Ашық сабақ: "Аккумулятор батареялары".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Аккумулятор батареялары".

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ бірінші курс оқушылары үшін. Бұл ашық сабақ аккумуляторлар батереясы туралы.Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі: ашық; жабық. Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады. Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. Қарапайым қорғасын аккумулятор (сурет) электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттен пластиналардың беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ: Аккумулятор батареялары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Игерiлген бiлiмдi жаңа байланысқа алып, аккумулятор батареялары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, топпен жұмыс жасауға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Психологиялық үрдiс:естi жаттықтыру, ойды жинақтау, ойлау, елестету ассоциациясы.

Сабақтың түрі: аралас

Ойын, жарыс, проблемалық сұрақ студенттердің зейінін дамыту

Пәнаралық байланыс: Ауыл шаруашылық машиналары

Көрнекті құрал- жабдықтар: үлестірме қағаздар,конспект, сызбалар,ноутбук,слайд,т.б

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.

Студенттермен амандасу, түгелдеу

  1. Үй тапсырмасын сұрау – 10-15 мин.

Үлестірме қағаздары арқылы студенттердің білімін тексеру.

1.Автомобильдің электр энергиясы қандай жабдықтарды қоректендіруге жұмсалады? – іштен жанатын моторды қосуға, жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, электронды басқару жүйесіне, бақылау,өлшеу приборларына.

2.Элетр тогы қандай жолдармен алынады? –механикалық және химиялық

3.Электрондардың өткізгішпен бағытталған қозғалысын не жеп атайды? –электр тогы.

4.Электр жабдықтарының приборларын жалғастыратын өткізгіштер ретінде қандай сымдар пайдаланылады? –алюминий ,мыс.

5. Элетр тогын мүлде өткізбейтін материалдар-эбонит,резенке,пластмассалар,маталар.

6.Элетр тұтынушыларын қалай қосқанда ток оларға жеке-жеке қосылады? –параллель

7.Электр жабдықтарының приборларында кеңінен қолданылады –электр магниттері

8.Жартылай өткізгіштерде қандай қоспалар болады? – алюмний ,индий сияқты 3валентті қоспалар

9.Транзистордың қызметі –тізбектегі токты күшейту және үзу

10.Жартылай өткізгіш пластинкасына өтетін ток бағыты- тіке бағыт

  1. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.

Студенттердің жауап бере алмаған сұрақтарына тоқталу,толықтыру

  1. Жаңа сабаққа кіріспе – 3-4 мин.

Кіріспе сұрақтары арқылы студенттер назарын аудару:

1.Автомобильдерде іштен жанатын моторды жанғыш қоспаны тұтату үшін не керек?-электр энергиясы

2.Ал,электр энергиясын қайдан аламыз? –аккумулятор

3.Жалпы аккумулятор батареяларын қайда қолданып жүрсіңдер?

  1. Жаңа сабақ – 20-25 мин.

Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.

Аккумулятор (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.[1]Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері:

қышқылды; сілтілі.

Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі: ашық; жабық.

Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады

Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

Қарапайым қорғасын аккумулятор (сурет) электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттен пластиналардың беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.

Аккумулятор батареясы (сурет) ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды.

  1. Жаңа сабақты пысықтау – 30 мин.

Студенттерді 2 топқа бөлу.

Кім білімпаз I тур 2 топқа кезекпен сұрақтар қою әр дұрыс жауапқа 10 б

  1. Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері? қышқылды; сілтілі

  2. Аккумулятор д.з не?- (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап

  3. Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі? - ашық; жабық.

  4. Аккумулятордың қызметі ?- электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

  5. Кышкылды аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары қандай?- өздігінен жоғары разрядталуы, мерзімінен бүрын разрядталуы

  6. Кышкыл денеге түскен кезде не істеу керек?- зақымданған жерді алдымен сумен, содан сон 10% -дық мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек.

Қатесін тап II тур 2 топқа сурет беріледі, суреттегі номерацияны дұрыс жазуы қажет.

Нысана ойыны Нысана ұпайлармен сызулы болады, әр ұпайға байланысты сұрақтар болады, жауап берсе ұпай алады, жауап бере алмаса -5 шегеріледі.

    1. Жиналатын энергия түріне сәйкес аккумулятор қалай бөлінеді? электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор 50 балл

    2. Аккумулятордың қызметі? электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. 10 балл

    3. Аккумулятор батареясының құрылысы? ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиыны орналасқан. 40 балл

    4. Электролитті қалай дайындайды ? химиялық таза күкірт қышқылы мен тазартылған судан 20балл

    5. Егер суды қышқылға құятын болса қандай реакция болады? , тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап, ыдыстың ернеуінен асады, ал денеге тисе күидіріп жіберуі мүмкін. 30 балл

Проблемалық сұрақ

Сендер Астана қаласынан Алматы қаласына жеңіл Лада 2110-автоколігімен жолға шықтыңдар. Көліктеріңде өздеріңмен ұялы телефон зарядкасы, фотоаппарат 9батарейкасымен, ноутбук жане жолға алған азық-түліктерің бар. Қызылорда қаласына 100км жақындағанда, далалы жерде коліктеріңнің аккумуляторының күші таусылды. Кун суық автоколікті қалай оталдырасыңдар? Бұл сұраққа жақсылап ойланып жауап берулерің үшін 7мин уақыт бар кімде кім дұрыс жауабын тапса 5 койылады.

7. Жаңа сабақты қорыту,бағалау 6-7 мин.

Студенттердің жауап бере алмаған сұрақтарына тоқталу,толықтыру

Студенттерді бағалау.

8.Үй тапсырмасын беру – 2-3 мин.

Жаңа тақырыпқа конспект жазып келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
1271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі