Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ 5-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Мектеп: №86 жалпы орта мектебі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 20.05.17ж |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: 24 |
Қатыспағандар саны: жоқ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.5.1.2 Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қарапайым мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ пен ЕКОЕ қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ –ті қолданып, бірнеше амалдарды орындай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті қолданып, мәтінді есептер құрастырады және оны өмірмен байланыстыра біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты терминология |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ЕҮОБ, ЕКОЕ, өзара жай сандар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды, сұрақтар қоя алады. Таңбалар ережесін пайдаланып, математикалық символдарды дұрыс жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Бейбітшілік және келісім; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу; бейбітшілік және келісім; Қарым-қатынастарын жақсарту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жеке, топпен жұмыс істей білуге үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу, жаратылыстану, дүниетану, қазақ тілі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Натурал сандар, мәтінді есептердің орындалу реті, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады, ЕҮОБ пен ЕКОЕ таба алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10мин |
І Ұйымдастыру кезеңі. 1) Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Амандасудың түрлері»жаттығуы. 2) Үшбұрышты қағазға жай сандар, төртбұрышты қағазға 2- ге бөлінетін сандар, дөңгелек қағазға 9-ға бөлінетін сандар, жұлдызшаға 5-ке бөлінетін сандар жазылып таратылады, осы топтарды өздері анықтап 6 оқушыдан 4 топқа бөліну қажет. Ітоп «Жай сан», ІІтоп «Жұп сандар», ІІІтоп «Құрама сандар», ІVтоп «Тақ сандар» 3) Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы өзара тексеруді ұйымдастыру. Үй тапсырмасының дұрыс шешімі интербелсенді тақтада көрсетіледі. «Білегіңе емес, біліміңе сен» жаттығуын орындату барысында өткен тақырыпты пысықтау. І топ «Т»
ІІ топ «А»
ІІІ топ «Л»
IV топ «А»
«П» барлық топтарға
Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау. Мысалы: «Талаптыға нұр жауар», «Талап таудан да асырар», Талап-талмас қанат, Талапты –тас жарар, талапсыз- бас жарар, Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар . Жаңа тақырыпты ашу мақсатында мысалды үлкен топта талқылау. Сара, Қайрат және Нұрлан бағалары бірдей бірнеше дәптерден сатып алды. Сара 56тг, Қайрат 63тг, Нұрлан 21 тг төледі. Бір дәптердің бағасы неше теңге? Балалардың әрқайсысы неше дәптер сатып алды? |
Интерактивті тақта, слайд 5-сынып Математика Геометриялық фигура қиындылары
Қағаз қиындылары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин |
Топтық жұмыс І топ 238. Мектеп асханасында кезекшiлiк тағайындау үшiн әр топта қыз балалардың саны және ер балалардың саны бiрдей болатындай етiп 27 қыз баладан және 48 ер баладан топтар құру керек. Осындай топтардың ең үлкен саны қандай болады? ІІтоп 239. Барлығы 68 қыз бала және 102
ер баладан тұратын құрамдары бiрдей командалар теннистен жарысқа
қатысты. Әр командадағы қыз балалар мен ер балалардың саны
бiрдей. ІІІтоп 247. Бiрiншi сынып оқушыларына сыйлау үшiн папкаға есеп дәптерi, жазу дәптерi және қарындаштар салынды. Барлығы 212 есеп дәптер, 318 жазу дәптер және 159 қарындаш сатып алынды. 1) Қанша сыйлық жасалды? ІVтоп 256. Кiтапта 140 бет бар. Айман бiрiншi күнi кiтаптың жартысын, ал екiншi күнi кiтаптың оқылмаған бөлiгiнiң жартысын оқыды. Айман үшiншi күнi кiтаптың қанша бетiн оқыды? «Жекелеген рекордтар» жаттығуын орындату барысында әр оқушы өз деңгейлері бойынша есептерді шығарады І деңгей тапсырмалары 2. Әлия мен Дина бір
жерден шығып, қадамдарын бірдей бастап, қатар жүрді. Әлияның қадамы
45 см, Динаның қадамы 60см. Қандай ең қысқы қашықтықта олар бүтін
санды қадамдар жасайды? ІІ деңгей тапсырмалары 24 қызыл шар, 42көк шар
және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл
шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең
көп дегенде неше тізбе
дайындалды? ІІІ деңгей тапсырмалары Үсеннің 39 көк, Асанның 52 сары асығы бар, ал Серікте Үсеннің асықтарынан 26асық көп және боялмаған. Олар асықтарын өздері мен достарына тең бөлді. Неше бала әр түстен неше асықтан алды? Жауабы: 1. 96=22*3 2. ЕҮОБ (56;160)=23=8 ЕКОБ (56;160)=25*5*7=32*5*7=1120 3. 12 бала 13 асықтан алады. Сергіту сәті. «Санамақ» психологиялық ойыны арқылы көңілді атмосфера қалыптастыру. 1-20 дейін бәріміз санаймыз тек 3-ке бөлінетін сандарға келгенде қол шапалақтаумыз қажет, 7-ге бөлінетін сандарға келгенде басымызды шайқаймыз. |
Оқулық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5мин) |
Сабақты бекіту.
Оқушылар есепті дұрыс шығарса төмендегі сөз шығуы тиісті: Келісім |
Плакат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қарым-қатынас мәдениеттілігін ұстануларына түрткі болу, тапқырлық танытуын мадақтау, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту, есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету...) |
1.Бағалау парақшасы арқылы бағалау. 2.Стикерлерге жазу арқылы кері байланыс алу. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады. 1. Бүгін үйрендім … 2. Қиын болды… 3. Ұсынысым …
|
Интерактивті тақтаны тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлекция Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескерәңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |