Мақсаты:
адамның ішкі әлемі туралы
түсінік бере отырып, ақиқат жалпыадамзаттық құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
- ажырата
білуге үйрету,
-
шыншылдық қасиетін
дамыту.
-
ой,сөз,іс
бірлігіне тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Жағымды көңіл – күйге
келу. «Нұрға
бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой
келеді. Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана
бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан -
жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...
Нұр менің ішім де... Мен
Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
|
Masaji
Watanabe
Winter
Song
https://sefon.pro/collections/beautiful/258-pianino/sort/clicks/
|
2. Үй
тапсырмасы.
1. №2 -
сабақ. «Парасатты адам»
тақырыбына жазылған эссені сұрау.
2. №3 - сабақ 16-18бет
Шәкәрімнің «Ұждан» мәтінін сұрау.
Сұрақтар:
-
Ел-жұрт неліктен тыныш ұйықтай
алмады?
-
Адамдардың Ұжданмен
кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі
неде?
-
Ұждан адамдарды қалай дұрыс
жолға салды? Олардың ойын, ниетін қалай
жақсартты?
-
Ұжданның ниетін түсінбегендер
жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді?
Неліктен?
-
Адамдар Ұжданға ұялмай, дұрыс
жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек
екен?
-
Елдегі тыныш өмірдің орнауының
себебі неде?
-
Өздерің күнделікті өмірде
Ұжданды басшылыққа аласыңдарма? Қалай?
|
|
3.Сабақтың
дәйексөзі.
Мәселе ар мен ұятқа таянғанда
көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс
емес.
Махатма
Ганди
Сұрақтар:
-
Ар-ұятты басшылыққа ала
отырып қалай шешім қабылдауға
болады?
-
Адамның ішкі жан дүниесі
дегенді қалай түсінесің?
|
|
4.Оқиға айту (Мұғалім
сыйы)
Екі қасқыр
(аңыз)
Баяғының қарттары енді ғана ес
біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді
ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына
сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне
өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр
екен:
-Әр адамның көкірегінде екі
қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі
күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді
бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы
қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын
айқасып, өмір бойы күресумен болады ...
Сонда зерделі немересі
атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай қасқыр
жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің
пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап
беріпті:
-Сен қайсысын көбірек
қоректендірсең, сонысы жеңеді.
-
Атасы немересіне аңыз арқылы
не түсіндіргісі келді?
-
Баланың сұрағына сендер қалай
жауап берер едіңдер?
-
Атасының «Сен екі қасқырдың
қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді» деген сөзін қалай
түсінесіндер?
-
Тақырыбымыз неге екі
қасқыр деп аталды? Қалай ойлайсыңдар?
-
Адамның ішкі әлемі жақсаруы
үшін не істеу керек?
-
Өз бойларыңа қандай жақсы
қасиеттерді сіңіріп жүрсіңдер?
|
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/9892
|
5. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
Тапсырма:
1-топ. «Ар-ұят» тақырыбында
мақал-мәтелдер жазу
2-топ. «Сөзі, ойы ісі
бірлікте» болатын адамның портретін
жасау.
3-топ. Шыншылдық қасиетін
басшылыққа ала отырып, берілген жағдаятты
шешу
Сыныпқа кірген Ернұр өзінің
сыныптағы жақын досы Айдардың сынып үстеліне сия төгіп,үстелді
бүлдіріп қойғанын көріп қалды.Бұл кезде сыныпта ешкім болмаған
еді.Айдар Ернұрға бұл туралы ешкімге айтпауды өтінді.Егер айтатын
болса онымен енді дос болмайтынын ескертті. Қоңырау соғылып
оқушылар мен мұғалім сыныпқа кіргенде үстел үстіне төгілген сияны
байқады.Мұғалім бұны кім жасағанын сұрады.Ернұр не шындықты айтарын
білмей не досын қорғап бұл әрекетін жасырып қаларын білмей орнында
үнсіз ойда отырды.....
4-
топ. Шыншылдық қасиетін
басшылыққа ала отырып, берілген жағдаятты
шешу .
Сыныпқа кірген Ернұр өзінің
сыныптағы жақын досы Айдардың сынып үстеліне сия төгіп,үстелді
бүлдіріп қойғанын көріп қалды.Бұл кезде сыныпта ешкім болмаған
еді.Айдар Ернұрға бұл туралы ешкімге айтпауды өтінді.Егер айтатын
болса онымен енді дос болмайтынын ескертті. Қоңырау соғылып
оқушылар мен мұғалім сыныпқа кіргенде үстел үстіне төгілген сияны
байқады.Мұғалім бұны кім жасағанын сұрады.Ернұр не шындықты айтарын
білмей не досын қорғап бұл әрекетін жасырып қаларын білмей орнында
үнсіз ойда отырды.....
|
|
6.Топпен ән
айту
МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ,
АҒАЙЫН
Сөзі:С.Қалидікі
Әні:Қ.Мақандікі
Көктем етіп көркейтсе де
маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің
талайын.
Өшігуді қояйықшы
өзгеге,
Кешірімді болайықшы,
ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де
жауындар,
Көк
пен жерді сел етсе де дауылдар.
Пейілдерді пенделікпен
тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп
табайық.
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел
болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.
Өзімізге қалайтұғын
нәрсені,
Тілейікші өзгеге де, болса
деп!
|
|
7.Үй
тапсырмасы.
-
1. №3 –
сабақ. «Ар- адамдық өлшемі»
тақырыбына эссе жазу
2. Келесі сабақ.
№4, Шәкәрімнің «Мәнді сөздер»
шығармасынан үзіндіні оқып келу.
|
|
8.Сабақтың қорытынды
сәті.
«Бүгінгі сабағымызды есімізге
түсірейікші. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс
жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс
жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға
болады»
Рахмет.Сау
болыңыздар!
|
|