Материалдар / Ашық сабақ Абай және орыс әдебиеті 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Абай және орыс әдебиеті 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

5-сынып

Күні: 13.11.20

Мұғалім: Саябаева Назгүл Қалиханқызы



Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 33

Қатыспағандар:

Бөлім:

ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары


Сабақтың тақырыбы:

Абай және орыс әдебиеті


Сабақтың мақсаты:

Абайдың орыстың ұлы классиктері мен демократ ағартушыларының еңбектерімен танысуы, қазақ тіліне аударуы. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы.


Құндылықтарды игеру:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

-тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

- Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы, Абай шығармалары негізінде оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады


Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих, өзін – өзі тану


АКТ-ны қолдану дағдылары:

Ғаламтор желісіндегі электрондық оқулық, интерактивті тақта


Осыған дейін меңгерілген білім

Абай және шығыс әдебиеті



Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Ресурс

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. «Артығын алып таста» тәсілі

Интерактивті тақтадағы суреттерге cүйене отырып, артығын тауып, сабақтың тақырыбын болжаңыздар (әнші, аударма, Пушкин, Лермонтов, биші, Крылов, ескерткіш, күйші)

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?


Абайтану курсының оқу бағдарламасы


Абайтану курсының мұғалім кітабы

Сабақтың ортасы

Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың,И.А.Крыловтың шығармаларын оқып, зерттеді. Абай нәр алған 3 қайнар бұлақтың бірі – орыс әдебиеті болған. Ол әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең алғашқы аудармасы М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы «Важим» атты ұзақ әңгімесінің желісін,оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруді ақынның қоғамдағы орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануына А.С.Пушкиннің ықпалы зор болды. Пушкиннің көркемдік әдісі Абай бойындағы таланттың отын үрледі. Пушкиннің «Евгени Онегині» Абайға қатты әсер етті. Онегинмен Татьяна тағдырын қазақша сөйлету арқылы қазақ даласындағы ұқсас тағдырлар мұңын жоқтады Татьяна әні қазақ даласына ән болып таралды.1889 жылы Пушкин шығармаларынан 8 өлең аударды. «Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Татьяна сөзі», «Ленский сөзі», «Онегиннің өлердегі сөзі». Пушкин әсерінен «Көзімнің қарасы», «Қызарып, сұрланып» атты махаббат туралы тың өлеңдері дүниеге келді. Және шалыс ұйқасты өлең түрін тапты. М.Ю.Лермонтов өмірі мен шығармашылығы Абайға өте жақын болған. Абай өзі өмір сүрген қоғамды сынады. «Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн», «Сегіз аяқ» өлеңдері заман мен оның адамдары жөнінде ой толғады. 90-жылдардың басында Абайдың жеке өмірінде де қайғы, мұң көп болды. Ескі достары Жиренше, Оразбайлар теріс айналды, сүйікті інісі Оспан, сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болады. Оңаша қалғанда Лермонтовқа көп жүгініп, оның 27 өлеңін аударады. «Бородино», «Демоннан», «Боряин Оршадан», «Измаил-Бейден», «Вадимнен үзінді», «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып» (Лермонтов, Гетедан аударған) т.б. Абай Лермонтовтан алған әсерінен «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Әй, жабықтым, әм жалықтым» өлеңдерін жазады. «Альбомға», «Қанжар», «Жартас» аудармаларының орысша, қазақша нұсқалар салыстырыла оқылады. 90 жылдардың аяғында Абай И.А.Крылов мысалдарын көбірек аударумен шұғылданған. «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден». Ақын Абай өз шығармаларында аяусыз әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды мысалмен сынауға бет бұрады. Сол арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді – қулық-сұмдық, тойымсыздық, жауыздық пен зорлық-зомбылық, ашқарақтық, әлін білмеген әлектерді сынға алады. «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден» мысалдарының орысша, және қазақша нұсқалары жатқа оқылады.

Жалпы, қорыта келгенде Абай аудармалары жөнінде де қазақ әдебиеті тарихында орны айрықша екенін көреміз. Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған.Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық.

Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М. Ю. Лермонтовтан)

Күнді уақыт итеріп (М. Ю. Лермонтовтан)

Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан)

Теректің сыйы (М. Ю. Лермонтовтан)

Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)

Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)

Әншілер (И. А. Крыловтан)

Оқушыларды 3 топқа бөліп жұмыс жасаймын.

1-тапсырма. «Постер» әдісі

ІShape1

Абай мен Пушкин

топ

Shape2

Shape5 Shape4 Shape3

«Shape6 Блум түймедағы» әдісімен

Shape7

Абай мен Лермонтов


ІІ топ

Shape8

Shape10 Shape11

МShape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 енталды карта ретінде постер

Shape19

Абай мен Крылов


ІІІ топ



Тірек – сызба ретінде постер арқылы


2-тапсырма. «Топтастыру» әдісі

Мәтінге сүйене отырып, Абай аудармаларының атын жазып топтастырыңдар

Shape20

Дескриптор:

  • Абайдың аудармаларын жазып толтырады

  • Берілген мәтінге сүйенеді




Сабақтың соңы









Бүгінгі сабақтан қалай түсінгендеріңді «Бес бармақ» тәсілімен көрсетіңдер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!