Материалдар / Ашық сабақ Атымтай Жомарт
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Атымтай Жомарт

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ әдебиеті пәнінен Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай Жомарт" шығармасына арналған Қысқамерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2024
81
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы.

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Атымтай Жомарт» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдеседі. Сыныпты түгендейді.

Шаттық шеңбері.

Мұғалім сыныпта «Тілек шоғы» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады. Мұғалім оқушыларға гүл шоғын ұсынып, өзі бастап, жанындағы оқушыға тілек айтады.



«Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіреді.

1-топ. «Достық»

2-топ. «Жомарт»

3-топ. «Мейірім»


Мұғалім оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберін құрады. «Тілек шоғы» әдісі арқылы қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады. Оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады.

Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық... т. б.


Мұғалім «Атомдар» дегенде оқушылар бір-бірін айнала қозғалады. Молекулалар-8 дегенде оқушылар 8 оқушыдан 3-топқа бірігеді.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, АКТ мүмкіндігі

Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі

Үй тапсырмасын WORD WALL платформасы арқылы сұралады. Мұғалім дөңгелекті айналдырып, оқушылардан өткен тақырыпты пысықтайды.




Ы.Алтынсариннің жомарттық, қайырымдылық жайлы қандай әңгімесін білесің?


Атымтай Жомарт қандай кейіпкер болды?


Шығарманың негізгі идеясы неде?


Басты кейіпкердің бойында қандай қасиеттері бар?


Қазіргі қоғамда Атымтай Жомарт секілді тұлғалар бар ма? Кімдерді білесіңдер?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


https://wordwall.net/ru/resource/51843309

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Экраннан «Атымтай жомарт» шығармасына байланысты бейнеролик көрсетеді.

Сонымен қатар, Атымтай жомарт шығармасын оқуға нұсқау береді.


Талдап, талқылайды.

Жеке жұмыс.

Экраннан бейнеролик көреді және шығарма мәтінін оқиды.

Мадақтау

https://youtu.be/HhzVeyJflvc

АКТ мүмкіндігі

Оқулық

Топтық жұмыс.






«Тарсия» әдісі

Оқушыларға «Атымтай Жомарт» әңгімесінің желісі бойынша топтық тапсырмалар беріледі.

Әр топ «Тарсия» әдісі арқылы шығармадағы оқиғалар тізбегін, сюжеттік бөліктерді анықтайды.

Оқылым

Оқушылар «Тарсия» әдісі арқылы шығармадағы сюжеттік бөліктерді анықтайды.

Дескриптор: 3 балл

-Шығармадағы оқиғалар тізбегін, сюжеттік бөліктерді анықтайды;

-Сұрақтарға жауаптар табады.

Оқулық

Үлестірмелі тапсырмалар

Жұптық жұмыс



Жұптық жұмыс.

«Сәйкестендіру» әдісі.

LEARNING APPS платформасы арқылы қайырымдылық, жомарттық тақырыбында мақал-мәтелдер беріледі. Ақпараттарды бір-бірімен сәйкестендіреді.

«Сәйкестендіру» әдісі

Оқушылар LEARNING APPS платформасы арқылы берілген мақал-мәтелдерді тиісінше сәйкестендіреді.


Мақалдар:

1.Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.


2. Жақсының соңынан көп ереді,

Жаманның соңынан шөп ереді. 


3. Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.


4. Жоқшылық жомарт ердің
Қолын байлар.


5. Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.


6. Шын жомарт жоқтығын білдірмес.

ҚБ: «Көршіңді бағала» әдісі

Мақсаты: оқушылар бір-бірінің іс-әрекетін бақылай отырып, көршісін бағалайды.

Жұмыс дәптерлері

https://learningapps.org/display?v=pkb6qhk7523

Сергіту сәті

Мұғалім интербелсенді тақтадан бейнеролик қосып оқушыларды сергітеді

Оқушылар бейнероликті қайталап, қимылдар жасайды

ҚБ: Мадақтау сөздер

Жарайсыңдар!

ДК экраны

https://youtu.be/dG3QKoAwov

Ж еке жұмыс

«Кім жылдам» әдісі арқылы оқушыларға жағымды қасиет атаулары кроссвордта жасырылады.

Жасырын сөздер: достық, адалдық, мейірім, қамқорлық, татулық, жақсылық, қайырымдылық, ибалық, жомарттық, құрмет

Оқушылар «Кім жылдам?» әдісі арқылы кроссвордты шешеді. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді білетін болады. Дескриптор: 3 балл

-Жақсы қасиеттерді біледі.

- Кроссвордты шешеді.

ҚБ: «Лайк» белгісі

https://learningapps.org/display?v=phh25c4f323

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


«Білім поштасы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын хат түрінде тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушыларға конверттер таратылады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Мұғалімге хат жазып, «Білім поштасына» жолдайды.


Сабақ соңында «Лайк» белгісі көп топ «Ең үздік топ» болып бағаланады.

ҚБ: Мадақтау сөздер



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!