Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Астана арман қала"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні |
Пәні |
Әдебиеттік оқу |
3 «Б» сынып |
Мұғалім: Забенова А.Е |
||||||||||
Тақырыбы: |
М. Әміреұлы. Астана-арман қала. |
|||||||||||||
Мақсаты: |
Бас қаламыздың мән-мағынасын түсінуге жол салу, сыни ойлауға үйрету; өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту; Отанды сүюге тәрбиелеу. |
|||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
|
|||||||||||||
Қолданылған модульдер:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық. |
|||||||||||||
Негізгі дерек көздері және қолданылатын құрал – жабдықтар: |
Оқулық, арнайы дәптерлер, интербелсенді тақта, презентация , гүлдердің суреті,түрлі түсті маркерлер, постерлер,тілек ағашы. |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
Кезеңдері Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Бағалау |
|||||||||||
Тренинг (1мин) |
Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау . Оқушыларды тұрғызып, көңіл-күйлерін көтереді.
|
Сабаққа дайындалып, зейіндерін аударып, ден қояды. Интербелсенді тақтадағы өлең жолдарын оқып, қимылмен көрсетеді: Асқақтай бер,
Астанам! |
|
|||||||||||
Кіріспе (1 мин) Топқа бөлу (2 мин) |
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады. Казақстанның тарихында Астана ерекше орын
алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми
тұсау кесері өткізілді.
Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала.
Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға
айналды Тапсырмаларды табысты орындауға қадамдар жасатады. Оқушыларды топқа бөледі, топ ережесін құрастыруға көмек көрсетеді. |
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Өз топтарына жайғасады. Доптарда 1,2,3 деген сандар берілген. Сол сандар бойынша топтарға отырады. «1» саны барлар бірінші топ, «2» саны барлар екінші топ, «3» деген сандары барлар үшінші топқа жайғасып отырады. Топ ережесін құрастырады. |
|
|||||||||||
Білу (6 минут) |
1-аялдама. Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші – “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады. Сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын шығару. «Астана», «Елорда», «Елбасы». |
Ауызша сұрақтарға жауап береді. Ең қажетті идеяны шығарады. Сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын шығару. «Астана», «Елорда», «Елбасы». Топ басшысы мен сарапшыны таңдап алу. Сарапшы сарапшы қағазын толтырып отырады. Жасыл стикері бар оқушы сарапшы болады. Сары стикерлері барлар топ басшысы болады.
Астанадағы өзгерістер туралы әңгімелейді. «Астана-Бәйтерек» кешені туралы білетіндерін ортаға салады. (ауызша)
|
Ауызша мадақтау
Ауызша мадақтау. |
|||||||||||
Түсіну (6мин) Үй тапсырмасын қайталау |
2-аялдама. «Қазақ елі» монументі. «Қазақ елі» -халқымыздың көне тарихын, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен. Монументтің ұзындығы 91 метр. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» атануы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздіктің символы. Сұрақтар бойынша әңгімеге тартады: . Оларды диалогке тарту. |
Болат Үсенбаевтың «Менің туым» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Өлең мазмұнына салып келген суреттерін ортаға салады. Ауызша сұрақтарға жауап береді |
«Жұлдыз шалармен» бағалау |
|||||||||||
Сергіту сәті (2 мин) |
Ал, енді демалатын да сәт
келді. Астана қаласында демалатын
орындар өте көп екен. |
Музыка ырғағымен, билеп, сергіп алады |
|
|||||||||||
Қолдану (12мин) |
Ал келесі аялдама; Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Президент сарайы. Ақордада Президентіміз шет елден келген елбасыларын қабылдайды. Түрлі жиналыстар өтіледі. Енді Президент сарайынан бізге мынадай тапсырма келді. Оқулықпен жұмыс. «Астана –арман қала» өлеңін мәнерлеп оқу. Автор туралы мәлімет береді (М. Әміреұлы.) -Өлең не туралы? -Бәйтерек туралы не білдіңдер? Сөздердің мағынасын қосымша түсіндіреді. Мысалдармен дәлелдейді. (бағыт бағдар береді) |
Автордың өмірбаянымен танысады. Ауызша сұрақтарға жауап береді «Астана-арман қала» өлеңін өздері іштерінен оқиды, таныс емес сөздің астын сызады. Топ мүшелері ақылдасып әр топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқып береді. Берілген сұрақтарға жауап беру. Астана тобы: - Өлең неліктен осылай аталған? Елорда тобы: Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра астана туралы әңгімеле. Елбасы тобы: Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтардан оқуға болады? |
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды |
|||||||||||
Талдау (6мин) |
Келесі аялдамамыз «Пирамида». Бейбітшілік пен келісім сарайы Пирамида Елордамыздың төрінде тұр. Елбасымыздың дана саясаты осындай жеміс берді. Пирамида Қазақстандағы ғұмыр кешіп жатқан 130 ұлттың және 40- тан астам конфессиялардың келісімдері мен татулықтарының да символы. Сондығынан ол Бейбітшілік пен келісім Сарайы деп те орынды аталды. Постер жасау. Әр топ «Астана – арман қала» тақырыбы бойынша постер жасайды. Оны қорғайды. Балаларға ой тастайды, бағыт-бағдар береді |
Бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты постер жасайды. Әр топ өз постерлерін таныстырып,қорғайды. |
Бірін-бірі бағалау |
|||||||||||
Жинақтау (3 мин) |
Ал келесі аялдама Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Жастар сарайы. Бұл университетте дарынды студенттер оқиды. Олар бізге тапсырмалар беріп жіберіпті. «Кім шапшаң» ойыны Сұрақтар қояды. |
«Астана- арман қала» тақырыбы бойынша ойларын қорытындылап айтады. «Кім шапшаң»
ойыны |
Бірін-бірі бағалау |
|||||||||||
Рефлексия (2 мин) |
7-аялдама: Мешіт үйі «Нұр –Астана» Мешіт үлкен, айт намаздарына Астана халқы жиналады. Презідентіміз келеді. Әйелдерге арнайы бөлмесі бар. Кілемдер төселген, сыймағандары далада қандай ауа-райы болса да сыртта намаз оқиды. Сабақты қорытындылау: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе? Оқушылардың ойлау әрекеттерінің белсенділігін қадағалау. -Топ ішінде бір-біріңе көмектестіңдер ме? |
Кестені толтырады.
Оқушылар жауаптарын айтады Тілек ағашын гүлдендіру Ойларын жүйелі әрі анық етіп жазады. |
Мұғалім түсініктеме бере отырып жеке оқушыларды бағалайды. Оқушылар-дың жетістіктері мен кемшілітері ескеріледі. |
|||||||||||
Бағалау (2мин) |
8- аялдама: «Еліміздің теңгелері.» сабақ соңында топ басшыларынан бағалаулары жайлы сұрап, өзім де ойымды айтып, жиынтық бағалау жүргіздім. |
Топ басышыларының бағалауы. |
|
|||||||||||
Үй жұмысы (1 мин) |
Соңы аялдамамыз: «Астана теміржол вокзалы» Астана қаласына арнап «бес жолды өлең» жазу. Астана –арман қала өлеңін жаттау. |
Күнделікке жазып алады, түсінбегендерін сұрайды. |
|
|||||||||||
Бекіту. (1 мин) |
Енді Астана қаласына жылы лебіз, тілегімізді
стикерлерге жазып, айтып ағашымызға
жапсырайық. |
Астана қаласына жылы лебіз, тілектерін
стикерлерге жазып, айтып
жапсырады. |
|
Рефлексивті есеп.
Жоспар бойынша «Астана –арман қала» тақырыбында ашық сабағым өткен болатын. Сабақтың мақсаты : Бас қаламыздың мән-мағынасын түсінуге жол салу, сыни ойлауға үйрету; өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту; Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтан күтілетін нәтиже « Өлеңдегі негізгі идеяны түсінеді;
шығармашылық мүмкіндігі
дамиды; сыни ойлай алады, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдылары
қалыптасады. » деп алдым. Аталған мақсат пен күтілетін
нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың
әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 8-9
аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас
ерекшеліктерінің деңгейіне сай
жоспарладым.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым.
Оқушылармен, жаңа күнге сәттілік тілей отыра, амандасып, сабаққа
қатысымын тексеріп, оларды топқа бөлдім. Топқа бөлуді төмендегідей
жүргіздім: Доптарда 1,2,3 деген сандар берілген. Сол
сандар бойынша топтарға отырды. «1» саны барлар бірінші топ, «2»
саны барлар екінші топ, «3» деген сандары барлар үшінші топқа
жайғасып отырды.
Сабағым Астанның көрікті жерлеріне саяхат сабақ болды. Әр тапсырма сайын слайд жүріп тұрды.
Бірінші аялдамамыз: “Астана - Бәйтерек” кешені болды. Онда балалар «Бәйтерек кешені туралы мағлұмат алып, Сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын шығарды. «Астана», «Елорда», «Елбасы». Алдын ала орындықтарының арқаларына әртүрлі стикерлер жапсырып қойдым.Топ басшысы мен сарапшыны таңдап алу. Сарапшы сарапшы қағазын толтырып отырады. Жасыл стикері бар оқушы сарапшы болады. Сары стикерлері барлар топ басшысы болады. Топ басшыларына өз топ мүшелерін бағалау парағын таратып, сабақтың әр кезеңінде өзара бағалауды орындап отыру тапсырмасын бердім.
Екінші аялдамамыз: «Қазақ елі» монументі.
Болат Үсенбаевтың «Менің туым» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Өлең мазмұнына салып келген суреттерін ортаға салды.
Ауызша сұрақтарға жауап берді. Оқушыларды «Жұлдызшалармен» бағалап отырдық. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты.
Үшінші аялдама - “Думан” ойын-сауық кешені. Сергіту сәтін ұсындым. Интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады.
Төртінші аялдама - Ақ Орда резиденциясы . Оқулықпен жұмыс. «Астана –арман қала» өлеңін мәнерлеп оқып, автор туралы мәлімет алды. Топ мүшелері ақылдасып әр топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Берілген сұрақтарға жауап беру.
Астана тобы: - Өлең неліктен осылай аталған?
Елорда тобы: Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра астана туралы әңгімеле.
Елбасы тобы: Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтардан оқуға болады?
Осы тапсырманы орындау барысында Астана тобының Айғаным есімді оқушым өзінің ерекшелігімен көзге түсті. Оның жауап берген сөзін тыңдай отырып, оқушыларда «өзін-өзі реттеу» мен «өз-өзін таныта білу» деңгейінің қалыптасып келе жатқанын байқадым.
Бесінші аялдама-«Пирамида». Бейбітшілік пен келісім сарайы.
Әр топ «Астана – арман қала» тақырыбы бойынша постер жасады. Оны қорғады. Бұл оқушылардың сыни ойлауының қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.
Топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі
жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Бұл тапсырманы орындау
барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды
аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт
бердім.
Алтыншы аялдама- Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Жастар сарайы.
-«Кім шапшаң» ойыны,бұл тапсырманы жылдам әрі қызығушылықпен орындады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың бойында өз күшіне деген сенімділік артты.
7-аялдама - Мешіт үйі.( Нұр-Астана) кестені пайдаланып, сабақты қорытындыладық.
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
Сегізінші аялдама: «Еліміздің теңгелері.» Топ басышыларының бағалауы. , сабақ соңында топ басшыларынан бағалаулары жайлы сұрап, өзім де ойымды айтып, жиынтық бағалау жүргіздім.
Тоғызыншы аялдама: «Астана теміржол вокзалы»
Үйге тапсырманы орындау жолдарымен таныстырдым.
Өз сабағымды талдай келе оның сәтті және сәтсіз өткен тұстарына тоқталайын. Сабақта жаңа тәсілдерді қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жеке, жұпта, топта оқу-жазу әрекеттерін іске асырды, әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым. «Бала жаны көрнекілікті жақсы көреді» демекші, сабағымда интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды көрнекі түрде көрсету және тапсырмаларды орындауда пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті.
«Кинорежиссер
Аяған Шәжімбаев атындағы
№3 Явленка орта мектебі» КММ-
бастауыш сынып мұғалімі Забенова А.Е.
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі
Әдебиеттік оқудан ашық сабақ.
Өткізген: 3 «Б» сынып мұғалімі Забенова А.Е.