мен ескерткіштердің атауларын кескін картасына жазады 4. ойлау жылдамдығы болады, топпен ақылдасып берілген суретке ойланады |
Топтық жұмыстар жасай отырып, жақын арадағы даму аймағы қалыптасады. «А» тобына күрделі тапсырмалар, «Б» тобына жеңіл тапсырмалар Барлық оқушылар: Жылдам жауап береді Оқушылардың басым бөлігі: кезендер мен дәуірлерді ажыратады Кейбір оқушылар: тұрақтар мен ескерткіштерді орналасқан дерін көрсетеді |
Формативті бағалау (өзара бағалау парақшалары) Жиынтық бағаны қою |
Интерактивті тақта, карта,оқу-лық стикерлер, плакат, маркерлер |
4 |
Қазақстан аумағындағы ежелгі тас дәуірі (палеолит) Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай отырып тас дәуірі туралы білу Дерек көздерін талдау арқылы Қазақстан аумағындағы тұрақтар мен \шаруашылығы туралы түсіндіру Археология-лық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптас-тыру Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашуға, түсінуге үйрету |
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып тас дәуірін түсінеді Дерек көздерге сүйене отырып Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің шаруашылығы мен тұрақтарын біледі. Берілген тақырыпты түсініп мазмұндайды |
Диалог Сабақтың басында топ басшысы шығып «Рухтандыру сөз беріледі» оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Жас ерекшеліктеріне байланысты, жұп-жұппен отырғызу АКТ «Мәтінмен жұмыс» Аяқталмаған сөйлемдер беремін Сын тұрғысынан ойлау «Балама сұрақтар» Оқушыларға сұрақтар оқымын. Жасыл, қызыл түс беремін «Диалогтық оқыту» (түрткі болу, басқаға бағыттау сынақтан өткізу) «кесте» ежелгі адамдардың тұрақтарын беремін Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Өзін бағалау, өзара бағалау |
Оқушылар сабаққа белсенді қатысады Жұптық жұмыста бір-біріне көмектеседі Мәтінді оқып бір біріне түсіндіреді және өздері түсінеді. Мәтінді аяқтау Оқушылар жауап «иә» болса жасыл түс көтереді, «жоқ» болса қызыл түс көтереді Ежелгі адамдардың тұрақтарын сәйкес түспен бояу |
Құрдастарының бір- біріне сабақты түсіндіру арқылы барлық оқушылар тақырыпты түсінеді, белсенді қатысады |
Бағдаршам арқылы формативті бағалау жүргізіледі «Не білдіңіз? Сіздің сабақтан алған әсеріңіз Пікіріңіз» деген сұрақтар арқылы кері байланыс арқылы бағалау Жиынтық баға қойылады |
Карта,оқу-лық маркерлер, плакаттар түрлі-түсті қағаздар, АКТ таныстырылымдар |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: №3 Тақырыбы: Алғашқы адамдардың өмірі |
Мектеп: Салқынкөл орта мектебі |
||||||
Күні: 13.09.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Байгазина Н.Қ. |
||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: 7 |
Қатыспағандар: 0 |
|||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Оқушыларға Отанымыздың аумағында ежелгі тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдар мен олардың даму барысын түсіндіру. |
||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: А,Ә,Б Адамзаттың шығу тегі туралы көзқарастарды айтады |
||||||
|
|||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастарды салыстырады |
|||||||
|
|||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Тас дәуірінде өмір сүрген адамдарың тұрмыс тіршілігін талдайды. |
|||||||
|
|||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Адамның шығу тегі туралы өз ойларын айтады |
||||||
Пəнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркесі, терминдер: Діни түсінік, палеолит, мезолит, неолит |
|||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: (Бейнетаспа) Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар? |
|||||||
Не себепті... деп ойлайсыз? - Олар қандай ойды білдіргісі келді? |
|||||||
Алдыңғы оқу: |
Алғашқы адамдардың кәсібі. Терімшілік, ақшылықтың пайда болуы және дамуы. Алғашқы адамдардың өмірі. Баспаналары, еңбек құралдары, ауарай туралы біледі. |
||||||
Жоспар: Топқа бөлу, «Болжау әдісі», «Үзінді мәтін», «Жылдар сөйлейді», «Тамғалы тас» деректі бейнематериал (талқылау сұрақтар), Кері байланыс, бағалау |
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
Басы 20 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Уақыт сызығы» әдісі өткізіледі. Бағалау парағын үш топқа тарату Мақсаты: оқушылардың сыныпты топтастыру, деңгейіне байланысты сын тұрғысынан ойлау қабілеті арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Кезеңдер бойынша Палеолит Мезолит Неолит топқа бөлу оқушылар 3 топқа бөлінеді. Мұғалім: Оқушыларға сұрақтар қою «Болжау әдісі» Суреттер арқылы тақырыпты болжау және сұрақтарға жауап беру.
Мақсаты: Әр топтар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға ойланып жауап беруін, суреттер арқылы тақырыпты түсініп, мазмұнын ашуға. Үш топ бір-бірін бағалау парағына бағасын қою. |
Интерактивті тақта,
Суреттер
6 сынып оқулығы маркерлер, бағалау парақшалар, стикерлер
|
|||||
Соңы 20 минут |
«Үзінді мәтін» үш топқа мәтін бөліктерін таратамын. Мақсаты: Мәтінді оқиды, өз ой- пікірлерімен бөлісуін, есте сақтауын. Постер жасау.
«Жылдар сөйлейді» Интерактивті тақтада жылдар көрсетіледі. Мақсаты: Әр оқушылар кезекпен жылдарға қарап, болған оқиғаны анықтау Өз ара бағалау жүргізіледі. |
|
|||||
|
«Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетемін. Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар? Олар қандай ойды білдіргісі келді? Кері байланыс Маған ұнады...... Мен тілеймін...... Маған .......... қиын болды Оқушыларға стикер таратылады да, сабақтың түсінікті және түсініксіз жағын стикерге толтыртқызамын. |
Бейнетаспа түрлі түсті суреттерге жазылған мақалдар
Ватман |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Саралау |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пән аралық пайланыс |
|||||
Сабақ үстінде жүргізу, басқаға бағыттау арқылы. |
Кері байланыс арқылы, өзара баалау арқылы жоспарладым. Оқушылар бір-біріне себептерін, не үшін екендігін айтады |
Жаратылыс тану
|
3