МКҚК «Қ Ұ Р Ы Қ Б А Л А
Л А Р Ө Н Е Р М Е К Т Е Б І»
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Маңғыстау әуендері.
М.Шолтаман – «Талкеме»
Дәстүрлі ән мамандығының
мұғалімі: Токбаева
А.А.
Құрық
2020жыл
Бекітемін:
Директордың оқу
ісі
жөніндегі орынбасары
м.а.
________
А.А.Токбаева
«__» ________ 2020
жыл
Пәннің аты: дәстүрлі
ән
Сынып: 3
сынып.
Оқушы: Алибекова
Назерке
Оқытушы: Токбаева
А.А.
Сабақтың
күні:
Тақырып: Маңғыстау әуендері.
М.Шолтаман – «Талкеме»
Мақсаты:
-
Білімділік: талғамын одан
әрі өсіріп, Маңғыстау өңірі әншілерінің өмірбаяны мен шығармаларын
танып, өз бетімен іздену. Мамандығына қызығушылы мен ынтасын және
шығармашылық қарым-қатынас білімділігін
арттыру.
-
Тәрбиелік: музыкаға деген
шығармашылық белсенділігін ояту, өнерге
тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: жеке тұлғалық
қабілетін қалыптастырып, жан-жақты дамуына ықпал ету, патриоттық
рух беріп, Маңғыстау әуендерін түсініп, барынша нақышына салып
орындауға қалыптастыру.
Сабақ
түрі: жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу,
талдау жасау, ән сүйемелімен жұмыс жасау, орындап көрсету,
үнтаспамен ән тыңдау.
Сабақтың
көрнекілігі: домбыра, пульт, ән
кітаптары, музыкалық орталық.
Пайдаланған
әдебиеттер: А.Тілегенов – «Адайдың жеті
қайқысы», І.Шыртанов – «Маңғыстау әуендері». 1994
жыл.
Жоспар:
-
Ұйымдастыру кезеңі (2
минут)
-
Үй тапсырмасын тексеру (15
минут)
-
Жаңа сабақ (25
минут)
-
Бекіту, үйге тапсырма (3
минут)
Сабақтың жүру
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі: керекті құрал – жабдықтар,
аспаптың бұрауы, оқушының отырысы, қол қойылымы, оқушының назарын
сабаққа аудару, сабаққа дайындығын
тексеру.
-
Үй тапсырмасын
тексеру:
1) Қашаған – «Тойбастар».
І, ІІ бөлімін талдау. І бөлімнің сөзін жаттау. Қағысты
меңгеру.
2) Ғарифолла - «Сәлем».
Толық талдау, сөзін жаттау. Деммен жұмыс
жасау.
-
Жаңа
сабақ:
Маңғыстау
әуендері
ХІХ ғасырдың екіншң жартысы
мен ХХ ғасырдың басында Маңғыстауда аттары елге әйгілі жиырмаға
тарта әнші, күйшілер болған. Олардың ішінде әнші-күйші, сал-серілер
сапында: Жаңай Өскімбай Қалмамбетұлы мен Майлан Жары Шолтаман,
Қаржау Тұрсын мен Кенже Әділ, Жаманадай Тастемір мен Медет Жылгелді
және Мая Досатты айтады. Олар ел шінде «Адайдың жеті қайқысы»
атанған.
Дауысы Маңғыстау Көкжарға,
одан Орынборға, Харазм асып, Жаңғақтың ойына ендей еркін жеткен
Адайдың құдіретті әншісі, «Жеті қайқының» бірі –
Шолтаман.
Жарының Майлан тарауының
өнерпаз ұрпағы – Шолтаманның талант қырларына тәнтілік Маңғыстау
өңірінде ерекше. Маң даланың кербез керілген төсінде жарау ат
үстінде, керімсал самалға кеуде тосып келе жатып, қыз құрбыларына
арнап ауылды елең еткізерлік сезіммен салатын Шолтаманның бір әні
былай айтылады.
Дүние қызыл түлкі
бұлаңдаған,
Айтпаса кімнің сырын кім
аңдыған?
Барында тіршіліктің сөз
сөйлейік,
Бұл дәурен өтпей бастан
тұра алмаған!
Бұл – жарау Керторының
үстінде шырқау шабытпен ән салған Шолтаман да өз даусы. Даусының
кеңдігі, биіктігі жөнінен Шолтаман да басқа қайқылардан қалыспаса
керек. Бұл сөзіміздің растығын ел арасында айтылатын бір – екі
әңгіме мен атақты ақын Сәттіғұл Жаңғабыловтың естелігі дәлейдей
түседі. Енді сол әңгімелерге ден
қоялық.
Шолтаманның ауылы Мәстек
маңында отырады. Ол кездеде өнер адамдары бір шыққанда апталап, ел
аралап келетін болған. Шолтаман осындай бір сапарға кеткенінде
ауылдағы анасы таңертең ерте шаруа күйбіңмен үйге кіріп–шығып жүріп
алыстан талып жеткен ән сазын естиді. Баласының оралуын күтіп
жүрген ана:«-Ойпыр–ай, Шолтаманның болмаса етті», - деп ойлайды да
қояды. Шолтаман да ауылға келеді.
-Жарығым, естілген ән сенің
айтқан әнің бе, қай тұста келе жатып айтып едің? – деп сұрапты
анасы.
Сонда
Шолтаман:
-Ат үсті, жол соқты болып
зерігіп кеткен соң, Қаратүйенің құлауынан айтқан едім, - деп жауап
береді. Ал бұл арлық, есеп бойынша қырық – леу, шақырым жер. Міне,
дауыс деп осыны айт!
Екінші бір әңгіме желісі
былай сабақталады. Бірде Арқаны дүбірлеткен Әлім елінің тойы
болады. Сол тойға Адай елінен осы елдің жиені Қоштай бастаған
өнерпаздар келген. Қоштай тобында өнерден құралақаны
болмаған.
Тойға бағыт алған Қоштай
тобы ұлы бәйге басталар сәтке үлгере алмайтын болғандықтан
қызылжалқын күн шығар, сәт болғанда Қоштай
Шолтаманға:
- Ән сал, біздің келе
жатқанымызды нағашы жұртым сезсін. Бәйге басталуын күттірер, -
депті.
Жүргінші топ аттарын сар
желіске салып ілгерілей беріпті. Шолтаман Маңғыстаудың маңғаз,
даңғайыр даласының ол шетімен бұл шетіндей шырқау биік даусына ерік
берген екен дейді. Әнді шырқай келе әуелетіп қайырғанда астындағы
аты сүріне түсіп ілгерілей берген.
- Шолтаман, атың әннің
қайырмасына келгенде ылғи сүрінетіні несі? – депті
Қоштай.
- Аға, ән деген киелі өнер,
Әйтпесе, менің керторыма не көрінді дейсіз, - деулі Шолтаман.
Сонымен не керек, алыстан естілген шырқау ән Қоштайлардың келе
жатқан хабары екенін білген нағашылары үлкен бәйгені жиендері
келгенше кідіріпті.
Ал, Шолтаманды көзі көрген,
бірге де болған Сәтекең, былайша тебіреніп еске алады. «Жастау бала
жігітін. Бозашыдағы Сорқұдықтың басынан он сегіз адам «Қазбадағы»
Тоқтамыс руының қыз ұзату тойына жүрп кеттік. Қыз Қожантай руына
ұзатылмақ. Жаздың да бір ыстық кезі еді. Келе жатқан бағытымыз
көлеңке бет. Мезгіл күннің қызылы батар–батпас кез болатын. Ауылға
дауыс естілетіндей жер қалды–ау дегенде қасымыздағы үлкендер жағы:
- «Шөке, ән салшы,» - деді.
Шолтаман көтере жортып келе
жатқан серіктеріне жағалай бір қарап алып, өзінің «Дәләйшім» әніне
салып қоя берді. Даусының күштілігі сондай, жақындау келе жатқандар
құлағын баса қояды. Жасым тоқсанға келді ондай зор дауысты адамды
көргенім жоқ,» - дейді екен.
Біздің қолымызда әзірге
Шолтаманың өмірі, тарихы жоқ. Ал шығармаларына келсек, ол да
санаулы. Бүгінгі таңда бізге «Дәләйшім» әні белгілі. Екіншісі сазы
белгісіз болғанымен аты « Сарыөзен» болуы ықтимал, мына бір ән
жолдары:
Барады ауыл көшіп
«Көлтабанға»,
Салайын «Сарыөзенге» -
Шолтаманға,
Алтайы қызыл түлкі амалың
көп
Бір күні кездесерсің қыран
панға.
Түнеред қара бұлт
жауарында,
Шалқұйрық ыңыранад
сауарында,
Жігіттің иті қыран
жүріреді
Басынан бақ, дәулеті
ауарында.
Дүние қозғалады тимесең
де,
Өткен күн қайта айналмас
сүйресең де,
Келгендде тура қаза амалың
жоқ
Ғаламды он сегіз мың
билесең де!
Тағы да: Шолтаман ауылы Жем
бойында Көбірек отырған сияқты. Бірде ағайындары Нарын құмын
айналып, қайта келгенде айтқаны деп айтылатын төмендегідей бір–жыр
шумақ ән жолдары белгілі:
Қылаңның жалтылдайды жез
кіліті,
Пәнидің ашылады малмен
кілті,
Көп ай да көрмегелі көп күн
болды
Нарының аман ба екен қыз –
жігіті?!
Алладан бұйрық болса
оралармыз?
Бар ма екен ме деп бізді
үміті?
Бейнеулік Әндіров Қорғанбай
қарттың айтуы бойынша Шолтаманның үш жүзге тарта әні болған
көрінеді. Оны Шолтаман үш топқа бөліп: «Дөңсар», - ат үстінде салып
келе жатып айтылатын әндер тобы (Ән алысқа жетуі үшін үш шарт:
біріншісі – ауа тымық болуы, екіншісі – жердегі шөптің көктігі,
үшіншісі – ауаның дымқыл болуы керек дейді екен). «Сарыөзен» - жиын
тойларда салатын әндер тобы. «Жаяу қоңыр» - отбасында, балаларымен
үйде отырғанда айтылатын әндер тобы. Бұл да әншінің бір ерекшелігі
болса керек.
Дәләйшім
Шолтаман
Екеу-екеу мінеміз тал
кемеге
Екеу қайтіп сиямыз тар
кемеге
Он сегіз бен жиырманың
арасында
Ауытқиды ит көңіл әр
немеге.
Қара бұлақ қайнары тастан
шығар,
Ақын жүйрік жұлқынған
жастан шығар,
Аяғынды жігіттер андап
басың
Алыс емес дұшпаның, достан
шығар.
Сыпыра
жыра
-
Сабақты
бекіту:
Сабақты бекіту
сұрақтары:
-
Шолтаман қай өңірдің
әншісі?
-
Не себепті жеті қайқы
атанған?
-
Қандай шығармаларын
білсің?
5. Үйге
тапсырма:
1) Қашаған – «Тойбастар».
ІІІ бөлімін талдау. ІІ бөлімін жаттау. Қағысты әлі де
меңгеру.
2) Ғарифолла - «Сәлем».
Пысықтап, қорытындылау.
-
Бағалау.
Өнер деген қиындығы мен
қызығы мол жолда – жүрегі, жаны қазақ деп соғатын ұрпақ
тәрбиелеймін деп сенім білдіремін.