Материалдар / Ашық сабақ "Атаулы сөйлем" 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Атаулы сөйлем" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 8-сыныптарға қазақ тілінен атаулы сөйлемдер тақырыбында үлкен көмегін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
1651
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тіліСыныбы: 8 «А»Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлемСабақтың мақсаты:А) Білімділік: жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен оқушылардың білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту, үйрету.Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.Б) Тәрбиелігі: оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу, ұжымдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеуСабақтың тегі: Жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау. Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба - кестелерді көрсетіп тақырыпты ашу.Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, постерлер, қима қағаздар, схемалы кесте.Сабақ барысының уақыттары:І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин15-15ІІ Үй тапсырмасын пысықтау – 3 мин15-18ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту - 5 мин15-21ІV. Жаңа сабақты түсіндіру – 10 мин15-26V.Сергіту сәті – 2 мин15-36VI. Топтық жұмыс – 10 мин15-38VІI. Оқулықпен жұмыс- 5 мин15-48VІІI. Сабақты қорыту – 5 мин15-53IХ. Оқушыларды бағалау. -1 мин15-58Х.Үй тапсырмасын белгілеу – 1 мин15-59

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесуә) оқушыларды түгендеу Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіруОқушыларды қима қағаздарда жазылған ай аттарына қарай 4топқа бөлу.«Қыс». «Күз». «Көктем». «Жаз». ІІ Үй тапсырмасын пысықтау. 122 - жаттығу. Өз ойларынан «Мереке күні» тақырыбында жұптаса диалог құру және әңгімеде толымды, толымсыз сөйлемдер болу керек.ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуӨткен материалдар бойынша сұрақтар. Ой жинақтау Балалар, біз қандай үлкен тарауды өтіп жатырмыз? Оқушылар сөйлем деп жазулары керек. Сөйлем деген тараудың ішінде қай тарауға тоқталдық? Жай сөйлемдердің қандай түрлерін өттік? Берілген схемаға жай сөйлем түрлерін жазып, анықтамасын айтады. Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.1 топ: Сөйлем дегеніміз не?Жай сөйлем дегеніміз не?2 топ: Жақты сөйлем дегеніміз не? Жақсыз сөйлем дегеніміз не?3 топ: Жалаң сөйлем дегеніміз не?Жайылма сөйлем дегеніміз не?4 топ: Толымды сөйлем дегеніміз не?Толымсыз сөйлем дегеніміз не?

АКТ қолданып, тірек-сызбаны толтырып жазады.Қима қағаздар таратылады. Берілген сөйлемдерді жай сөйлемнің түрлеріне қарай ажыратыңдар:Менің барғым келеді - жақсыз- Бұл кітап менікі. – толымды Таң атты. - жалаң- Менікі. - толымсызӨнерлі өрге жүзер - жайылмаАсан сабақ оқыды. - жақтыІV. Жаңа сабақты түсіндіруОй шақыруМына постерде берілген ребусты шешсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы пайда болады. Сабақтың тақырыбын хабарлаймын. Ал сабаққа мақсат қою міндетін оқушылардың өзіне тапсырамын. Жаңа сабағымыздың тақырыбы атаулы сөйлемБүгін сабақта сендер жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлеммен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренесіңдер.«Атаулы» сөзінің мәні.Құрамы: ата+у+лы (түбір зат есім+тұйық етістік жұрнағы+есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ)Атаулы күндерАтаулы мерекелерАтаулы бағалы қағаздарАтаулы сөйлем Электронды оқулықтан көрсету.Сәрсен Аманжолов -Қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог ғалым.Атаулы сөйлем терминін қазақ тіл біліміне алғаш енгізді.1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С.Аманжолов атаулы сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді.Сәрсен Аманжолов: Атаулы сөйлем шығу жағынан (генетика) бірінші пайда болғандеп қарауға болады. Әуелде сөйлем бір - ақ сөзбен айтылған. Соңғы кездері әр рудың ұраны да соның қалдығы. Мысалы: Торғауыт! (170 - бет)Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады.Мысалы: Қалың тоғай. Тоғай қалың.Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы оқырмандарының, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы сөйлемді жиі қолданадыАтаулы сөйлемдерге тән өзіндік белгілеріне қатысты дайын мысалдары бар тірек-сызбаларды оқушылардың алдына қоямын. Оқушылар оқып айтады. Сонымен қатар слайдтан көрсетіп отырамын.1.Ерекшелігі, өзіндік белгілері - 1топ3. Құрамы – 2 топ4. Жасалуы – 3 топ5. Жұмсалуы – 4 топАтаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық:Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем деймізАтаулы сөйлем мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы - сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). Атаулы сөйлем зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады.Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин).V.Сергіту сәті. Оқушы психологиясына жағымды әуен арқылы 1минуттық сергіту сәтін жүргізу. Оқушылар көздерін жұмып, қолдарын тізелеріне қойып, арқаларын тік ұстап, әуенді тыңдайды. Әуен біткен соң, оқушылар алған әсерлерін атаулы сөйлемдермен айтып, ой бөліседі.

VI. Топтық жұмыс Постерде берілген жыл мезгіліне байланысты суреттерге қарап, атаулы сөйлемдер құрау.VІI. Оқулықпен жұмыс. 123-жаттығу. Мәтіннен атаулы сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Мағынасын анықтау.VIII. Сабақты қорыту.Тест жұмысы.1. Жай сөйлем түріне ажырат: Түн. Күз. Жайлау.А) АтаулыВ) ЖақсызС) Толымды.2. Жалаң сөйлемде кездесетін сөйлем мүшесі:А) ТолықтауышВ) БаяндауышС) Анықтауыш3. Жақсыз сөйлемді табыңыз: А) Қонақтар ұйықтап кетті.В) Жұмысшыларға келуге болмайды.С) Егіншілер егін басында жүр.4. Толымсыз сөйлемді табыңыз:А) Жаңбыр жауып тұр.В) Асау ма өзі?С) Жаз. Көл басы.5. Жайылма сөйлемде кездесетін сөйлем мүшелері.А) Бастауыш, анықтауышВ) Толықтауыш, пысықтауышС) Барлық жауап дұрыс6. Толымды сөйлемге тән өзіндік белгілері:А) Затты, құбылысты атап көрсетеді.В) Бастауышы болмайды.С) Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем.7. Жай сөйлем түрін анықтаңыз: Сабақ бітті.А) ЖайылмаВ) ЖалаңС)Толымды8. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.A) Мен кетіп барамын.B) Сендер қараңдар.C) Ол өте көркем және байсалды жігіт еді.9. Жай сөйлем түрін анықтаңыз: Абайды халық құрметтеп еске алады.А) ТолымсызВ) ЖалаңС) Жайылма10. Жалаң сөйлем құрай алмайтын сөз табы:А) ЕтістікВ) Сан есімС) Одағай

IХ. Оқушыларды бағалау. Тест жұмысынан алған бағалары арқылы оқушылар бағаланады.Х.Үй тапсырмасын белгілеу. 124- жаттығу. Мәтінді атаулы сөйлем үлгісіндегі тірек сөздермен қысқартып жазыңдар.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!