Материалдар / Ашық сабақ "Асанқайғының жерге айтқан сындары" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Асанқайғының жерге айтқан сындары" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға арналады. Ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары жарияланған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
1832
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ:

«Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы гимназия

Күні:19.10

Мұғалімнің аты-жөні: Әлиасқарова М.Қ

Сынып:5

Қатысқандар: 27 Қатыспағандар:

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.3.3.Т/Ж3.оқиғаның ретін сақтай отырып,көркем шығармадағы образдардың іс-әрекеттерін баяндау.

5.5.4.4.А/И4 көркем шығармамен танысу арқылы өзіндік шығармашылық қабілетін өлең, эссемен жазып көрсетуге дағдылану.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Көбі: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір і:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

Жетістік критерийі:

1.Аңыз –әңгіме бойынша жер-су аттарын табады.

2.Аңыз үзінділерін сәйкестендіреді.

3.Аңыз-әңгімеде кездесетін өзендерді картадан табады.

4.Тақырыпқа сай мақал-мәтел айтады

5.Өз ойларын жүйелі жеткізеді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Аңыздан жер-су аттарын тауып,сыни ойларын айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:аңыз, әпсана, миф.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Аңыз  дегеніміз  не? 

  2. Қалай ойлайсыңдар, Асанқайғы жерұйықты тапты ма?

  3. «Отан оттан да ыстық» деген мақалды қалай түсінеміз?

  4. Не себепті Асанқайғы ел-жерді аралады деп ойлайсыңдар?

Алдыңғы оқу:

«Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Асан атаға хат

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


10.10-10.18

2мин


2мин







2мин

2мин




10.18

Психологиялық ахуал/-Оқушылар, сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге күле қарап, алайық/


Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сыныпты топқа бөлу.Асанқайғының өмір дерегі бойынша топтарға бөлу /мекен еткен жағасы, өңірі,облысы, ауданы/

1-топ. «Арал» тобы

2-топ. «Сырдария» тобы

3-топ. «Шиелі» тобы

4-топ. «Қызылорда» тобы

Топ ережесін сақтайды.

Асанқайғы туралы бейнетаспа

Рефлекция:

-Сонымен, балалар, неге Асан ата «қайғы» атағын алған?

- «Желмая» дегеніміз қай түлік түрі?

-Неге желмаяға мініп, ел кезді?

/Сұрақтарға жауап берген оқушыларға бір-бір түйе беремін/

Қима қағаздар,


BilimLand.kz


Сабақтың ортасы

10.18 -10.30

4мин





Сөйлеу 8мин


10.30 1мин



Сергіту сәті

10.32 1 мин

10.29-10.32

«Жұптас.Ойлан.Бөліс» стратегиясы

1-топ. «Арал» тобы

Аңыз –әңгіме бойынша жер-су аттарын табу.

2-топ. «Сырдария» тобы

Аңыз үзінділерін сәйкестендіру.

3-топ. «Шиелі» тобы

Аңыз-әңгімеде кездесетін өзендерді картадан табу.

4-топ. «Қызылорда» тобы

Тақырыпқа сай 5 мақал-мәтел айту

Бағдаршам арқылы бағалау./Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар бар. Тапсырмадан кейін әр оқушы өзін-өзі бағалап көтереді және топты бағалап, желмая мінгізеді//

«Қыдырып қайтайық!» би билеу /0,24мин бастау/

Географиялық карта,

оқулық, интерактивті тақта, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, смайликтер.







Аудиотаспа Т.Төреғали, Ф.Жолдасова

Сабақтың соңы

10.32-10.42

10 мин





10.45 3мин






10.47 2мин

«ПОПС» формуласы

1.Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,...»

2.Екінші сөйлем «Себебі,біз оны былай түсіндіреміз...»

3.Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз...»

4.Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдік...»

Рефлексия.

-Қалай ойлайсыңдар, Асанқайғы жерұйықты тапты ма?

«3Қ» әдісі. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын, ұсыныс-тілектерін үш «қ» дыбысы бойынша қорытындылап, жазып жеткізеді. Маған қиын болды.Маған қажет болды. Маған қызық болды.

Рефлекцияны оқу


10.47-10.48 1мин

Үйге тапсырма

Асанқайғыша толғау « Әркімнің туған жері – Жерұйық»


2мин

10.48-10.50

Бағалау

Қорытындылау /Ұпай сандары бойынша/


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Тапсырма оқушылардың қабілеттеріне қарай жеңілден ауырға қарай дамыта берілді. Қабілетті оқушыларға белсенділіктерін дамыту үшін жер-су аттарын зерттеу тапсырылады.


Тарих, география, музыка,АКТ

Рефлекция

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушыла рне білді?Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.










































































Мекен еткен жағасы



Мекен еткен жағасы



Мекен еткен жағасы



Мекен еткен жағасы




Мекен еткен жағасы



Мекен еткен жағасы



Мекен еткен жағасы




Туған облысы




Туған облысы




Туған облысы




Туған облысы




Туған облысы




Туған облысы



Туған облысы



Туған ауданы



Туған ауданы



Туған ауданы



Туған ауданы



Туған ауданы



Туған ауданы



Туған ауданы


Туған өңірі



Туған өңірі



Туған өңірі



Туған өңірі



Туған өңірі



Туған өңірі

АСАНҚАЙҒЫНЫҢ  ЖЕРГЕ АЙТҚАН СЫНДАРЫ

Асанқайғы желмая мініп желдіртіп,  Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен:

Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,— екен депті.

Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үш қара» атанған екен таудың аты.

Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.

Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.

Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен»,— депті.

Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шілдерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.

Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?» — дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май»,— деп жүре беріпті.

Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.

Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.

Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.

Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.

Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.

«Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,— депті.

Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.

Асанқайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.

Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау!» — депті.

Яссы қаласын (қазіргі Түркстан) олардың қожа-молдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.

Шыңғырлауды көргенде: «Ай Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау сен өсірдің!» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік»,— деген екен.

«Ай Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдыңау есіл ,ерім-ай»,— деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен. Асан қайғы Бекарыс тұқымынан, Орта жүз; қайтыс болған жері Ұлытаудың басы болса керек.





































































Сәйкестендір



Торғай өзенін көргенде...











Есіл өзенін көргенде..





Терісаққан деген өзенді көргенде...




«Жеті қоңырды көргенде...




Нұраның бойын көргенде:




«Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.



«Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.




«Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.




«Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.


Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.



Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда...

«Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.


Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде...

«Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.
















1.Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,...»





2.Екінші сөйлем «Себебі,біз оны былай түсіндіреміз...»






3.Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз...»






4.Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдік...»

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!