Ашық сабақ . «Өткізгіштерді қосу түрлері».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ . «Өткізгіштерді қосу түрлері».

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі өмір талабына сайкес оқушылардың электр тоғына қызығуын ояту, электр құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу.Осы тарау бойынша алған білімдерін жетілдіру,жаңа сабақ материалда- рын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгрту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Турсынбаева Галина Карибжановна

Павлодар облысы, Май ауданы , Ақжар ауылы

Ақжар жалпы орта білім беретін мектептің

физика пәні мұғалімі


Сын тұрғысынан ойлауға жетелеу.

Әбір педагогикалық технологияның өзіңдік жаңа әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктеріне қарай әр мұғалім өз ізденісі арқылы жеке оқушының қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп пайдаланады.

Сонның бірі-Джордж Соростың «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның тиімділігі-біріккен іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру. «Сын тұрғысынан ойлаудыдамыту»-сынау емес, шындалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе- келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену,пікір таластыру (дебас әдісі), ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тындау,жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді.

Енді осы технологияның әдіс-тәсілдері бойынша өткізілген сабағымды әріптестерімнің

назарына ұсынғалы отырмын.

Сабақ тақырыбы. «Өткізгіштерді қосу түрлері».

Сабақ типі. Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақ түрі. Шығармашылық сабақ.

Сабақ мақсаты. «Электр тоғы» тарауын қайталай отырып,алған білімдерін жинақтау және

пысықтау. Бүгінгі өмір талабына сайкес оқушылардың электр тоғына қызығуын ояту, электр

құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбек-

сүйгіштікке тәрбиелеу.Осы тарау бойынша алған білімдерін жетілдіру,жаңа сабақ материалда-

рын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгрту.

Сабақ әдісі. Дөңгелек үстел, ассоциация әдісі(топтастыру әдісі), «Венн» диаграммасы,

«INSERT» кестесі, «Ой-толғау» әдісі және «Еркін жазу» стратегиясы.

Сабақ көрнекілігі. Сабақ жоспары, физик-ғалымдар суреттері, құрал жабдықтар(амперметр,

вольтметр, кілт (ажыратып- қосқыш),өткізгіш сымдар, резистор, реостат, тұрақты тоқ көзі,

сызбанұсқалар,кестелер.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезең негізінде жүзеге асырылады.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі.Ассосация ( топтастыру) әдісі негізінде «Электр тоғы »

тарауы бойынша ассосациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады .Оқушылар шығармашылық жұмыстарымен айналасады.Осыған cәйкес өз ойларын:а)жекелей; ә) жұптық;

б) топтық шаралар арқылы жеткізе білулері шарт:

1) қағазға өз ойларын түсіру ( 1 мин)

2) жүп бойынша талқылау ( 1 мин)

3) топ бойынша талқылау (1 мин)






DrawObject1

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2



DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5

DrawObject10 DrawObject8 DrawObject9

DrawObject11 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject15 DrawObject14

DrawObject16 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject20 DrawObject19

DrawObject24 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject25







Келесі тапсырма-«Электр тоғы» тарауын еске түсіре отырып, оны сипаттайтын физикалық шамалармен танысу, осы шамалар туралы мәліметтер жинақтау.Ол үшін дөңгелек үстел әдісін қолданамыз.Үш топ бойынша төмендегідей тақырыптар беріледі: І топ-«Тоқ күші» , ІІ топ –«Кернеу» , ІІІ топ- «Кедергі» .Тақырыптарға байланысты ойларын қағазға түсіреді, зерттеу уақыттарына 3 мин бөлінеді.

«Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жұмыс жүргізу шарттары:

1.Әрбір топ жазуларын бөлек түспен толтырулары қажет (І топ-көк ,ІІ топ-қара, ІІІ тп- жасыл)

2. «Талқылау аяқталды» командасынан кейін жазуды аяқтап, сағат тілінің жүрісі бойынша әрбір топ келесі топқа жазған беттерін беру керек,әрбір топ оқушылары жазған материалдармен танысып, толықтырулар мен түзетулер енгізіп, қайтаруы керек.Белгіленген уақыттан кейін әрбір топ спікерлер сөз алып,өз тақырыптары бойынша қорғау жұмыстарын жүргізеді.(Осы уақытта топтың басқа мүшелері өз тақырыптарына байланысты құрал-жабдықтарды көрсетеді ,физикалық –ғалымдардың суреттері, мысалы, Ампер Андре Мари, Вольта Александро,Ом Георг ілінеді.

Сабақтың» Мағынаны тану «кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгрту жүзеге асырылады.

«Өй толғау» әдісіне сәйкес үш топ бойынша «Өткізгіштерді қосу түрлері» беріледі. І топқа-«Өткізгіштерді тізбектеп қосу» ,ІІ топқа-«Өткізгіштерді параллель қосу» , ІІІ топқа-«Аралас қосу».Тапссырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.Бұл тапсырмаларды оқушылар өз беттерімен, ізденістері негізінде алдын ала дайындап келулері жүктеледі.Белгіленген уақыттан кейін топ спикерлері өз тақырыптары бойынша көрнекті құралдар,яғни тәжірибелік аспаптардың көмегімен түсіндіре келіп, өткізгіштерді қосу түрлерін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана білуге қажеттігіне тоқталып өтеді.Қосу сызбалары кодоскоп арқылы көрсетеді.

«Өй толғаныс» кезеңі-сабақты бекіту кезе «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ұқсас ерекшеліктерін салыстырады.

«Тізбектей қосу» «Параллель қосу»

DrawObject26

Өткізгіштерлді

Қосу түрлері

DrawObject27




Топ оқушылары өткізгіштерді қосудың ұш түріне байланысты есептерді тақтаға орындайды., дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Сондай-ақ сабақ барысында «INSERT» кестесін толтырып отырса, бұл кесте де мұғалімнің оқушы білімдерін бағалауына жеңілдік әкеледі. Кесте бойынша шартты белгілерін бір рет көрсетіп бергеннен кейін оқушылар өткен сабақты пысықтап, жаңа сабақ бойынша нені белгісі келетінің білдіріп, толтыруға тез үйреніп алады.

Оқушының аты -жөні

«V»-білемін

«+»-жаңа білемін,

мен үшін жаңалық

«-»- білмедім, мен үшін түсініксіз

«?»-мені қызықтырады, зерттеймін








Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендерін, әли де болса нені білгісі келетіндерін қағаз бетіне түсіріп келу тапсырылады.

Сонымен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,жұптық және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі тиянақтылығын арттырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі