Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. 9 сынып Физика Еркін және еріксіз тербеліс. Резонанс.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шымкент қаласы №103 ЖОББМ КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс
Бөлімі: |
V. |
Педагогтің аты-жөні: |
Бекбосынова Б.Н. |
Күні: |
5.02.2024ж |
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау; 9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар істей алады: Еркін және еріксіз тербеліске сипаттама береді. Көптеген оқушылар істей алады: Резонанс құбылысын түсіндіреді Кейбір оқушылар істей алады: резонанстың пайдасы мен зиянына мысал келтіреді |
Бағалау критерийлері |
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру – сыныптағы оқушыларды түгендеу; бүгінгі сабақтың барысы – жоспарымен, орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру. Осы тақырыптың алдында өтілген материалдарды пысықтау, үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында оқушылармен жұптық жұмыс орындау Серіппелі маятниктің қозғалысы кезінде энергияның түрленуін қарастырыңыздар. Кестеде келтірілген шамалар қалай өзгеретіндігіне қарай оны толтырыңыздар. Төмендегі белгілерді қолданыңыздар
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. |
Кестенің толтырылуын тексеру – бағалау – әр жұптағы оқушылар өз жұмыстарын келесі жұпқа бередді, бірін-бірі тексереді, мұғалімнің ұсынған жауаптарымен салыстырады. Бірін-бірі – өзара және өзін –өзі бағалау жүзеге асырылады. |
Оқулық Слайд
Таратпа материал – кестені толтыру
|
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Жаңа тақырып Келесі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Мұғалім тербелістің екі түрімен таныстырылады.
Оқушылар осы екі түріне мысалдар келтіреді.
Демонстрациялық тәжірибе көрсету. Резонанс құбылысын Бартон маятнигі арқылы демонстрациялау. Төмендегі суретте көрсетілгендей тербелмелі жүйені құрастырыңыз. Жүргізуші маятник – ұзындығы 0,5 м темірден немесе басқадай металдан жасалады. Қалған маятниктердің ұзындықтарын 0,25 см-ден 0,75 см-ге дейін әр түрлі ұзындықта алу керек. Жетекші немесе жүргізуші маятникті тепе-теңдік қалпынан шығарып, тәжірибені осы қондыпғыны қырынан қарап тұрып бақылау керек. Сонда тербелістер, амплитудалары жақсы көрінеді.
Оқушыларға резонанс құбылысын анықтап көруді тапсырыңыз. Яғни, фазалық ығысуларды, тербелістердің амплитудаларының кемуін – тербелістің өшуін, тербелістің өшуіне не ықпал ететіндігін өте мұқият бақылаулары керек. Конустық маятниктердің қайсысы жетекші маятникпен резонансқа түседі? - деп сұраңыз. Маятниктер әр түрлі амплитудамен тербеледі. Конустық маятниктердің ішінде жетекші маятникпен резонансқа жібінің ұзындығы жетекші маятникпен бірдей немесе шамалас маятник қана түседі. Сонымен қатар, резонансқа түскен маятниктің тербеліс фазасы жетекші маятниктің фазасына қарама-қарсы болады. Резонанс құбылысында да энергияның сақталу заңы орындалады. Міне, осы тәжірибеден мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталатын құбылысты көреміз. Резонанс құбылысына сипаттама беретін видео көрсетіледі https://www.youtube.com/watch?v=nQaJloZD-xY
|
Оқушылар видеоны екі- үш сөйлеммен қорытындылайды. Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері туралы мағлұмат беріледі. Осыдан кейін резонанстың теріс және пайдалы әсерлері туралы видео көрсетіледі және талданады. (Т/Ө) Оқушылар ғаламтордың және кітаптардың көмегімен резонансты пайдасы мен зиянын зерттей алады. Олар Такома қаласы арқылы бұғаз туралы видеоны көрген соң резонанс кездесетін басқа мысалдарды ұсынуы мүмкін, мысалы: машина айнасы немесе киім кешекке арналған центрдентепкіш кептіргіш машина, бір мотордағы бір жиілікте вибрацияланатын қозғалтқыш. Өшетін тербелістердің резонансқа ұшырау әсерін білу жер сілкінісі кезінде ғимараттарды зақымдалудан қорғау үшін пайдалы.
|
Керілген жіпке ілінген бірнеше конустық маятниктерден және жетекші маятниктен тұратын Бартон маятнигі моделі http://practicalphysics.org/Barton-pendulums.html
Такома көпірінің құлау видеосы: http://www.youtube.com/watch?v=ASd0t3n8Bnc&list=PL7FC90911A89C6D7F&index=2&feature=plpp_video немесе http://www.youtube.com/watch?v=j-zczJXSxnw
Бартон маятнигі-видео https://www.youtube.com/watch?v=SS1kmiNFbgQ
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы. 5 мин
Рефлекция
Бағалау
|
Сабақты қорытындылау. Рефлексия Кері байланыс беру. Сөздерді жалғастырыңыз: - Бүгінгі сабақта мен ... - Мен үшін ең қиын болғаны ... - Енді мен білемін .. - Маған .... туралы әлі де оқу керек
-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. |
Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. |
Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл |
Үлестірме стикерлер
Оқулық «Жетістік сатысы» немесе «Жетістік көпірі» немесе «Жетістік ағашы» |
|||||||||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||
Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, Мотивациясы жоғары оқушылар: Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады. Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.
|
Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады «Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді |
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. |
|||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Физика, 9-сынып, 3-тоқсан, 2023-2024 оқу жылы
Қалыптастырушы бағалау
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаты |
Бағалау нұсқаулығы 1-нұсқа |
9.3В - Тербелістер |
1) Математикалық маятник дегеніміз не? 2) Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласын жазыңыз. 3) Математикалық маятниктің тербелісіне қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз. А) Математикалық маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді. В) Математикалық маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді емес. С) Математикалық маятниктің тербеліс периоды дене массасына тәуелді. D) Математикалық маятниктің тербеліс периоды маятник ұзындығына тәуелді Е) Егер маятник ұзындығын 9 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 3 есе кемиді F) Егер маятник ұзындығын 9 есе арттырсақ, онда тербеліс жиілігі 3 есе кемиді G) Математикалық маятниктің тербеліс амплитудасы 4 есе артса, онда тербеліс периоды 2 есе артады. H) Ұзындықтары бірдей маятниктердің тербеліс периодтары бірдей болады. J) Егер маятник ұзындығын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 4 есе артады. 4) Егер математикалық маятниктің тербеліс периоды 6,28 с болса, оның ұзындығы қандай? (g=10 м/с2; π=3,14) 5) Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласын жазыңыз. 6) Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге асылған 4 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды? 7) Серіппелі маятниктің тербелісіне қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз. А) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді емес. В) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді. С) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды дене массасына тәуелді. D) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды серіппе қатаңдығына тәуелді Е) Егер серіппе қатаңдығын 9 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 3 есе артады F) Егер серіппе қатаңдығын 9 есе арттырсақ, онда тербеліс жиілігі 3 есе артады G) Серіппелі маятниктің тербеліс амплитудасы 9 есе артса, онда тербеліс периоды 3 есе артады. H) Егер дене массасын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 4 есе артады. |
|
Дағдылар |
Жетістік критерийлері |
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер |
||
Білу |
Мат.маятник анықтамасын біледі |
|
Білу |
Мат.маятник формуласын біледі |
|
Түсіну, қолдану |
Дұрыс тұжырымдарды анықтайды |
|
Қолдану |
Есепті дұрыс шығарады. |
|
Білу |
Серіппелі маятниктің формуласын біледі |
|
Қолдану |
Есепті дұрыс шығарады |
|
Түсіну, қолдану |
Дұрыс тұжырымдарды анықтайды |
Физика, 9-сынып, 3-тоқсан, 2023-2024 оқу жылы
Қалыптастырушы бағалау
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаты |
Бағалау нұсқаулығы 2-нұсқа |
9.3В - Тербелістер |
маятниктердің түрлері, олардың тербелістерін сипаттау; |
1) Математикалық маятник дегеніміз не? 2) Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласын жазыңыз. 3) Математикалық маятниктің тербелісіне қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз. А) Математикалық маятниктің тербеліс периоды дене массасына тәуелді. В) Математикалық маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді емес. С) Математикалық маятниктің тербеліс периоды маятник ұзындығына тәуелді. D) Математикалық маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді. Е) Егер маятник ұзындығын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс жиілігі 4 есе кемиді. F) Егер маятник ұзындығын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 4 есе кемиді. G) Ұзындықтары бірдей маятниктердің тербеліс периодтары бірдей болады. H) Математикалық маятниктің тербеліс амплитудасы 9 есе артса, онда тербеліс периоды 3 есе артады. J) Егер маятник ұзындығын 25 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 5 есе артады. 4) Егер математикалық маятниктің тербеліс периоды 12,56 с болса, оның ұзындығы қандай? (g=10 м/с2; π=3,14) 5) Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласын жазыңыз. 6) Қатаңдығы 2500 Н/м серіппеге асылған 16 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды? 7) Серіппелі маятниктің тербелісіне қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз. А) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды дене массасына тәуелді. В) Егер серіппе қатаңдығын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 16 есе артады. С) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді емес. D) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды серіппе қатаңдығына тәуелді Е) Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тербеліс амплитудасына тәуелді F) Егер серіппе қатаңдығын 16 есе арттырсақ, онда тербеліс жиілігі 4 есе артады G) Егер дене массасын 9 есе арттырсақ, онда тербеліс периоды 3 есе артады. H) Серіппелі маятниктің тербеліс амплитудасы 4 есе артса, онда тербеліс периоды 4 есе артады. |
Дағдылар |
Жетістік критерийлері |
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер |
||
Білу |
Мат.маятник анықтамасын біледі |
|
Білу |
Мат.маятник формуласын біледі |
|
Түсіну, қолдану |
Дұрыс тұжырымдарды анықтайды |
|
Қолдану |
Есепті дұрыс шығарады. |
|
Білу |
Серіппелі маятниктің формуласын біледі |
|
Қолдану |
Есепті дұрыс шығарады |
|
Түсіну, қолдану |
Дұрыс тұжырымдарды анықтайды |
9.3С.бөлім Тербелістер Маятник түрлері. Есептер шығару
1.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын есептеңіз.
2.Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
3.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырса , оның тербеліс жиілігі қалай өзгереді?
4.Массасы 2 кг жүкті серіппеге ілгенде, серіппенің ығысуы 0,1 м боды.Серіппенің периоды және жиілігі қанша болды?
5. Бірдей уақыт ішінде бір математикалық 50 ,ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, олардың ұзындықтарын табыңыздар.
9.3С.бөлім Тербелістер Маятник түрлері. Есептер шығару
1.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын есептеңіз.
2.Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
3.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырса , оның тербеліс жиілігі қалай өзгереді?
4.Массасы 2 кг жүкті серіппеге ілгенде, серіппенің ығысуы 0,1 м боды.Серіппенің периоды және жиілігі қанша болды?
5. Бірдей уақыт ішінде бір математикалық 50 ,ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, олардың ұзындықтарын табыңыздар.
9.3С.бөлім Тербелістер Маятник түрлері. Есептер шығару
1.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын есептеңіз.
2.Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
3.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырса , оның тербеліс жиілігі қалай өзгереді?
4.Массасы 2 кг жүкті серіппеге ілгенде, серіппенің ығысуы 0,1 м боды.Серіппенің периоды және жиілігі қанша болды?
5. Бірдей уақыт ішінде бір математикалық 50 ,ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, олардың ұзындықтарын табыңыздар.
«Резонанс» тақырыбы бойынша калыптастырушы бағалау |
|
Оқу мақсаттары |
9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау; 9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау |
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Бағалау критерийі |
Оқушы
|
Тапсырмалар:
№1. Резонанс деп қандай құбылысты айтады?
№2. Резонанс қандай жағдайда көрініс алады, не себепті пайда болады, толық сипаттаңыз.
№3. Төмендегі графикті талдаңыздар.
а) бұл графикте қай шаманың неменеге тәуелділігі көрсетілген?
б) ω және ω0 әріптерімен нені белгілеген?
в) ең астыңғы, яғни, күлгін түспен берілген 4-ші график нені көрсетеді? Одан жоғарырақ жатқан графиктер (1-2-3) нені білдіреді?
№4. Мына резонанстық жағдайларды түсіндіріңіздер:
Домбыраның, скрипканың, қобыздың дыбысының күмбірлеп қатты естілуі; поезд вагондарының шайқалуы; жүрген кезде шелекке құйылған судың шайқалып төгілуі; жер сілкінісінен ғимараттардың құлауы; атты әскердің көпір үстімен сап түзеп жүруінен көпірдің қирап сынуы; судағы кеменің толқындарда күшті шайқалуы; зәулім ғимараттарды тұрғызарда жасанды жер сілкінісін туғызып, топырақты тығыздау; дыбыстың әсерінен шыны ыдыстардың сынуы; магниттік резонанстың томография; жүрекке жасанды массаж жасау кезінде жүрек қабының жарылы кетуі.
№5. Өздеріңіз бақылаған резонанстың өмірдегі көріністерін атап шығыңыздар да, сәйкесінше төмендегі кестеге жазыңыздар:
Пайдалы резонанс |
Зиянды резонанс |
|
|
|
|
|
|
Жеке жұмыс «Есептер шығару»
1. Индуктивтілігі 0,1 Гн катушка мен сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периодын табыңдар?
2. Индуктивтілігі 0,04 Гн болатын тербелмелі контурдың ерікті тербелістерінің жиілігі 800 Гц. Осы контур конденсаторының сыйымдылығы қандай?
Деңгейлік есептер. Жұптық жұмыс
І нұсқа
-
6 секунд ішінде материалық нүкте 12 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?
-
Ұзындығы 0,5 м математикалық маятниктің периоды неге тең?
-
Контурдағы конденсатор сыйымдылығы 200 мкФ, тербеліс периоды 1с. Контурдың индуктивтілігін анықтаңдар?
Деңгейлік есептер. Жұптық жұмыс
ІІ нұсқа
-
Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің қатаңдығын анықта.
-
Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің периоды неге тең?
-
Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.