Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
апоплнргл нгонгл мгнлнгл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

 Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын – сауық

  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)

  • Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)

  • Әлеуметтендіру

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:

*  ойын-сабақ;

*  ойын-жаттығу,

*  сергіту ойындары,

*  дидактикалық мақсаттағы ойындар,

*  логикалық ойындар,

*  грамматикалық ойындар,  т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Оқушының ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігінің артуы оның алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті — сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер мынадай мәселелердің басын ашқанын зерделедік:

  • ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

  • жеке оқыту маңызының артуы;

  • оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.

Қазіргі  уақыттағы  сабақ  үдерісінде  қойылып  отырған  талаптардың  бірі — оқушылардың  коммуникативті  сөйлеу  біліктілігін  дамыту  мақсатында    сабақ  үдерісінде ойын  түрлерін, коммуникативті  ойындарды  қолдану. Осы  тұста  төмендегідей  коммуникативті  ойындарды   пайдалану  әбден  орынды деп  есептейміз.Мысалы:

   Interviewing  an  interesting  person. Бір  оқушы  танымал  атақты  адамның  (саясат  қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б)  ролін  ойнайды. Сыныптастары  әртүрлі  сұрақтар  қоя  отырып, оның  кім  екендігін  табуы  тиіс. Сұрақтар  былай  болуы  мүмкін:

What’s  your  hobby? What  kind  of  meal/ sport/clothes/  do  you  like? Are  you  a  man  or a  woman? Are  you  married  or   a  single? т.б.

Just  the  facts.

   Мұғалім  тақтаға  3  сұрақ  жазады, мыс: What  kind  of  music  do  you  like? Where  do  you  usually  listen  to  music? Who  is  your  favourite  singer?

Әрбір  оқушы  3  үлестірмелі  қағаздан  алып, оның  әрқайсысына, әр  сұраққа  жауап  жазады. Мұғалім  барлық  қағаздарды  жинап   алып, араластырады  да, әр  оқушыға  3-3тен  таратады.  Балалар  сынып  ішінде  сұрақ  қоя жүріп, қолындағы  карточканың  иесін  іздейді. Барлық  карточкалар  өз  иесін  тапқанда  ойын  аяқталады.

Бұл  ойынды  «Атамұра»  баспасынан  шыққан, авторлары:  Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А.   9 —  сынып  оқулығындағы  «Music   in  our  life»  тақырыбын  өткенде  немесе  музыкаға  қатысты  сабақтарда  пайдалануға   болады.  Why?

Мына  төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, оқушылардың  сүйікті  заттары, әрекеттері  туралы  айтыңыздар деп сұрақ арқылы ойынатуға болады.

What  is  your  favourite  TV  show? Why?

What  is  your  favourite  magazine? Why?

What  is  your  favourite  gift you  have  received? Why?

What  is  your  favourite  time  of  the  day? Why?

What  is  your  favourite  day   of the  week? Why?

Сұрақтарды  оқушылардың  деңгейіне  қарай  жеңілдетіп  немесе  күрделендіріп  отыруға  болады.

Сонымен  бірге, мынадай  коммуникативті  ойындар  ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  коммуникативті  сөйлеу  біліктілігін  дамытуға   көмектеседі: Interrupting  the  story, Make  a  text, Answer  the questions, Find the  theme, Make  a  story, Tell the  story on the  III-rd  form, Name  game, Introductions, Who  am  I?, Word  race, Recipe  banquet, Questions, Objects, Sentence  Completion, Learning  the  actions.

Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын  барысында бақылаған Бельгиялық  бизнесмен “It isn’t silly  at all” — “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің  таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді  әрі қызықты  болуы мүмкін.

Қытай  даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз  балаға бір ақпаратты тек  айтып  қана  қойсақ, ол ұмытып  кетуі  мүмкін, көрсетсек  есінде  қалуы  мүмкін, ал ойын  үрдісінде баланың  өзіне  жасауға  мүмкіндік  берсек, бала  өзі  үйреніп  кетуі  әбден  мүмкін. Сонымен  қатар, зерттеу барысында шетел  мектептерінде сабақ  үдерісінде қолданылатын  ойын  түрлері  мен  ойын  әрекеттері, жаттығулар оқушыларға беріліп, салыстырыла  талданды.

Міне, біз  шетел  мектептерінде  сабақ  үдерісінде   қолданылатын  коммуникативті  ойындар  мен  ойын  әрекеттерін, тапсырмалар  мен  жаттығуларға  да  тоқталып өтуді жөн санадым.

   Riddles. Read  the  first  riddle  and  have  the  class  ask  questions  to  try  and  solve  the  riddle. Riddles  promote  discussion  and  curiosity.

The  man was injected with   deadly  poison-but it did  not  kill  him ( He  was  already  dead)

Everyone  around  him knows  who he was , but no  one  knew  his  name ( He has  just  been  born)

The man had been a hostage for 10  years. His wife watched him leave  he plane, and called  to him  excitedly. He did not respond (She  saw  him  on  television)

I  run  but  no legs (nose)

The more there is the less you see (darkness)

What has hands but not skin or  bones? (сlock)

What is black and white and read  all  over? (newspaper)

   Tongue twisters. Tongue  twisters  are  phrases  or  sentences  that  are  very  difficult  to  say  fast. Tongue  twisters  are  not  only  fun  but  they  train  the  tongue  to  speak  in  English. Ask  for  three  volunteers  to  stand  up  front. Write  the  first  tongue  twisters  on  the  board  and  have  each  one  say  it  five  times. Have  the  rest  of  the  class  vote  on  the  fastest  and  funniest  for  each  one.

Toy  boat. Toy  boat. Toy  boat.

The  sixth  sick  shakes  sixth  sheep’s  sick.

Suzy  sells  seashells  on  the  seashore.

Three  free  throws.

Greek  grapes.

I  thought  a  thought. But  the  thought  I  thought  wasn’t  the  thought  I  thought  I  thought.

Сонымен  қатар,  шетелдік  мектептер  мен  оқу  орындарында  мынадай  ойын  әрекеттері  қолданылады:

What is  in  the picture, Weather, That’s  me, Expressing  Feelings, Description, Speed  up, Dicto  Gloss  Description, Chain  Drills, etc.

Осы  көрсетілген  шетелдік   мектептердегі  ойын түрлері  мен  әрекетерін  қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады:

  • шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында  өздерін  өте  еркін  ұстайды, ролдік  ойындарды  да  нағыз  образға   шынайы  түрде  ене  отырып  орындайды, ал біздің  мектеп оқушыларының коммуникативтік  ойындарды қолдану  барысында, өз  ойларын  жеткілікті  дәрежеде  жеткізе  алмауы, олардың  сөздерді  айтуда  қателесемін  деген  ойдың  туындауында, себебі  қазақ  мектебінің кейбір  балаларына  ұялшақтық  пен  ұяңдық  тән, олардың бойында   өзгелермен  жылдам  қарым-қатынасқа  түсу  сияқты қасиеттер  баяу. Міне, осы мәселені  шешу үшін,   ағылшын  тілі  сабақтарында  оқушылардың  коммуникативтік  сөйлеу  біліктілігін  қалыптастырып, дамытуда  ойын  әдісінің  ролі  өте   зор.

Атақты  американдық  жазушы Е. Градин «You  cannot  effectively  learn   a   foreign  language until  you  make a million mistakes in that   language. So hurry  up  and made your million  mistakes» деп  айтқандай, кез-келген  адам ағылшын тілін сөйлеу  әрекетінде  миллиондаған  қателерді  жіберу  арқылы  үйреніп, шыңдалады.

Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын — төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде жалпы орта мектеп  сыныптарында пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, рөлдік ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп оқушылары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш — ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс — әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:

  • қисынды ой-қабілеті дамиды;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

  • сөздік қоры баийды, тілі дамиды;

  • зейіні қалыптасады;

  • байқампаздығы артады;

  • өзара сыйластыққа үйретеді;

  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

  • бір-біріне деген оқушы сенімі артады;

  • сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор  десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттеледі. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты — қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who’s the faster?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа  грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек.   «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек,  «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек,  «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It’s red деп жауап береді.  Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!