Материалдар / Ашық сабақ « Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, жоғары әскери оқу орындары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ « Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, жоғары әскери оқу орындары»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Алғашқы әскери даярлық пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
1089
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

«№8 Мойынқұм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніңдегі орынбасары

_________Наушабекова А.

« 28__» сәуір 2019ж













Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Олардың құрамы атқаратын қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі»


Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы: Несіпбаев А

















Мойынқұм 2019жыл


Цццц Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Олардың құрамы атқаратын қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: білімгерлерге қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Олардың

құрамы атқаратын қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі туралы түсінік беру

ә) Дамытушылық: білімгерлердің білімділігін,өй-өрісін өз бетінше дұрыс шешім қабылда қасиетерін дамыту

б) Тәрбиелік: білімгерлерді ұлтжанды, отансүйгіш, қажыр-қайраты мол, жан-жақты жетілген азамат ретінде тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО, жұптасып талқылау.

Сабақтың көрнекілігі: Power Point программасында презентация,проектор, оқулықтар, плакат, бейнеролик.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Взводты сапқа тұрғызу, взвод командирінің баяндамасын тыңдау және сәлемдесу , түгелдеу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау.

1. ҚР ҚК қашан құрылды? Бас қолбасшысы кім?

2. ҚР Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? Авторларын ата?

  1. ҚР ең қымбат қазынасы ?

  2. ҚР бірінші қорғаныс министрі кім болды?

  3. Қазіргі қорғаныс министрі кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Құрлық әскерлерінен, Әуе қорғанысы күштерінен және

Әскери-теңіз күштерінен тұратын Қарулы Күштердің оңтайлы үш түрлі құрылымы құрылды.
Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылықтың әскерлері, сондай-ақ

Аэроұтқыр әскерлері, Зымыран әскерлері мен артиллерия кірді. Бұл Қарулы Күштердің

құрлықтағы жауынгерлік қабілетті құрауышын құруды аяқтауға мүмкіндік берді.
Әскер тектерін - Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс әскерін тиімді дамыту үшін Әуе қорғанысы күштерінің құрылымы нақтыланды.
Бірқатар стратегиялық бағыттарда жеткілікті қамтылған әскерлер топтамаларын құру аяқталды, батыс стратегиялық бағытында әскерлер топтамалары нығайтылуда.
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде жоспарлау жүйесін жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл процесі жалғастырылуда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрылымы және оны дамыту кезең-кезеңімен және жоспарлы түрде жүзеге асырылуда, ол ұдайы әзірліктегі, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғауға арналған ұтқыр, кәсіби даярланған әскерлерді құруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жүйесін жетілдіруде.

Бес өңірлік басқарма құрылды: «Оңтүстік», «Солтүстік», «Шығыс», «Батыс»,

«Жағалық қорғаныс». Кеден одағының жұмыс істеуі мүддесінде Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелерін күзетуді күшейту

жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Қазақстан Республикасын

сақтау және құру, әскери ұйымдастырудың мемлекеттік негізі үшін:

- қорғанысты қамтамасыз ету;

- агрессияны анықтау;

- тікелей ішкі қауіпті болдырмау;

Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттерінен

шығатын тапсырманы орындау.

МІНДЕТТЕРІ:

Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді

күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналады.

  «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 5 тарау, 18 бабы

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 4 бабы


БЕЙБІТ КЕЗІҢДЕ

  • әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды,

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе

аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi

тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

  • әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-

стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;

  • маңызды әскери нысандарды күзету;

  • елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi

батыл iс-қимылға әзiр болу;

  • халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге

де операцияларға қатысу.

Қазақстан Республикасының жоғарғы әскери-оқу орындары

- Құрлық әскерлерінің әскери институты. Алматы қаласы.

- Ұлттық қорғаныс университеті. Астана қаласы.

- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскери институты. Алматы қаласы.

- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Алматы қаласы.

- Қорғаныс министрлігінің әскери институты. Алматы қаласы.

- Ұлттық Қауіпсіздік академиясы. Алматы облысы, Қарасай ауданы

- Әскери теңіз институты. Ақтау қаласы.

- Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры Т. Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институты. Ақтөбе қаласы.

- Ішкі Істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери институты. Петропавл қаласы

ІҮ. Бекіту.

Picture 2

  1. Мына бергі қай әскердің белгісі?


  1. Ұлттық Ұлан қашан құрылды?


  1. Мыналар қай әскердің сарбаздары? Бұл әскер қашан құрылды?


  1. Мына сарбаздар қай әскердің сарбаздары? Орындайтын міндеті қандай?


Ү. ҚОРЫТЫНДЫ

Міне бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінің негізін ұрысқа қабілетті, қазіргі заманғы техникамен және қару-жарақпен жарақталған, қуаты жоғары, ел қауіпсіздігін

қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше алатын жоғары технологиялы, кәсіби армия құрайды.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!