Материалдар / Ашық сабақ 8 сынып Ақтар мен қызылдар неліктен қақ жарылды.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 8 сынып Ақтар мен қызылдар неліктен қақ жарылды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұгалімдер арасында ой бөлісуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
1033
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі -
1917 жылғы Ресейдегі революция

Күні:

Сынып: 8


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Мектеп: №46 Ә.Қастеев ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні:Талипбаева Макпал


Сабақ тақырыбы

Неліктен қоғам «қызылдар» мен «ақтарға» қақ жарылды.

Оқу мақсаттары

8.1.1.1. – тарихи оқиғаның нәтижелерінің талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау.

Сабақ мақсаты

тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін білу,саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін талдау.

Бағалау критерийлері


Қазан төңкерісінің әсерінен тарихи оқиғаның нәтижелерін талдайды , саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін анықтайды:

Тілдік

мақсаттар


Оқушылар:

Қазан төңкерісінен кейінгі елдегі саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін талдауда айтылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын қалыптастырады.

Пәндік лексика мен терминология:

Патша, автократия, аристократ, шаруа, пролетариат, зиялықауым

Социализм, марксизм, ленинизм, демократия, меньшевик, большевик, эсеры,интервенция ұғымдарымен танысады.

Диалог/жазылым үшін пайдалы сөз тіркестері:

Қазан төңкерісінен кейінгі елдегі әлеуметтік құрылымы мен

саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін .......

Ойлау дағдысының деңгейі

Түсіну,Қолдану,Талдау

Құндылықтарға ғ баулу


Ұлттық қауіпсіздік және елдің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы

Пәнаралық

Байланыстар

География,Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім


1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері. Еңбекшілер құқығы туралы Декларация.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы






10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.2 мин

Сыныпта жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру.

Зымырын сұрақтар әдісі бойынша

Үй тапсырмасын сұрау

1.1917жылы 23 ақпанда Ресейде қандай оқиға болды? (Ақпан буржуазиялық –демократиялық революция)

2.Нәтижесінде Ресей мемлекетінің жоғарғы органына қандай үкімет келді?(Уақытша үкімет)

3.1917 жылғы тамызда Ресейде мықты билікті қалпына келтіру ,большевиктердің билікке жол бермей әскери диктатура тырысқан тұлға кім?(Л.Г.Корнилов)

4.Уақытша үкімет билігі қай жылы жойылды?(1917 ж 7 қараша)

5.Октябристер деген не?(Ресейде либерализмнің оң қанатында өкілдік еткендер,одақ)

6.Ресейдегі Ақпан және Қазан революциялары Қазақ еліне әсер еттіма?(ия)

7.Елдегі Қазан төңкерісінен кейін билікке келген үкімет?(Большевиктер үкіметі)

8.Халық Комиссарлар Кеңесінің жетекшісі кім?(В.И.Ленин)

9.Бітім және Жер туралы жарғыда не қаралды(соғыстан шыққандығы ,шаруалардың жерге жекеменшік құқығы жойылды)

10.Жұмысшылар құқықтарының декларациясы қашан қабылданды?Декларация жобасын кім жазды.(1918 ж 3 қаңтар,В.И.Ленин)






Сабақтың ортасы




6 мин










13 мин























5 мин

Визуальді әдіс.

Интерактив тақтадан бейнеролик көрсету.

Бейнеролик желісімен сұрақтар беру.

  1. Қазан төңкерісіне дейін ресейдегі басқару жүйесі қандай болды.

  2. Қазан төңкерісінен кейін елдегі атқару билікті қандай үкімет алды?

«Инсерт-түртіп алу» әдісі .Жұптық жұмыс .

1-тапсырма «Инсерт-түртіп алу» әдісі бейнебаяндағы көрген деректері бойынша төмендегі кестені толтырады.

Білемін

Жаңалықтар

Түсінбейтінім




Дескриптор.

Қазан төңкерісінен кейінгі елдегі саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін бейнебаяндағы көрсетілген деректері бойынша кестеге жинақтайды.

Сыныпты бүгінгі тақырыпқа сай 2 топқа бөлемін.

1-ші топ- «Ақтар»

2-ші топ-«Қызылдар»

«Талқылау оқыта үйрету»  әдісі. Топтық жұмыс: 

2-тапсырма: Қазан төңкерісінен кейінгі елдегі саяси күштер арасындағы тартыстың нәтижесін талдауда «Талқылау оқыта үйрету» әдісі арқылы өз тобымен оқулықпен жұмыс жасайды.

1.Неліктен Қазан төңкерісі елді екі лагерге бөлді?

2.Большевиктердің міндеті қандай болды?

3.Неліктен халық большевиктерді қолдады.

4.Сол кезде неліктен халық уақытша үкіметті жақтамады.

5.Большевиктер үкіметі әлеуметтік топтардың үмітін ақтадыма?

6.Ресейдегі сала қай салада өзгерді және қай топтарда өзгерді?

7..Революцияның Алаш партиясымен байланысы болды ма?


Бағалау критерииі

Дескриптор

әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан социалистік революциясының әсерін сипаттап баяндайды

- қазан Революциясының болу себебін анықтайды

- Әлеуметтік құрылымның өзгерісін сипаттайды

- Революцияның Алаш партиясымен байланысын салыстырады


Қ.Б Кері байланысты екі жұлдыз,бір тілек әдісі арқылы топтар арасында беремін.

«Сөздер банкасы» әдісі. Жеке жұмыс

Берілген ұғымдардың бүгінгі сабаққа қатыстысын банкіге сала отырып,мағынасын түсіндіреді.Олар:

буржуазия ,капитал, ленинизм, патша, автократия, аристократ, шаруа, пролетариат, зиялықауым,социализм, марксизм, ленинизм, демократия, меньшевик, большевик, эсеры,интервенция инфлияция,банкрот,бағалы қағаз










Дискрептор:

- Берілген ұғымдардың мағынасын түсінеді.

Қ.Б Кері байланысты дұрыс жауаппен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалайды


Интерактивті тақта

https://youtu.be/d08_cCIh0jo










Дүниежүзі тарихы 8-9 сынып 1-бөлім оқулық

Алматы «Мектеп» баспасы

Н.А.Алдабек,К.Н.Мақашева,Қ.И. Байзақова 48-55 беттер

























Қиынды қағаздар,

Сабақтың

соңы


6 мин.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

Миыңның суретін сал

Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерімен білдіретін сөздермен толтырады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын жалпылап, қорытындылайды.

Үй тапсырмасы :Қазан төңкерісінен кейінгі үкімет басына келген большевиктердің саясатының кемшіліктер мен жетістіктері жайлы төмендегі кестеге сала отырып жазып келеді.

Қазан төңкерісінен кейінгі үкімет басына келген большевиктердің саясатының

жетістіктер

кемшіліктері






Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға:

Ресейдегі Ақпан және Қазан революциялары Қазақстанға да әсер еттіма деген тақырыпта тапсырма беріледі

Көпшілік оқушыларға:

тапсырма.Ашық түрдегі тест тапсырмалары.

1.Азамат соғысы ол-....

2.1918-20 жылдардағы азамат соғысы жылдарында большевиктерге қарсы шыққан топ-....

3.1918 жылы 5 қаңтарда жойылған майдан-...


Қолдауды қажет ететін оқушыларға:

Сәйкестіндір


Тапсырма

жауаптары

интервенция

Қол сұғу,араласу

1917 ж 23 ақпан

Ақпан буржуазиялық революциясы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!