Материалдар / Ашық сабақ "13 санының құрамы" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "13 санының құрамы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жас мамандарға үлгі, көмек ретінде қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5759
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А. С. Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп








Тақырыбы:

13 санының құрамы


Сынып: 2 «Ә»




Хантағы ауылы


Сабақ тақырыбы: 13 санының құрамы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:жауабы 13 болатын қоудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын меңгерту.

Дамытушылық : жаңа білімді өз бетімен құру және логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, шыдамды, қайсарлы болуға, оқу құралдарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті борлар, суреттер, құралдар,

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Барлығымыз бері қарайық, сабағымызды бастамас бұрын келісіп алайық, ия:

1-ереже:

Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2-ереже :

Нақты, дәл жауап береміз!

3-ереже:

Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды,

шапшаңдығымызды көрсетеміз !

4-ереже:

Сабаққа белсене қатысып,жақсы баға аламыз!

2. Өткен сабақты пысықтау.

- Балалар, өткен абақта біз өткен сабақтарды пысықтау сабағын өткен болатынбыз. Яғни мәселе есеп, теңдеу, амалдарды орындау, салыстыру бойынша есептер шығардық. Олай болса мен сендерге сурақтар қоямын қолымызды көтеріп жауап береміз.

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)

2. 1 сағатта неше минут бар?(60)

3. 7 ондық 1 бірліктен тұратын санды ата.(71)

4 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

5. 3 ондық 5 бірліктен тұратын сан (35)

6. 5 тауықтың аяғы нешеу?(10)

7. Қосудың  нәтижесі қалай  аталады? (қосындының мәні)

8. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)

9. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)

10. 2 қойдың неше аяғы бар? (8)



3. Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз 13 санының құрамымен танысамыз.Тақтада төртбұрыштар мен дөңгелектер бар. Олардың саны 13, яғни 9 төртбұрыш, 4 дөңгелек. Жоғарғы қатарға 9 төртбұрыш қоямыз. Бұған 1 дөңгелек қосамыз, неше болды. Енді 13 шығу үшін осыған тағы неше дөңгелек қосу керек. Сонымен барлығы қанша фигура болды? (13)

Мұғалім тақтаға мысалды жазып түсіндіріп кетеді:

9+4=13

9+1+3=13

13 шығу үшін 9-ға 4-ті қосу керек. Біз бөлшектеп қостық. Алдымен 1-ді қостық. 10 шықты. Содан кейін тағы 3-ті қостық. 3 болды. Яғни 9-ға 4-ті өоссақ 13 болады.

Енді балалар 13-тен 4-ті қалай азайтуға болады? Алдымен нешені аламыз? (3) Тағы неше алу керек? 13-тен барлығы неше санды алып тастадық?

Мұғалім тақтаға өрнектерді жазады:

13-4=9

13-3-1=9

13-тен 4-т3 аламыз, 9 болады. Енді бөлшектеп аламыз: Алдымен 13-тен 3-ті аламыз 10 болады, содан соң 1-ді аламыз 9 қалады

Осы мыалдарды дәптерге жазып есімізде сақтаймыз.

Осы мысалдың жанындағы үйшікті ауызша орындайық:



Үйшіктің төбесінде неге 13 саны тұр?

DrawObject1 Бұл жерде қандай амал қолданылып тұр?



9

4

8

5

7

6



2-тапсырма: (Оқушылар тақтада да дәптерде де орындайды)

3- тапсырма: Есептің шарты оқылып, тақтада көрнекіліктер арқылы

түсіндіріледі.

Бер: Банан мен қарбыз -13 Шешуі: 13-6=7

Банан – 6 Жауабы: маймылдарға 7 қарбыз берілді.

Қарбыз - ?

Сергіту жаттығуы:

4 – тапсырма: Еептерді шығар және салыстыр. Көрнекілік арқылы

түсіндіріледі.

А)Бер: Баскетбол добы – 13 Шешуі: 13-5=8

Футбол добы – 5-еуі ке Жауабы: 8 футбол добы бар.

Футбол добы - ?

Ә)Бер: Баскетбол добы -13 Шешуі: 13-5=8

Футбол добынан- 5-еуі артық Жауабы: 8 футбол добы бар

Футбол добы - ?

5-тапсырма: Балалар бұл тапсырманы орнымызда орындаймыз. Қане кім

жылдам екен?!

Қорытынды:

Қане балалар сабағымызды қорытындылайық, бүгін біз қандай санның құрамымен таныстық?

Үйге: 5-тапсырма (32 бет) күнделіктерімізді ашып жазып алайық.

Бағалау. Берілген дөңгелекшелерге қарай оқушыларды бағалаймын және сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!