Материалдар / Ашық сабақ "Әдептен озбайық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Әдептен озбайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әдептілікті,үлкендерді сыйлауды,құрметтеуді,тәрбиені жан-жақты үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: 17 И.И. Трубицын атындағы  ОМГ.

Мерзiм: 12.02.2018 жыл.

№ 21 сабақ.

Мұғалiм: Суюндикова Индира  Сынып: 9 «а».  Оқушылар саны-24.


Тақырып: «Әдептен озбайық».

Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиет (сапа): адамгершілік қатынастарды–ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру.

 Қасиеттер: Оқушыларды мейірімділікке, ізгілік, құрмет көрсету, сыйлауға баулу.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

– Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп

нормаларын түсіндіру;

– Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

– Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Көрнекіліктер.Интерактивтік тақта,компьютер, түрлі түсті қағаздар, қиындылар, видео ресурстар, суреттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi.

Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл – күй орнату.

Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.

«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл – күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады.
Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу – ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол адамдардың мейірбандық белгісі.
1. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
(Дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп амандасу, қас - қабақпен, қимыл, іс - әрекеттермен, ыммен сәлем, ізет көрсету).
2. Амандасу үшін айтылатын сөз:

( Сәлеметсіз бе, ассалаумағалейкум, қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық).
3. Кім бірінші амандасады?
(Үлкендермен жастар бірінші болып амандасады).
4. «Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн?
(Тең қатар құрбыларға, жолдастарға).
5. Қол беріп амандасу кімге тән?
(Ер адамдарға, үлкен кісілерге).
6. Алыста кетіп бара жатқан адамдармен қалай амандасу керек?
(«Сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ, ол сені көрсе, басыңды иіп амандас).

Түйін: «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, халқымыз адамгершіліктің басты қағидасы ретінде амандасу ережелерін қояды. Достығына, жаттығына қарамастан сәлем береді, амандасу – адамдық парыз, борыш деп саналады.

3.Әдептілік . «Әжемнің әңгімесі» ролик.

Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата – анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата – баба салт, әдеттерін үйренеміз.

Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

4.Дәйексөз.

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».

И.Гете

«Ыстық орындық» әдісі.

«Студент қыздың әңгімесі». Ж.Бейсенбаев

«Студент қыздың әңгімесі» мәтінін қонақ студентпен сұхбат арқылы оқушыларға тыңдатып, пікірлесу.

– Жігіттердің іс- әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

– Олардың істегендері дұрыс па?

– Оларға қандай ақыл – кеңес берер едіңіз?

– Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз.


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тақырыптар тақтаға жазылған, тақырыбын өздері таңдайды.
1. Қоғамдық көліктегі әдептілік
.
2. Үстел басындағы әдептілік
.
3. Кітапханадағы әдептілік
.
(оқушылар өз ойларын білдіреді, әркім әртүрлі жауап айтады)
.

- Енді, балалар, осы айтқандардан қорытынды шығарып, ереже жазыңдар.
І. 1) Көлікке итермей кіру керек
.
2) Жол ақысын төлеу
.
3) Үлкендерге орын беру
.
4) Кәрі кісілердің мініп - түсуіне көмектесу
.
5) Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу
.
ІІ. 1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста
.
2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу
.
3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе
.
4) Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес
5) Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұстау керек

ІІІ. 1) Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр.
2) Тыныштық сақтау.
3) Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалан.
4) Кітап бетін жыртуға, сызуға болмайды.
5) Кітапты уақытында өткіз.

Суреттер арқылы жағдаяттарды талдау.

Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп, даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.

Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?


Назым әп- әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп – нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді?

Назымға қандай кеңес берер едіңіз?


Сахналау.

3-топ берілген жағдаяттарды сахналап көрсету

1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.

2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.

3. Үлкендер мен жастардың дастарқан басында өзін ұстау әдебі.


6.Қорытындылау.

Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін! –
дей келе, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен де әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін
.





«Аялы алақан».Кері байланыс.

Сабақта алған әсерлеріңізді көгершін суреттеріне өз ойларыңызды жазып,  «Аялы алақанға» орналастырыңыздар.


7.Топпен ән айту.

Ән: «Қыз сыны».

сөзін жазған: Қ.Қазыбеков

Әнін жазған М.Омаров


Үй тапсырмасы.

«Мен әдепті баламын» эссе жазып келу.

Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Барлығыңды жақсы деп бағалаймын. Сабақ аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!