Материалдар / Ашық сабақ : Ми.Үлкен ми сыңарлары 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ : Ми.Үлкен ми сыңарлары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Ми.Үлкен ми сыңарлары 7 сынып Сабақ тақырыбы: «Ми. Үлкен ми сыңарлары» Сабақ мақсаты • 7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру • Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру. • Жоғары жүйке қызметінің топтарымен таныстыра отырып, жүйке жүйесінің гигиенасын сақтай білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2022
1553
64 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


1

Сыныбы:

7 А сынып


Күні :12.02.2021

Пәні :

Биология

Мұғалімнің аты-жөні

Ибишева Эльвира Билаловна

Оқулық

Биология. А.Соловьева, Б.Ибраимова, Ж.Алина

Сабақ тақырыбы:

«Ми. Үлкен ми сыңарлары»

Сабақ мақсаты

  • 7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

  • Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру.

  • Жоғары жүйке қызметінің топтарымен таныстыра отырып, жүйке жүйесінің гигиенасын сақтай білуге баулу.


Оқу қажет

Ресурстар

Биология.7-сынып. Алматы «Атамұра» баспасы.

BilimLand.kz цифрлық білім беру платформасы, ZOOM платформасы

Сабақ барысы:


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Табыс критерийлері (4 мин)


  • Ми бөліктерінің қызметін біледі

  • Үлкен ми сыңарлары қыртысының маңызын түсінеді

  • Үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтарын ажыратады

  • Жүйке жүйесіне әсер ететін зиянды заттардың әсерін сипаттайды

  • Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтайды





Алдыңғы білімді еске түсіру:

Миға шабуыл

  • 1. Нейрондардың қызметі.

  • 2.Нейроглия дегеніміз не?

  • 3.Жүйке ұлпаларының негізгі қызметі неде?

  • 4.Дендрит дегеніміз не?

  • 5.Аксон дегеніміз не?

  • 6.Жүйке дегеніміз не?

  • 7. Орталық бөлім немесе орталық жүйке жүйесіне қай басты мүшелер кіреді?

  • 8. Жұлын қайда орналасқан?

  • 9. Жұлында барлығы неше сегмент бар?

  • 10. Жұлынның қызметі қандай?

  • 11.Өткізгіштік қызмет дегеніміз не?

  • 12. Рефлекстік қызмет дегеніміз не?


слайдтар

Сабақтың ортасы

20 мин

Ми – эволюция мұраты. Бұл ОЖЖ-нің екінші әрі маңызды бөлімі. Ол бассүйегінде орналасқан.

Адам миы
Ми—мінез-құлыққа жауапты орталық жүйке жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, көпір ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

  • Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

  • Маңдай бөлімі адамның жоғары жүйке қызметіне жауапты. Онда ойлау, мінез-құлық мотивациясы, зейін, қиялдау орталықтары орналасқан. Маңдай бөлімі –күрделі қимыл-қозғалысты (жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың қимыл-қозғалысы, автомобиль жүргізу, техниканы басқару) басқарады.

  • Төбе бөлігі тері–бұлшықет сезімталдығына жауап береді. Осы жерге тері рецепторларынан ақпарат келіп түседі. Біздің ағзамыздағы ең сезімтал ағзалар –(қол саусақтары, тіл, ерін) бұл бөлімде сезімтал жүйкелер арқаға қарағанда көп орын алады.

  • Шүйде бөлігі-көру орталықтары орналасқан орын. Көру аймағы

  • Самай бөлігі- есту орталықтары. Есту аймағы

  • Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады..

Ми қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі деп есептелінеді.


Бейне ролик

Бейне ролик

Бекіту сұрақтары

«Стоп-кадр» әдісі

  • Сөйлеу орталығы қай бөлімде орналасқан?

  • Біздің ағзамыздағы ең сезімтал ағзалар (қол саусақтары, тіл, ерін) қай бөлімде орналасқан?

  • Көру орталығы орналасқан бөлік қайсы?

  • Есту орталығы қай бөлікте орналасқан?

Тексеру

  • 1. Маңдай бөлімі

  • 2. Төбе бөлімі

  • 3. Шүйде бөлігі

  • 4. Самай бөлігі

Биологиялық диктант

  • Ми бассүйектің ... ........ ішінде орналасқан.

  • Мидың орташа салмағы шамамен ..... - .... .

  • Ми .... зат пен ... заттан тұрады.

  • Мидың ақ затынан өткізгіш жолдары түзіліп, ... мен ..... байланыстырады.

  • Ми бассүйектің ми сауытының шінде орналасқан.

  • Мидың орташа салмағы шамамен 1300- 1400 г .

  • Ми ақ зат пен сұр заттан тұрады.

  • Мидың ақ затынан өткізгіш жолдары түзіліп, ми мен жұлынды байланыстырады.

Класстер” құру
Бос орындарға тиісті сөздерді жазыңдар

  • 1. Адамда.......ми сыңарлары өте жақсы жетілген және....сүйек сауытының.....бөлімінде орналасқан.

  • 2.Мидың .....зат сыртында, ал ..... зат ішінде болады.

  • 3.Үлкен ми сыңарларының терең жүлгелері төрт ....., ......, ......, ....... бөлімге бөлінеді.

Тексеру

  • 1. Адамда үлкен ми сыңарлары өте жақсы жетілген және бассүйек сауытының қуыс бөлімінде орналасқан.

  • 2.Мидың сұр зат сыртында, ал ақ зат ішінде болады.

  • 3.Үлкен ми сыңарларының терең жүлгелері төрт маңдай, төбе, шүйде, самай бөлімге бөлінеді.



Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына ережелерді орында

  • Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орындамай, тынығу;

  • Үй тапсырмасын бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру;

  • Тапсырманы алдымен жазбаша жұмыстан бастау;

  • Орта қиыннан бастап қйынға, сонан соң оңайға көшу;

  • Оқыған материалды таңертеңгілік қайталау;


Никотиннің миға әсері

  • Никотин мидың қозуын күшейтеді. Қозу күшейсе, ми тез шаршайды. Темекі шеккен адамның ұйқысы қашады, басы ауырады, ашуланшақ болады.



Орында

Цифрлық платформада ( BilimLend-online mektep) берілген деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасы


§ 38 , 139 бет Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап жазу.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!