Материалдар / Ашық сабақ " Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны"

Ашық сабақ " Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
– Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; дамытушылық - оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2018
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаныСабақтың мақсаты: білімділік – Абай Құнанбаевтың Ескендір дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; дамытушылық - оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың әдісі: 6 НЕЛІКТЕН стратегиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру, талдап оқу, іздендіру, сатылай кешенді талдау, эссе.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтарПәнаралық байланыс: тарих, музыка, кино өнеріСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа) сәлемдесу;ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру6 НЕЛІКТЕН стратегиясы1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?3. Неліктен Абайдың Сегіз аяқ өлеңі ең бір күрделі де көркем шығарма болып есептеледі?4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал - мәтел сияқты нақылға айналып кеткен?5. Неліктен Абай не істесең де, бәрін ақылмен істе деген ұлағатты ой айтады?6. Неліктен Абайды қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы деп бағалайды?ІІІ. Жаңа сабақа) Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау (Ескендір туралы аңызды айтып беру, Қос мүйізді Ескендір күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту).ә) Ескендір дастанын мәнерлеп оқу.б) СКТ (сатылай кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.Ескендір дастаны1. Авторы – Абай Құнанбаев2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.3. Жанр түрі – поэма (дастан)4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.5. Шумақ саны – 426. Тармақ саны – 1687. Буын саны – 3 бунақты8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)9. Шығарманың композициялық құрылысы:9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. Бұл – Құдайға бастайтын қақпа деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.10. Шығарма кейіпкерлеріАбай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, ақылы мол, жеке - дара, хакім адам деп бағалайды.Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер деп суреттеледі.11. Әдеби теориялық ұғымдарТеңеу – дарияның суындай қандар ақты;таспадай бейне арықтан шыққан құлап.Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.12. Түсіндірме сөздікЖеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обырАраны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығуДаңғой – елірме, есер, желікбасДолы – ыза кернеген, булықпа, ызақорАнт ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбағанКәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәніСоңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.Кубизм.Суретте.Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны. (Аристотель ,Александр )Салыстыр. Ескендір мен Арестотельді салыстыру (Вен диаграммасы)Зертте. Абай ақын туралы не білесің?Қолдан.Ескендірдің психологиялық жай күйін ақын қалай берген?IV. Сабақты бекіту1.Абайдың ойынша халықты кім басқару керек?2.Осы поэмалардан қандай қорытынды шығаруға болады?3.Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ