Материалдар / Ашық сабақ Ахмет Ясауи 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ахмет Ясауи 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл Ахмет Ясауи туралы өтілген ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2018
4087
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Дананың сөзі – ақылдың көзі»

Мектеп: Жаңаөзен қаласы №20 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Рыстаулетова Халима


Күні: 21.09.2018 жыл

Сыныбы: 8«А»

Қатысқандар:20

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

«Қожа Ахмет Ясауи.Хикметтері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты тақырыбы мен идеясын, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Қожа Ахмет Ясауидің өмірі және шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: Өз пікірін дәлелдеп жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар өз дүниетанымын дамытуға мүмкіндік алады.

Пәнге қатысты тиісті сөздік қор мен терминдерді түсініп,дәптерге жазып алады. Сыни тұрғыдан ойлай отырып,тірек-сызбамен талдайды,кері байланыс жасау арқылы өз ойларын жеткізеді.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс жасай отырып өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.Өзін және өзгелерді қорғауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих,тіл,география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Қорқыт атаның нақыл сөздері»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру «Гүлмен тілек», «Қалың және жұқа сұрақтар» , «Мозаика»,түсіндіру,баяндау, мәнерлеп оқу, «Постер» қорғау, «Кластер» толтыру,«Insert» ,бағалау парағы,«Білім баспалдағы».

Қолданылатын ресурстар

Интербелсенді тақта,презентация,А3 парағы,А4 парағы,қима қағаздар,кеспе қағаздар,маркерлер, стикерлер, тақта.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе.

Таныстыры-лым

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру. Шаттық шеңберін құру, «Гүлмен тілек» әдісі арқылы түрлі-түстердегі гүлдердің бірін таңдау арқылы топқа бөліну, бір-біріне тілек тілеу.

Сабақтың ұранымен таныстырып,күндеріне сәттілік тілеу.






2.Үй тапсырмасын сұрау.Әр оқушының деңгейіне байланысты өткен тақырыпқа байланысты әрі сыни ойлауларын дамыту үшін қалың және жұқа сұрақтар қойылады.«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған толық жауапты талап етеді.Осылайша өткен сабақты естеріне түсіреді.Өткенге шолу жасайды, сұрақтарға нақты жауап береді.

3. Қызығушылықты ояту.

Әр топқа қима қағаздар таратылады,сол қағаздарды қосу арқылы бүтін бір фотосурет құрастырып шығарады. Пайда болған фотосурет бүгінгі жаңа тақырыптан хабар береді.Осылайша олардың назары сабаққа ауып, тақырыпқа деген қызығушылығы оянады.

Оқушыларға бағалау парақтары таратыла-ды. Сабақтың әр кезе-ңінде оқу-шылар өз-дерін ба-ғалап оты-рады.












Форматив-ті бағалау. Қол шапа-лақтау арқылы жүзеге асады.


Презента-ция,гүлдер,мозаика,

кеспе қа-ғаздар.


Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс)

Білу.Жаңа сабақты меңгерту. Қожа Ахмет Яссауи (1093 - 1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданы.

Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы - тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген.

Ж.Аймауытов ақынның 149 - шы хикме-тіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді.Оның жолын ұстанған шәкірт-тері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты.Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туын-дының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV - XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана.Диуан - жинақ, хикмет - алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1.Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім - тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2.Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.

Түсіну.

Окулықпен жұмыс.

Ендігі кезекте әр оқушы хикметтерінен үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, талдау жасап көреді.Мұғалім мағынасын ашып түсіндіріп береді.Оқушылар тыңдалым тапсырмалары арқылы өз болжамдарын айтады.
Хикметтер
«Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар...»

Қолдану

«Талдау табыс кілті»демекші мұғалім өлең мазмұнын ашу үшін топтарды постер жасауға шақырады.Ол үшін әр топқа А3 парағы мен маркерлер таратылады.Әр топ кемел адамның бейнесін сомдайтын постер жасап қорғауы тиіс.Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау.




Талдау.Дәптермен жұмыс. Оқушылар терминдер мен көнерген сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
Сөздікпен ауызша жұмыс жасайды.


















































































Мадақтау, ынталан-дыру.









Топтағы жекелеген оқушылар-ды ерек-шелігі үшін мадақтап,

стикермен

бағалаймын




Презента-ция,аудио-тыңдалым,

оқулық,сыз-ба кесте, bilimland.kz сайтынан материал-дар,маркер,А3 парағы.


Сабақтың соңы


Жинақтау.Жаңа тақырыпқа байланысты ақпаратты жинақтау,тұжырымдау үшін «Кластер» әдісін пайдаланады. Алда-рындағы ақ параққа тірек-сызба сызып шығады. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, өзара пікір алмасады, топпен, орындайды.

Кері байланыс

Балалар өз білімдерін саралай отырып бүгінгі сабақта қандай нәтижеге қол жеткізгендігін стикерлерге жазып білім баспалдағына жапсырады.Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Бағалау


Үй тапсырмасы: Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін түсініп оқып келу.

Бағалау парағы

Кластер,маркер,білім баспалдағы,стикерлер.



Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?








Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!