Материалдар / Ашық сабақ "Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңа білім мазмұны бойынша 4 сынып мұғалімдеріне математика сабағынан қысқы мерзімді жоспар құруда көмегі тиер деген ойдамын. Қалыптастырушы бағалау түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады? деген сұрақтарға жауап ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
845
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


















«Бақытты балалаық шақ» атты ертеңгілік



Руководитель :Саурбаева Алия Кабдлгалыковна



























«Бақытты балалаық шақ» балабақшамен қоштасу ертеңгілік


Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар,ата-аналар!

Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Екібастұз қаласының №23 «Балауса »балабақшасының « Бағын тобының түлектері» «Бақытты балалық шақ» Ұшағымен келіп қонды. Залға балалар әуенмен кіріп келеді.

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс

1-жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейіп

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

1.Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Мектепке біз барамыз

2.Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

3.Мәпелеген анамыз

Бақша болды панамыз

Мектепке енді барамыз

Оқып білім аламыз.

4.Мектепке енді барамыз

Оқимыз сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

5.Балабақшам қош енді

Әркез аман бол деймін

Әке менен шешемді

Енді ертіп келмеймін.

6.Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

7.Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сиқырлы бала бақпен

Танысып мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен даналықпен

2-жүргізуші:

Мерекеде сызылып ән салады

Ән айтып би де билеп жансалады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: Мен мектепке барамын

Жүргізуші:

Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде бәрі сақталсын.

Би «Қоштасу вальсі»

Балалар отырады.

(көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді)

Жүргізуші: Ау,бұл кімдер шаңдатып жібердіңдер ғой мына жерді?

Қожа: Менің атым Қожа,ал мынау менің досым-Сұлтан.Біз көрші ауылға сабан тойға бара жатырмыз.

Жүргізуші: Қайдағы той,сабақ қайда?

Сұлтан: Басыңды қатырып неге керек,мен мектепте оқыған емеспін,сонда да аштан өліп,көштен қалған жоқпын.әкемнің жылқыларын бағамын.

Жүргізуші: Сонда да ,қалайша та-анаң мектепке апармады ма?

Сұлтан:Апарды ғой ,бірақ маған ұнамады,күштеп апармақшы болып еді, мен көлге қарай қаштым,содан әкем оқымасаң,оқымай-ақ қой деп райынан қайтты.

Қожа: (сықылықтап күліп)- Ой, қатырған екенсің мен де солай істемесем.

Жүргізуші: Бүгін бізде той,келіңдер білім сайыстырайық.

Сұлтан: Қазір мен кастинг жариялаймын! (Орындыққа шығып айқайлайды) : КАСТИНГ! Қабылдау-қазақша айтқанда! 0 деген номерлі мектепке кім барады? Оқу тегін!

Қожа: (балаларға қарап зағылады) Баратындар жоқ па?

Сұлтан: Келісіңдер ,өкінбейсіңдер!

Қожа:Солтеке,барғылары келмейді ғой мыналардың!

Сұлатан: Біз сендерді жақсы тәрбиелейміз! (көздерін қысады)

Қожа: Қазір біз сендерді мектепке дайынсыңдар ма, тексереміз!

Ойын: «Таңғы жарыстар»

2 отбасы ойнайды.Бала портфелін жинайды,анасы гүлдерді жинайды, әкесі шар үрлейді.Барлық атрибуттар үстелде араласып жатады ( шарларды артығымен салып қою) .Жиналып болған соң отбасы залдың арғы жағына жүгіріп барып қоңырау соғады.Қай отбасы тез жиналып,қоңырау шалса сол жеңеді.

Сұлатан: Мен санау білемін. 1,3,5,4,2

Ғалым: Дұрыс па балалар? Қане кім санап береді?

(Балалар үш тілде санайды)

Ғалым: Математика ең қажетті ғылым.Ал,ол үшін цифрларды білу керек және олармен дос болу керек.

Жүргізуші: Балалар,дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә!

Ғалым:Тырнаның сабағына 5 сауысқан ұшып келді. Солардың ішінде тек үшеуі ғана сабақ қарады.Сабаққа неше сауысқан ұшып келді?

Балалар: Бес

Ғалым: Жарайсыңдар дұрыс. Тиінге қонаққа көршісі келді. Бұтақта отырып бес-бес жаңғақтан жеді. Тиіндер неше жаңғақ жеді,қане,санап көрейік!

Балалар: Тиіндер он жаңғақ жеді.

Ғалым: Жарайсыңдар,балалар! Сендермен өте қызықты. Тағы да бір тапсырма шешіп көріңдер.Орындары ауысқан әріптерден сөздер құраңдар.

(Интерактивті тақтада шашылған әріптер көрсетіледі)

Балалар «Әліппе» сөзін құрайды.

Рахмет,өркендерің өссін сендердің арқаларыңда біздің бәйтерек қайтып жайнап көтерілді. Білім әлеміне аттағалы тұрған алғашқы қадамдарың құтты болсын.

Сұлтан: Сендерге қарап өзім үшін қатты ұялып тұрмын. Шынын айтсам оқымағаныма өкінемін.Мен тек қолымдағы саусақтарым жеткенше санай аламын. Мен сияқты болмаңдар оқыңдар,балалар.

Қожа: Қой мен де мектепке барайын сау болыңдар,балалар!

1-жүргізуші:

Ән саламыз бас қоса,

Бақшаменен қоштаса.

Күніміз тұрсын күлімдеп,

Жүрейікші достаса.

2-жүргізуші:

Көңілді өскен баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Тойымызға сән беріп,

Ән де айта аламыз.

Ән «Балауса»

1-жүргізуші:

Алуға терең білімді,

Мектепке енді кеттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойларың!

(Әуенмен ортаға ғұлама Ғалым келеді)

Ғалым: Уа,халайық,менің патшалығымда жайсыз жағдай болып тұрғаны біздің патшалықтың көркі болған,білім бәйтерегі жеміс бермей солып барады оған себепші,жалұау,сабақ оқымайтын бос өткізілетін балалар.

Өнерменен білімнен

Нәр алатын бәйтерек

Еңбекқормен талаптыға

Жеміс берер бәйтерек

Саясы оның талайға

Пана болған бәйтерек

Жемісін жеп талайлар

Дана болған бәйтерек

Енді солып барады

Кім құтқарып қалады

-Біздің бәйтеректі,өнерлі ,білімді балаларға ғана құтқара алады.

Жүргізуші: -Бізде ондай балалар көп, олар оқу санау және аспаптарда ойнау біледі.

ОРКЕСТР: «МЕКСИКАНСКИЕ ПЕРЦЫ»

Ғалым: Талаптарыңы нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер.

Тақпақтар:

1-бала:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

2-бала:

Есіңде ме әке-ана

Бірден жаңа асқанда

Кіп-кішкентай мына мен

Әкелгенің бақшаға

3-бала:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біз мектепке барамыз

4-бала

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мен мектепке барамын

Балабақшам қош енді

Бала бақша меңгерушісі Темирова Б.Е құттықтау сөзі:

Балалардың орындауында қощтасу «Гүлдер вальсі»

Ойын: «Портфель»

Балалар мен ата аналар мектепке ғана керек заттарды салады.

Өлең «Қош,бол балабақша»

Естелік фотосурет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!