Материалдар / Ашық сабақ Абай Құнанбаев " Қыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Абай Құнанбаев " Қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланғн ашық сабақ Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2021
723
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат құбылыстары

Мектеп: «Семей қаласындағы 7 мектеп-лицей

Күні: 15.03.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзахметва Гүлнұр Нұржауқызы


Сынып: 4

Сабақ тақырыбы

Абaйдың тaбиғат лирикасы. А.Құнанбаев «Қыc»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу,

кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсерілеу) табу және

оларды қолдану

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа

сюжеттер енгізу/өлең (бес жолды) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді дауыстап түсініп оқи алады; әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет) таба алады және оларды қолданады; қысқа даярлық, қыстан қорғану шараларының тізімін жазады

Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады және қиын сөздерді түртіп алады; әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтайды; қысқы табиғи құбылыстар жайлы мақала жазады

Кейбір оқушылар: оқу түрлерін қолданады, шығармадан әдеби көркемдегіш құралдардың (теңеу, кейіптеу, эпитет) ерекшелігін түсіндіреді; қыс туралы өлең құрастырады

Бағалау критерийлері

  • өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды

  • әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет) табады және қолданады

  • Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазады

Құндылықтарды дарыту

«Суреттер сөйлейді» әдісінде қыс мезгілін адам кейпінде суреттеу арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылығы , «Қар үйіндісі» әдісінде оқушы бойында жұппен және топпен жұмыс арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті және өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік құндылықтары дариды

Пәнаралық байланыстар

Абайдың «Қыс» өлеңін талдау барысында дүниетану пәнінен

жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары жайлы білімдері


АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстары, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпарраттар іздеу. Соңғы бес жылға тұрғылықты жердің табиғи құбылыстары жайлы мәлімет жинау.

Бастапқы білім

А.Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын біледі, әдеби көркемдеуіш құралдар туралы түсініктері бар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

а) Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік

Шуақ шашқан күндей боп

Күлімсіреп жүрейік

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу

Жыл мезгілдері суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар қалаған суретін алып 1, 2, 3, 4 топтарға бөлініп отырады.

https://ukz.kz/ru/app/22692

Жұмыс ережесімен таныстыру

  • Сабақтa бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нaқты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқу мақсатын таныстыру.

Күтілетін нәтижені анықтау

Жаңаны ашу. Аяз, қар туралы жұмбақтар шештіре отырып ортақ тақырыпты таптыру (Қыс).

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін А.Құнанбаевтың «Қыс» деген өлеңімен танысамыз.



қима суреттер


















жұмбақтар


Сабақтың ортасы

Тапсырма 1 . «Оқы да, тоқы» әдісі / Жеке

а) А. Құнанбаев "Қыс" өлеңін тыңдату

https://www.youtube.com/watch?v=VYNiDYIjmgc

Өлеңнің композициялық құрылымын ажырату.

Лирика-ақынның көңіл-күйі, сезімі суреттелетін

өлең-жырлары.

Оқулықпен жұмыс

ә) Тапсырма: өлеңді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу (өлеңге сай ырғақты таңдай білу, жазушы тіліне назар аудару)

Сөздік жұмыс (сөздіктерге сүйене отырып сөздердің мағынасын түсіндіру):

шидем – түйе жүнінен тоқылған сырт киім

Дескриптор:

-өлеңді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқиды

-таныс емес, қиын сөздерді түртіп алады

-әдеби көркемдеуіш сөздерді табады

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»


Тапсырма 2. Топтық

«Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша әр топ өлең мазмұнына байланысты сурет салады. Суретті әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып , адам бейнесінде салу ұсынылады. Мұғалімнің қолдауымен суреттерге талдау жасалады.

Дескриптор:

- қыс мезгілін адам кейпінде суреттейді

-әдеби көркемдегіш құралдардың ерекшелігін түсіндіреді

ҚБ: «Табыс сатысы»


Сергіту сәті

«Жыл мезгілдері»

Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.


Тапсырма 3. Жеке – Жұптық - Топтық

«Қар үйіндісі» әдісі

Топқа А4 парақ пен дөңгелек қиындылар беріледі.

Кіші дөңгелекке қыс мезгілін сипаттайтын сын есімдер, орташа дөңгелекке сөз тіркесін, үлкен дөңгелекке осы сөз тіркесінен сөйлем құрастырып жазу ұсынылады. Үш дөңгелектен қар үйіндісін жасап, қыс мезгілін топ көзқарасымен сипаттау тапсырмасы беріледі. Біріншіден, оқушылар жеке, кейін жұбымен ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Дескриптор:

- қыс сөзін сипаттайтын сын есімдер айтады

- осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрайды

- қыс мезгілін өз сөздерімен сипаттайды

ҚБ: Мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріп, сұраққа толық жауап бергендері бағаланады. «Жарайсың! Өте дұрыс жауап бердің.. Мәнді жауабың үшін ризамыз – деп, оқушыға қолдау көрсетеді.


Тапсырма 4 / Жеке

«Қар кесегі» әдісі. Балаларға саралау тапсырмалары жазылған үш түсті қар кесектері таратылады. Тапсырма оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін ескеріп беріледі.

  1. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

Абай суреттеген қатал қыстан қорғану

іс-шараларының тізімін жазу

  1. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Қысқы табиғи құбылыстар жайлы мақала жазу

  1. Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

«Қыс» тақырыбында 1 шумақ өлең жазу

Дескриптор:.

-қысқа даярлық, қыстан қорғану шараларының тізімін жазады

- қысқы табиғи құбылыстар жайлы мақала жазады

-өлең құрастырады

ҚБ: тапсырма нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізіледі, оқушыларды қолдау мақсатында орфографикалық және орфоэпиялық қателері түзетіледі, бірақ бағаланбайды

Shape1







http://expert.okulyk-edu.kz/kz/

оқулық





















Shape2 Shape3 Shape4









































Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»


Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не жеке бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды.

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттау.

Соңғы бес жылға тұрғылықты жердің табиғи құбылыстары жайлы мәлімет жинау.





Кері байланыс парағы таратылады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Суреттер сөйлейді» стратегиясында саралауды «Қорытынды» тәсілі бойынша жүргіземін. Берілген тапсырма қорытындысы дұрыс жауап негізінде жасалады. Қорытынды жасауда оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

«Қар үйіндісі» тапсырмасында саралау «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдаланамын. Оқушының жылдам ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығы сараланады.

«Қар кесегі» әдісі саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы жүреді. Өлең құрастыра алмаған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. Тапсырма нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізіледі, оқушыларды қолдау мақсатында орфографикалық және орфоэпиялық қателері түзетіліп, бірақ бағаланбайды


Тапсырма 1. «Түртіп ал» әдісі / Жеке

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Тапсырма 2. «Суреттер сөйлейді» стратегиясы

ҚБ: «»Табыс сатысы»

Тапсырма 3 «Қар үйіндісі» әдісі

ҚБ: мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріп, сұраққа толық жауап бергендері бағаланады. «Жарайсың! Өте дұрыс жауап бердің.. Мәнді жауабың үшін ризамыз – деп, оқушыға қолдау көрсетеді.

Тапсырма 4 /Жеке

«Қар кесегі» әдісі

ҚБ: тапсырма нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізіледі, оқушыларды қолдау мақсатында орфографикалық және орфоэпиялық қателері түзетіледі, бірақ бағаланбайды


Партада дұрыс отыру ережесімен таныстырылады, табандары еденге тиіп, партамен кеуденің арасын алақанмен өлшеп, қаламды екі саусақпен өлшеп, дәптерді көлбей қою ескертіледі. Жазу жазғанда, ойын ойнаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы ескертіліп отырылады.Сергіту жаттығуы арқылы денсаулықты нығайту; топтық, жұптық жұмыстарды жүргізуде қауіпсіздік ережесінің сақталуына көңіл бөлемін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!