Материалдар / Ашық сабақ "Ату негіздері". 11-класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ату негіздері". 11-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Көздеу (дәлдеу) элементтерін, қозғалмайтын нысаналарды ату кезінде көздеуіш қалыбы мен көздеу нүктесін таңдауды үйрену
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2023
1007
43 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Ату негіздері

Бөлім:

Атыс дайындығы

Педагогтің аты-жөні:

Абдикешов Д.А.

Күні:


Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ату негіздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  1. Көздеу (дәлдеу) элементтерін, қозғалмайтын нысаналарды ату кезінде көздеуіш қалыбы мен көздеу нүктесін таңдауды үйрену

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Қарауылды дәлдей алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Бүйірден соққан желге байланысты түзетуді және қозғалыстағы нысаналарды ату кезінде нысананың қозғалысын есепке алу керек екенін түсінеді

Кейбір оқушылар:

Бүйірден соққан желге байланысты түзетуді және қозғалыстағы нысаналарды ату кезінде нысананың қозғалысына сәйкес түзетуді енгізе алады.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.




Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



7'

Саптық жаттығулар.

Бастыққа келу және одан кету тәсілдері. Жаттығуларды орындап болғасын кабинетке кіргіземін.

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады. Кабинетке кіріп, орындарына отырады.



Ортасы

10'


Білу

Көздеу қарауылды тура алып, оны көздеу нүктесімен қиыстырудан тұрады. Қарауылды тура алу дегеніміз - қарауылды көздеуіш планкасының ойығының дәл ортасына қойып, жоғарғы жиектерін теңестіру.

Тыңдайды, жауап береді, түртіп алады.

Қалыптастырушы бағалау












Нысана бұлдыр

Қарауыл мен көздеу планкасының

төбесі бір деңгейде

Қарауыл анық





Қарауыл планкасы

сәл бұлдыр



Қарауыл көздеу планкасының

дәл ортасында

Тыңдайды, жауап береді, түртіп алады.











Қалыптастырушы бағалау










АӘТД оқулығы


15'


Түсіну

Автоматтан ату жүргізген кезде:

Нысанаға дейінгі қашықтықты анықтап, көздеу планкасын сәйкес қашықтыққа қою керек;

Оқтың ұшуына әсер ететін сыртқы факторларды (жел, ылғалдылық, оқтың өздігінен айналуы әсерінен ауытқуын) ескеру қажет;

Нысана қозғалыста болса, қозғалысына сәйкес түзетулер енгізу керек.

Егер жағдай нысанаға дейінгі қашықтыққа байланысты көздеуіш қалыбын өзгертуге мүмкіндік бермесе, онда тура ату қағидасы бойынша нысананың төменгі жиегін көздеп, атуды көздеуіштің «П» қалыбымен жүргізе беру керек. Мысалы, «кеуделік пішін» нысанасы бойынша көздеуішті «П» қалыбына қойып, 100м қашықтықтағы нысанаға автоматтан оқ атқанда, траекторияның осы қашықтықтағы көздеу нүктесінен асып кетуі 13 см-ге тең, бұл траекторияның нысана арқылы өтуіне сәйкес келеді.

Бүйірден соққан жел оқты басқа жаққа ауытқытып, оның ұшуына айтарлықтай әсер етеді. Бүйірден соққан желге байланысты түзетуді көздеу нүктесін желдің бағытына қарай метрлеп шығарып, оқты жел нысанаға ысырып апаратындай етіп есепке алу керек






Қолдану

Бүйірден соққан желге түзетуді енгізу

КЕСТЕСІ

Ату қашықтығы метрмен

Бүйірден 90 бұрышпен соққан орташа жел (4м/с)

Шығарылуы

Адам пішінімен

Метрмен

100

-

0,03

200

-

0,11

300

0,5

0,23

400

1

0,52

500

1.5

0,87

600

2,5

1,34

Көздеу нүктесін шығару шамасы ату ісіне арналған тиісті нұсқаулықтарда келтірілген кестелер бойынша анықталады. Бірақ ұрыс жағдайында кестелерді пайдалану ыңғайсыз және тіпті мүмкін емес. Сондықтан сарбаз осы кестелердің негізгі деректерін есте сақтауы керек. Есте сақтау үшін мнемоникалық деп аталатын ережелерді де қолдануға болады.

«Жел бірқалыпты болғанда, нысана қашықтығын екіге азайтып, екіге бөлеміз» есте сақтау ережесі.

көздеу планкасындағы қашықтық - 2

Түзету = ————————————————— (екіге азайтып, екіге бөлеміз)

2

Бірінші мысал. Автоматтан ату қашықтығы 400м, жел бірқалыпты сол жақтан соғып тұр. Олай болса, түзетудің шамасы 4-ке тең, одан 2-ні алып, шыққан шаманы 2-ге бөлеміз. Жауабы көздеу нүктесін 1 адам пішініне солға аламыз.

4 - 2

Түзету = —— = 1 адам пішіні

2

Екінші мысал. Автоматтан ату қашықтығы 500м, жел бірқалыпты оң жақтан соғып тұр. Түзетудің шамасы 5-ке тең, одан 2-ні алып, 2-ге бөлгенде, жауабы 1,5 адам пішініне оңға аламыз.

5 - 2

Түзету = —— = 1,5 адам пішіні

2

Қозғалыстағы нысаналарды ату кезінде нысананың қозғалысын есепке алу керек, яғни оқ нысанаға дейін ұшқан кезде, нысана жылжып үлгеретін қашықтық шамасында оқпен кездесетіндей алдынан көздеу қажет.

Қозғалыстағы нысанаға түзетуді енгізу

КЕСТЕСІ

Ату қашықтығы метрмен

3м/с (шамамен 10 км/сағ) жылдамдықпен жүгіріп бара жатқан нысана

Шығарылуы

Адам пішінімен

Метрмен

100

1

0,4

200

1,5

0,8

300

2,5

1,3

400

3,5

1,8

500

4.5

2,3

600

6

3,0


Егер нысана атыс бағытына сүйір бұрыш жасай қозғалса, есепке алу шамасына түзетулер екі есе азайтылады.

- адам пішінімен шығарылуын анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау


5'

Жинақтау

АК-74 автоматынан 300 метр қашықтықта кеуделік пішін нысанасы бойынша ату жүргізіліп жатыр. Бүйірден 90 бұрышпен соққан желдің күші орташа (4м/с), ату бағытына тікелей бұрышпен солдан оңға қарай соғып тұр. Көздеу нүктесін қай бағытта және адам пішінімен қанша шығару керек?

- адам пішінімен шығарылуын анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау


Соңы

5'

Кері байланыс:

Оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап қайтарады:

- Сабақта жаңадан не білдіңдер?

- Сендерді не таңғалдырды?

- Сендердің ойларыңша, не сәтті шықты?

- Қайсысы сәтті болмады? Неліктен?

- Естеріңде нені сақтау керек еді деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма беру

Оқулық мәтіні





     




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!