Материалдар / Ашық сабақ: " Төртбұрыш"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: " Төртбұрыш"

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
505
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 «Айгөлек» II кіші тобына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні: 21.04.15ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Бағдарлама тараулары: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Менің сүйікті ертегім»

Мақсаты: Балалардан өткенді сұрау арқылы білімдерін тиянақтау , бекіту.

Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, өткен ертегілерді еске түсіру арқылы

ойларын жинақтау, ертегіні сомдату арқылы, балалардың актерлік шеберлікке

тәрбиелеу. Ауыз екі сөйлеу дағдысын жетілдіру, бекіту. Балалардың ойлау қабілетін,есте

сақтау қабілеттерін бекіту, жетілдіру.

Билингвалдық компонент: : аю-медведь- beir, орман-лес- forest

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс-әрекеті




Мотивациалық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балабақша гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз

Бір болып, кеште қайтамыз.

Әңгімелесу

«Балалар, бүгін біз « Менің сүйікті ертегім» тақырыбында оқу іс-әрекетін жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін көп ертегі-аңыздармен әңгіме- жырлармен, өлең- тақпақтармен, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштармен танысып, естіп білдік, олардың суретін салып өнер орталығында үйрендік.

«Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты түрлі нәрселер істей алуы мүмкін Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық, зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады.»


Қане, есімізге түсірейікші, жыл бойы қандай ертегілермен таныстық?»

Қане олай болса тақтаға назар аударайық:

Мынау қай ертегі кейіпкерлері?

Слайдпен жұмыс

Балалар жарты шеңберге тұрып шаттық шеңберін айтады








Іздену – ұйымдастырушылық

Топқа жүгіріп Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: сәлеметсіңдер ме, балалар

Балалар бұл кім болды?

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен кімнен қашып келесің?

Қызыл телпек: мені қасқыр қуып келеді

Топқа қасқыр кіріп келеді де: Қызыл телпекті бас салады

Қасқыр: қап бәлем ұсталдыңба?

Тәрбиеші: қасқыр сен Қызыл телпекті жібер

Қасқыр: егер сендер менің мына қолымдағы тапсырмаларымды орындауға көмектессеңдер ғана жіберем.

Тәрбиеші: әрине қасқыр біз саған көмектесеміз

Ал сен мына жерге отыра тур.

Тәрбиеші: қасқырдың қолындағы тапсырмалармен балаларды таныстырады.

1 тапсырма: мына «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерінің суреттерін, ертегі желісі бойынша орналастыр

Тәрбиеші: қасқыр біз сенің тапсырмаңды орындадық.

Қасқыр: ал енді сендер менің қолымдағы сандықшаның тапсырмасын орындаңдар. Оның ішінде менің сүйікті ертегімнің кейіпкерлері бар соны табыңдар.

Балалар қараңдаршы қандай ерекше сандықша.

Ашып көрейікші,ой мына

сандықшаның  қақпағы ашылмайды ғой. –Енді қалай ашамыз?

Балалар мына жерде жұмбақтар жазылыпты, қанекей шешімін тауып көреміз бе?

Мүмкін жұмбақтың шешімін тапсақ, сандықшаның қақпағы ашылатын шығар.

Жұмбақтар

1.Елеңдеп қорқып тұрады  (Қоян)

2.Өзі қу, әрі айлакер

Жүрген жері айқай да шу    (Түлкі)

3.Қыс бойы жатады

Тәтті ұйқыға батады  (Аю)

Билингвалдық компонент: аю-медведь- beir, түлкі-лиса-fox, қоян-заяц-hare

Жұмбақтың шешімін тапқан кезде сандықшаның қақпағы ашылады, ішінен кемпір, шал, бауырсақ,  қоян, қасқыр, аю, түлкі  шығады. Балалар бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті:

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Қоян қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Аю қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Қазір біз сендермен «Бауырсақ» ертегісін  сахналайық

Тәрбиеші:
Барлығың бермен қараңдар!
«Бауырсақ» жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайық көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.

Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)

Балалар ертегіні сомдайды / слайд жүргізіліп отырылады/

Балалар Қызыл телпекпен амандасады

Қызыл телпек









Балалар суреттерді ертегі желісіне қарай орналастырады

















Балалар жұмбақтардың шешімін табады, оларға мінездеме береді, орысша, ағылшынша атауларын айтады








Бауырсақ ертегісі






Балалар әр аңның жүрісін келтіреді











Бетпердені киіп, ертегіні сахналайды


Рефлекцивті-түзетушілік

Қорытынды: құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй-деп Абай атамыз айтқандай Сиқырлы қазақ үйден «Ертегілер» әнін тыңдайық.

Тәрбиеші: қасқыр біз сенің тапсырмаларыңды орындадық, сен енді қызыл телпекті жібер.
Қасқыр: Өздерің өте тапқыр, ақылды екенсіңдер мен Қызыл телпекке тиспеймін, және осыдан бастап зұлымдық жасамаймын, сау болыңдар деп қасқыр шығып кетеді.

Қызыл телпек: балаларға қасқырдан құтқарып қалғандарына ризашылығын білдіреді, себетіндегі сыйлығынан балаларға таратады,әжесіне орманға қайтады.

Тәрбиеші: балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

Қызыл телпекті құтқару үшін біз нестедік? Балалар оқу әрекеті ұнадыма?

Қандай ертегіні кейіптендірдік?

  • Ертегі сендерге ұнадыма?

  • Сендерге көп рахмет, оқу іс әрекеті аяқталды, балаларды мақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Ертегілер әнін тыңдайды





Балалар қасқырмен қоштасады.



Қызыл телпекке рахмет айтады, қоштасады

Қызыл телпек, қасқыр

Қасқырдың тапсырмаларын орындадық

Бауырсақ ертегісін сомдадық


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегіні сахналауды

Болу керек: Ертегі кейіпкерлері жайлы түсініктері болу керек

Істей білу керек: Сөздерді дауыс ырғағын өзгерту арқылы, бейнеге еніп орындауды.



Дайындаған: ___________ М. О. Дуйсекенова

Тексерілді: ___________ Ж. А. Зейноллаева





























Өзіндік сараптама.

Тақырыбы: « Менің сүйікті» ертегім

Топ: №1 « Айгөлек» II кіші топ

Мақсаты: Балалардан өткенді сұрау арқылы білімдерін тиянақтау, бекіту. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, өткен ертегілерді еске түсіру арқылы ойларын жинақтау, ертегіні кейіпкерлендіруге үйрету. Ауыз екі сөйлеу дағдысын жетілдіру, бекіту. Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін бекіту, жетілдіру.


Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ертегі түрінде өтті.

Слайд арқылы балалардың сүйікті ертегілерін қайталадық. Тосын сәт: Қызыл телпек, қасқыр келді. Қызыл телпекті қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмаларын орындадық. Жұмбақтардың шешімін таптық, «Бауырсақ» , «Шалқан» ертегісін ертегі желісі бойынша орналастырдық, «Бауырсақ» ертегісін сахналадық балаларға өте ұнады.

Сергіту сәтінде аңдардың жүрісін салды, оларға мінездеме берді.

Балалар жақсы қызығушылықпен қатысты. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде әдіс тәсіл қолдана отырып, балалардың қызығушылығын арттырдым.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті жақсы дәрежеде өтті, мақсатыма жеттім.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!