Ашық сабақ "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пән мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:Ғани Мұратбаев.

2 бөлім:Сәндік-қолданбалы өнер Мұғалімнің аты-жөні:Алпарова.Г.И.

Күні: Қатысқандар:

Сынып: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу.(Мойынорағыш,үшкіл орамал,тіреуіш,ұялы телефондардың қабы).Материалдарды дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4. Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар,көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

Сабақтың мақсаты

Табиғи және химиялық тоқыма талшықтарды олардың қасиеттері жайлы сипаттайды.

Әр түрлі бұйымдар дайындауда техникалар, көркемдік материалдарды қолданады.

Көркемдік материалдарды қолданып эксперимент жасайды.

Бағалау критерийі

Табиғи және химиялық тоқыма талшықтардың қасиеттерін айтады.

Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Әр түрлі материалдарды қолданып эксперимент жасайды.

Тілдік мақсаттар

Сыныптағы диалог:

1.Шалма бізбен қандай жіптерді тоқуға болады?

2.Шалма бізбен тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?

3.Шалма бізбен тоқу кестесін дайындау үшін қандай шартты белгілер мен атаулар қолданылады?

Пәнге тән лексика мен терминология: шалма біз,талшық,химиялық талшық,жүн, жібек.


Құндылықтарға баулу

Басқалардың ойы мен пікірін құрметтеу. Құрмет құндылығы

Ұлттық өнерді құрметтеуге үйрету. Қазақстандық патриотизм құндылығы.

Шығармашылық идеяларын дамыту және зерттеу. Өмір бойы білім алу құндылығы

Пәнаралық байланыс

Тарих – Шалма біздің шығу тарихы.

Математика-тәжірибелік жұмыс жасағанда,шалмалардың санын есептеу.

Алдыңғы білім

Бұйымның нобайын дайындай алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар

Сабақтың басы

Топтарға бөлу: Түрлі-түсті тоқыма жіптер

арқылы топқа бөлу

1-топ. Көк

2-топ. Қызыл

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз.

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3рет шапалақтаймыз.

Түрлі-түсті тоқыма жіптер.


Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс

«Интервью»әдісі.

Жалпыға арналған тапсырма.

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

- Шалма бізбен қандай жіптерді тоқуға болады?

- Шалма бізбен тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?

- Шалма бізбен тоқу кестесін дайындау үшін қандай шартты белгілер мен атаулар қолданылады?

Дескриптор:

  • Ашық сұрақтарға өз пікірлерін айтып, жауап берді.

  • Шалма бізбен тоқу түрлерін біледі.

  • Шартты белгілер мен атауларды біледі.

Қалыптастырушы бағалау.

«Смайлик» әдісімен оқушыларды бағалау

Жұптық жұмыс

Тәжірибелік жұмыс.

«Шалма бізбен тоқуды үйрену» бейнеролик көрсету.

Оқушыларға тоқудың әдістері мен шартты белгілері бар нұсқау қағазды тарату.

Оқушылар кестені пайдаланып, тоқуды бастайды.

Оқушылар шартты белгілер арқылы тоқуды үйреніп,бір-бірінің тоқыған тоқымаларын жалғастырды.

1 қадам-Қатар жасау.

Қарапайым шалулар арқылы қатар жасау.

2 қадам - Ілмекті шалуға кіргізу.

3 қадам - Шалуды байлау.

4 қадам- Қайта бұрылатын шынжыр орындау.

5 қадам-Өз кестесі бойынша тоқуды жалғастыру.

Тәжірибелік жұмыс барысында мұғалім жұмыстың орындалуын және қауіпсіздік техникасы ережесінің сақталуын бақылайды.

Тәжірибелік жұмысты аяқтаған соң оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • Тоқудың қарапайым әдістерін қолданады.

  • Оқушылар кестені пайдаланып, тоқуды орындайды.

Қалыптастырушы бағалау : «Көршіңізге айтыңыз» (ауызша)


Ноутбук.

Стикерлер,түрлі-түсті маркерлер.

Смайликтер.



















Тәжірибелік жұмысқа қажетті материалдар:тоқыма жіптер,шалма біз,қайшы,нобай,кесте.

Сергіту сәті

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Бейне жазба.

Сабақтың соңы

Топтық жұмыс.

«Өрмекші» әдісі

(постерде)

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.


«Білім қоржыны» кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.


Рисунок 1

Ватман,түрлі-түсті маркерлер,стикерлер.









Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жұптық жұмыс кезінде қабілетті оқушылар өз білімдерін басқа оқушылармен бөліседі.

Дескрипторларға сүйеніп үлгермеуші оқушыларға бағыт бағдар беріп, оқу мақсатына жетуге ықпал жасаймын.

Бірін-бірі бағалау. «Смайлик»әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

«Білім қоржыны» кері байланыс.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Сергіту сәті.

Тәжірибелік жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау:

-Мұғалім нұсқауы бойынша ғана әрекет ету.

-Жұмыс кезінде бір-біріне бөгет жасамау.

-Шалма біз, қайшыны абайлап пайдалану.

-Жұмыстан кейін өз жұмыс орнын тазалау.

Сабақ бойынша рефлексия




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
4197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі