Материалдар / Ашық сабақ Әдеп. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Әдеп. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2019
1136
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-тарау. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Сынып: 5-сынып

Мектеп: №24 ЖББОМ

Мұғалім: Қайырбекова А.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әдеп

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5.О6.);

Орфографиялық норма. Дауысты дыбыстардың емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу (5.ӘТН1.).

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы орындай алады:

- мәтінді мәнерлеп оқиды.

- жалпы мазмұнын түсінеді.

- орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- оқылым стратегияларын қолданады.

- жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды

- дауысты дыбыстардың емлелік ерекшелігін таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Нақты ақпаратты табу үшін оқиды

Бағалау критерийлері:

Білім алушы.

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Мәтіндегі нақты ақпаратты табу.

  • Дауысты дыбыстардың ерекшелігін айыру.

  • Орфографиялық нормаға сай жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

  • Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау


Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Оқушылар берілген мәтіндегі сөздік қор мен бейнелі сөздермен жұмыс істей алады.

Талқылауға арналған сұрақтар: әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала

Құндылықтарға баулу:

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзегелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану,

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

«Жүректен-жүрекке» ойыны. Оқушылар сабақтың алдында бір-біріне тілек айтады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар

Сабақтың басы: 5 мин.

Ширату жаттығу. «Артығын алып таста»



Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетеді. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтау керек.

Осы сурет жайлы мақал ойлан «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» т.б.


Осыдан бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсаты айтылады.

(интерактивті тақтадан көрсетіледі)



https://yandex.

kz/images

Сабақтың ортасы: 25 минут

Сабыр – ақыл серігі.

Сабыр –әдепті адамдарға тән мінездің аса жақсы түрі. Ол – қандай жағдайда да адамның өзіне-өзі ие бола білуі, ұшқары сезімге бой алдырып, жеңілтек жасамай, ұстамды болуы, әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып іс істеуі; іс-әрекеттің алдына қойған мақсатына бағындыра білуі, сезімдерін қадағалай алуы, тосын жағдайда душар болғанда торықпау немесе шалт қимылдарға бармауы. Сабырлылық – адамның ерік-жігері күштілігінің көрсеткіші әрі адамгершілік қатынастардың негізі.

Ол – әдеп-инабат тұрғысынан аса жоғары бағаланатын, ұшқалақтық пен ұстамсыздыққа қарама-қарсы қасиет. Оның тәрбиелік сипаты-адамның бірден қызбалық, ұрмалыққа, жеңілтектікке салынбай, әр істің ақырына көз жіберіп, ойланып әрекет жасауыында. Халқымыздың «Ашу-алдында, ақыл соңында» деген данышпандық есскертуін іске асырып, ашуды ақылға жеңдіретін-осы сабыр. Сондықтан сабырдың қасиетін сан ғасыр бойы сынақтан өткізіп, анықтаған ата-бабаларымыз:

Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

Немесе

Сабыр түбі-сары алтын,

Сақтаған жетер мұратқа,-деген сияқты мақалдар шығарған.

Сабыр – әдептілік-инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпалықты мәрттікпен қабыл алады да, жеңіл ұшқалақ кісі күйіп-піседі, өзін демде отқа бір, суға бір тастайды, қайғы-мұңға салынып, ұнжырғасы түседі. Бейкүнә жандардың жанын жабырқатып әдепсіздік жасайды.

Сондықтан сабырлы адам қоғамда абыройлы болады, оның қадір-қасиетін барша жұрт мойындайды, айтқандары да әсерлі, көпшілік өз еркімен, ықтиярымен мойындайтындай салмақты, өтімді келеді.

  1. Тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыту.


Оқудың алдында

Оқу кезіңде

Оқығаннан кейін

«Осы мəтінде кездестіремін деп ойлайтын бес сөзді атаңыз».

«Берілген әр абзацты 5 сөзбен қорытындылаңыз».

... туралы сіздің пікіріңіз қандай?».


Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын, қолдамаймын) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау


2. «Алты неліктен» әдісі (жазбаша жұмыс)

  1. Неліктен...

  2. Неліктен...

  3. Неліктен...

  4. Неліктен...

  5. Неліктен...

  6. Неліктен...

Тапсырманы «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау.

«Барьер-кедергі» сергіту сәті


3. Т-кестесі. Әдепті бала-әдепсіз бала


Әдепті бала

Әдепсіз бала



Тапсырманы «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау

4. Оқушылар 5-5-1 әдісі.

Оқушылар кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін оны қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Тапсырманы «Өзара бағалау»


5. «Мәтінді өзара редакциялау» әдісі

Осы тапсырмаларды орындағанда орфографиялық нормасына көңіл бөлу.

1-кезең. Қошемет сөздер.

Мәтіннің 1-абзацын көшіріп жазып, авторға арнап 3 қошамет сөз жаз.

1.

2.

3.

2-кезең Ұсыныстар

Абзацты қайтадан оқып, авторға мәтінді жақсарту жолдары туралы 3 ұсыныс жаз.

1.

2.

3.

3-кезең Түзетулер

Абзацты қайтадан оқыңыз. Орфографиялық қателерді белгіле, дауысты дыбыс ерекшеліктерін ажырат.


Тапсырманы «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау.


Түйінді мәселе.

6. Сәлемдеме жіберіңіз әдісі.

Абай Құнабаевтың өлеңдер жинағын бірнеше қабат қағазға орап, әрбір қабатына «адам болам десеңіз» деген өлең шумақтарының басын жазамын әрі оқушы жалғастырады.


Тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Қызыл – «өте жақсы, жасыл – «жақсы», сары – «қанағаттанарлық» .


А сылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.,

Әдептану

Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003.-288-бет.

(Мәтін 200 сөз)


Сабақтың соңы:


6. Рефлексия «Сыныптан шығу билеті»

Сіз не үйрендіңіз?

Сіз тағы не білгіңіз келеді?


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пән аралық байланыс

1.Пəнаралық байланыс –қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

2.Денсаулық жəне қауіпсіздік: 1.сергіту сәті денсаулықты жақсартуға байланысты алынды, 2.сабыр –түбі сары алтын

.АКТ-мен байланыс: 1- тапсырмада интербелсенді тақта қолданды.

4.Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі): ұлттық құндылық, жалпы адамзаттық құндылық және жауапкершілік құндылығы.

Оқушылардың қажеттіліктерін қаңағаттандыру мақсатында:

1.«Алты неліктен» әдісі.

2.«Т» кестесі әдісі.

3.«Оқырдың алдында, оқу кезінде жəне оқығаннан кейін» әдісі.

4.5-5-1 әдісі

5.«сәлемдеме жіберіңіз» әдісі.

6.« «Сыныптан шығу билеті» әдісі.

7«Мәтінді өзара редакциялау» әдісі

Оқушылар сабақ кезеңі сайын бағаланып отырды.










Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқыулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауда сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағанадағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары шынайы, оқушыларға қолжетімді болды.

Оқушылардың оқу мақсатының талаптарына сай тапсырмаларды қиындықсыз орындады.


Берілген тапсырмалар оқушылардың орындауына қолайлы әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын.

Сабақтың барысындағы сабақ уақытын қалыпты құрылымға сай жоспарладым.

Жалпы бағалау

Сабақ мақсаттары шынайы, оқушыларға қолжетімді болды. Оқушылардың оқу мақсатының талаптарына сай тапсырмаларды қиындықсыз орындады. Берілген тапсырмалар оқушылардың орындауына қолайлы әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын. Сабақтың барысындағы сабақ уақытын қалыпты құрылымға сай жоспарладым.




















\













Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.






1

2

Мәтінге сай ақпараттарды ажыратады;

1

мәтіндегі қосымша ақпараттарды анықтайды;

1

3

4

тақырыпқа қатысты өз ойын білдіре алады;

1

сауатты жазады;

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды.

1

Мәтіндегі орфографиялық норманы сақтау

5



6

Орфографиялық қателерді белгіле,

1

дауысты дыбыс ерекшеліктерін ажырат.


1

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!