Материалдар / Ашық сабақ. "" Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "" Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. "" Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы" жайлы қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2024
161
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы

Пәні:

Химия

Бөлім:

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Педагогтің аты-жөні:

Жұмамұрат Гүлхан Ақназарқызы

Күні:

01.02.2024

Сыныбы: 7 З

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.1 -И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Периодтық жүйенің құрылу принципін анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің заманауи кестесі мен Д.И.Менделеев кестесінің құрылымын біледі

Кейбір оқушылар үшін:

Элементтердің жіктелуін анықтайды

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

4 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Шапалақ соғу” әдісі арқылы оқушылардың сабаққа дайындығын білу арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіру.

Топтастыру.

«SMART бейдж» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа біріктіру

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Д.И.Менделлев тобы

II – И.В.Дёберейнер тобы

III – Дж.А.Нюлендс тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушылардың сабаққа дайындығын жылдам анықтауға мүмкіндік береді, көңіл күйін көтереді.

SMART бейдж


Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

(Ж.ж)


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қою арқылы

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Қышқыл дегеніміз не?

2. Қышқылдар нешеге бөлінеді?

3.Сілтілер дегеніміз не?

4. Индикаторлар дегеніміз не?

5. Шіріген жұмыртқаның иісі шығатын қышқыл? (Күкірт сутек қышқылы)

6. Ас қорытуға тікелей қатысатын қышқыл? (HCl)

7. Асқазанда тұз қышқылының мөлшері көп болған жағдайда не істейміз? (құрамында сілтісі бар дәрі-дәрмек қолданамыз)

8. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын қышқыл (сірке қышқылы)

9. Көк түсті гортензия гүлінен қызыл түсті гүл алу үшін не істеу керек? (Сілтілі немесе қышқылды топыраққа отырғызу керек)

10. Сабынның құрамында қандай химиялық қосылыстар кездеседі? (сілтілер)

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

11 мин.

Жаңа тақырыпты түсіну үшін видеоролик қойылады

Оқушылар видеороликті көріп болғаннан кейін, видеодағы мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады

Периодтық жүйенің құрылу принципін анықтайды


https://www.youtube.com/watch?v=PT4CznaR02A




7 мин

(Т.ж)

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы берілген тапсырманы орындатады, бақылайды.

Оқушыларға қазіргі жаңартылған кете мен оқулықта берілген периодтық кестенің айырмашылыңын айтып өту

Тапсырма

Периодтық жүйенің берілген сұлбасына: әр топ период, қатар, топ санын жазып шығады

ә) сутек, фтор, хлор, бром, йод, элементтерін кестеге түсіріңдер

б) литий, натрий, калий, рубиди, цезий, франций элементтерін;

в) литий, берилий, бор, көміртек, азот, оттек, фтор, неон элементтерін көрсетіңдер.

Әр топтан ортаға шығып оқушылар қорғайды

Дескриптор:

1.Кестеге период, қатар, топтардың санын түсіреді

Тапсырма толық дұрыс орындалған жағдайда 3 балл


















ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



5 мин

(Ж.ж)

«Сандар сөйлейді» әдісі арқылы Дёберейнердің триадасы бойынша ортаңғы тұрған элементтердің атомдық массаларын есептеп шығады

Менделеев тобы: Ca, Sr, Ba

Дёберейнер тобы: P, As, Sb

Нюлендс тобы: Cl, Br, I

Дескриптор: Триаданың ортаңғы мүшесінің салыстырмалы атомдық массасын есептейді

Тапсырма дұрыс орындалған жағдайда 3 балл

Т апсырмалар парақшалары


5 мин

(Т.ж)

«Адасқан әріптер» әдісі арқылы элементтердің дұрыс атауын жазып, оның металл немесе бейметалл екенін анықтайды

1-топ

Эл.атауы

Ме/БМе

ремті

онне

кетот

лйанимюи

тікүкр


2-топ

Эл.атауы

Ме/БМе

йлиак

тоза

кельни

роб

сым


3-топ

Эл.атауы

Ме/БМе

шырым

мйгнаи

роффос

летрул

ускет



Дескриптор:

Әріптерді рет ретімен орналастырып, элементтің атауын жазады.

Табылған элементтің металл немесе бейметалл екендігін жазады

Жалпы: 4 балл

Тапсырма парақшалары





Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.







«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

«Білім шыңы» әдісі арқылы оқушылар әр тапсырмадан алған баллдарын қоса отыра сабақта алған баллдарын қорытындылайды.

Үйге тапсырма: 13 тақырыпты оқу

Біліміңді тексер тапсырмаларына жауап беру

Мұғалім 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалайды.

Б ағалау парағы







Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!