Материалдар / Ашық сабақ "Аңдар бізде қонақта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Аңдар бізде қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаттығудың адам денсаулығына пайдасы мен шипасы туралы түсіндіре отырып іс жүзінде көрсету. Балалардың дене белсенділігін дамыту,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу. Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
695
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ақбөпе» бөбекжайы



















«Аңдар бізде қонақта»

(Балапан кіші тобы)









Тәрбиеші: А.М.Жанакова













2020жыл


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі


Тобы: «Балапан» кіші тобы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Аңдар бізде қонақта»

Мақсаты; Балаларға жаттығудың адам денсаулығына пайдасы мен

шипасы туралы түсіндіре отырып іс жүзінде көрсету. Балалардың дене белсенділігін дамыту,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.

Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмір

сүру салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,ойын.

Билинговалдық компаненттер: Таяқша-палка-stick,қоян-заяц-rebbot,түлкі-лиса-fox.

Барысы:
Спорт залына марш сазымен балалар шеңбер бойымен айналып жүріп, бой жазу жаттығуларын жасайды.

  • Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көптеген қонақтар келіп қалыпты қонақтарға амандасайық.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Қуанышты бүгін күн,

Қайырлы таң айтатын.

Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, апайлар!

Музыкалық сәлемдеме ( өлең жолдарын қайталау арқылы, жаттығулар жасау.)

- Балалар, қараңдаршы, біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз. Біз қандай баламыз?

2. Тосын сәт: Қоян,түлкі келеді.

- Балалар, мен сендерді алыстан іздеп келе жатырмын. «Балапан» тобының балалары жаттығуды жақсы жасайды, сымбатты деп естідім. Біз сендермен бірге жаттығу жасап үйренейік деп өзіммен бірге орман аңдарын ерте келдім.

Балалар түлкі, қоян, жаттығуды қалай жасайтынымызды көрсетеміз бе? (доппен жаттығу жасау)

1. «Жоғары төмен» Б.қ: аяқ сәл ашық. Қолда доп жоғары-төмен көтереміз. 1-2, 3-4 2. «Иілу»Б.қ : аяқ сәл ашық, Қолда доп 1-2 оңға қарай иілеміз. 3-4

3. «Отырып тұру» Б.қ:аяқ иық көлемінде,допты алға созып отырып тұру,б..қ келу.

4. Б.қ:отыру,аяқ алшақ қойылған,допты жоғары көтеріп аяқтың ұшына тигізу,б.қ келу.бастапқы қалпқа келу.

Қоян: Біз де құр келген жоқпыз.Сендерге тапсырмалар алып келдік.

2.Негізгі жаттығу түрі:

1. Құрсаудан құрсауға секіру

2.Доғаның астынан еңбектеу.

4. Қимылды ойын: «Көжектермен түлкі»

Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа баулу.

Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек болып, дөңгеленіп отырады.

Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы

Беттеріңді жушы

Ну орманға барайық

Тамақтанып алайық.


Балалар:

Жалаңдаған қу түлкі

Келіп қалыпты орманға

Көжектерің қайда деп.

Қуып келді соңынан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

- Қалай қонақтар шаршадыңдарма?Біздің балалар шаршаған жоқ,солай ғой балалар.

Дене шынықтыру, ойындар ойнау,балалар өмірін нұрландырады.Бұл салауатты өмір сүрудің негізі.Міне осылай бізге келіп тұрыңдар, бізде әр кез көңілді,денеміз шыныққан,жанымыз сау,әр кез татумыз.Сендерге ұнадыма біздің балалар?

Түлкі:-Ой қандай мықты,шымыр,тату көңілді балалар!

Сіздерден көп нәрсе үйрендік,кететін уақытымызда таяп қалды,

Сау болыңыздар!

Нұсқаушы:Балалар сендерге ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады?

Бізге нелер қонаққа келді?

Түлкі мен қоянға не үйреттік?

Қандай ойын ойнадық?

(Балалар тыныс алу жаттығуын жасап, қонақтармен қоштасып шығып кетеді.)



Күтілетін нәтиже:

Игереді:Доппен жаттығу жасауды,құрсаудан құрсауға секіру арқылы, доғаның астынан еңбектеуді, гимнастикалық орындықта жыланша жорғалауды.

Түсінеді : Жаттығудың денсаулыққа пайдасын,аңдар арасындағы достықты

Жасайды: Нұсқау бойынша, өз беттерінше.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!