Материалдар / Ашық сабақ "Авогадро заңы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Авогадро заңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне ашық сабақ өту барысында көмегі тиеді. Әдістер сабақта тиімді қолданылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1108
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тексерілді»

Директордың оқу ісі-жөніндегі

орынбасары міндетін уақытша атқарушы: ________Телходжаева М


Қысқа мерзімдік жоспарлау


Пәні: химия

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары



Мектеп: « Болашақ»

Пәні: химия

Күні:27.01.17ж

Мұғалімнің есімі: Тумабаева Ж

СЫНЫП: 8 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Авогадро заңы; газдың тығыздығы мен ұшпа қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу үшін идеал газ күйінің теңдеуін қолдану;

молярлық масса; белгілі бір масса бойынша зат мөлшерін анықтау; нақты газдар қандай жағдайларда өздерін идеал газ түрінде көрсететінін және төменгі температура мен аса жоғары қысымның олардың қасиеттеріне қалай әсер ететінін

тұжырым жасай білуге бағыттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Авогадро заңын біледі, газдың тығыздығы мен ұшпа қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу үшін идеал газ күйінің теңдеуін қолдануын ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: газ күйінің теңдеуін қолдану;

молярлық масса; белгілі бір масса бойынша зат мөлшерін анықтау; нақты газдар қандай жағдайларда өздерін идеал газ түрінде көрсететінін мысалдар арқылы түсіндіре алады. Формулаларды дұрыс пайдалана отырып, есептерді шығару жолдарын тұжырымдайды

Кейбір оқушылар: өзіндік сыни пайымдаулар арқылы Авогадро заңы, газ күйінің теңдеуін қолдану;

молярлық масса; белгілі бір масса бойынша зат мөлшерін анықтау; нақты газдар қандай жағдайларда өздерін идеал газ түрінде көрсететінін және төменгі температура мен аса жоғары қысымның олардың қасиеттеріне қалай әсер ететініне мысалдар келтіре алады. Есептер шығаруда формулаларды дұрыс пайдалана отырып өз жауаптарын дәлелдей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар ... (істей) алады:

Өз ойын нақты жеткізе алады.

  • Элементтердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін салыстыратын есептерді шығара алады.

  • Формулаларды дұрыс қолдану жолдарын біледі


Негізгі сөздер мен тіркестер: Период, топ, үлкен период, кіші период, периодтық заң, негізгі және қосымша топша, ауыспалы элементтер


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:

1) Авогадро заңын қалай тұжырымдаймыз?

2) Газдардың салыстырмалы тығыздығын қандай формуламен өрнектейтінін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріңдер?

3) Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

Химиялық формула бойынша газдардың тығыздығын анықтау формуласын өрнектеңдер және мысалдар арқылы дәлелдеңдер


Сіз неліктен ауызша тілдің жазба тілден оңай екнін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар:берілген тапсырмаларға сай есептерді дұрыс рәсімдеу

Алдыңғы оқу

Сандық есептер. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

2. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

3. Топқа біріктіру

Түрлі-түсті таратпалар арқылы топқа бөлінеді. Таратпадағы формулаларға сипаттама береді

  • І топ CaO

  • ІІ топ SO2

  • ІІІ топ +Q

  • ІҮ топ -Q

4. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау

Қызығушылықтыояту

«Сұрақтарды ұстап ал» әдісі арқылы әр топқа сұрақтар қойылады.

  1. Экзотермиялық реакцияны қалай тұжырымдаймыз?

  2. Жылусіңірежүретінреакциянықандайформуламенөрнектейтінінмысалдаркелтіруарқылытүсіндіріңдер?

  3. Термохимиялық реакция қалайөрнектеледі?

  4. Жылуэффектісінқандайтаңбаменөрнектейдіжәнемысалдарарқылыдәлелдеңдер







Түрлі-түсті-таратпалар











Бағалау

«Бағдаршам» арқылы






Ортасы

Мағынаны тану

Авогадро заңын тұжырымдауға арналған видеоролик арқылы жаңа сабақты тұжырымдау.

І. «Сиқырлы алма» әдісі арқылы есептер шығару

Заттың белгілі бір көлеміндегі моль саны

Бір моль газ әрдайым қалыпты жағдайда 22.4 л көлемді алатынын білеміз. Осылайша біз кез келген уақытта, қалыпты жағдайдағы қандай да бір зат көлемінің моль санын таба аламыз.

І формула

Vқ.ж=22.4 л/моль

v – газдың моль саны

V – газ көлемі [л]

1-тапсырма

Қалыптыжағдайдағыатомдардың не молекулалардың моль санынкөрсетеңіз.

22.4 л моль гелий атомы

2.24 л моль хлор молекуласы

44.8 л моль неон атомы

5.6 л моль көмірқышқыл газы молекулалары

ІІ формула

D=M1/M2

Мұндағы D- тығыздық

M1- бірінші газдың салыстырмалы тығыздығы

M2- екінші газдың салыстырмалы тығыздығы

Есеп №1

Көміртекдиоксидініңауабойыншасалыстырмалытығыздығынесептеңіз. Алынғанмәндіекімағыналысанғадейінжуықтаңыз.

 ІІІфомула

Жаттығу

Қорғасынныңмолярлықкөлемінберілгенмәліметбойыншаанықтаңыз. Нәтиженіондықбөлшеккедейінжуықтаңыз.

Қорғасын

ρ = 11.3 г/мл

M = 207.2 г/моль

Vқ.ж -?

1-тапсырма

Қаттызаттардың, сұйықтар мен газ тектесзаттардыңмолярлықкөлемдерінсалыстыруүшінтемір, сынап пен оттектіңмолярлықкөлемдерінанықтаңыз. Нәтиженіондықбөлшеккедейінжуықтаңыз.

Элемент Тығыздық Молярлықкөлем

Темір 7.9 г/мл мл/моль

Сынап 13.5 г/мл мл/моль

Оттек 1.3 × 10−3 г/мл мл/моль

  

Топтар өзара бағдаршам арқылы бағалайды



Бейнетаспа

















































































Бағалау

«Бағдаршам»

Аяқталуы

1-тапсырма

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

шамалас

төмен

жоғары

тығыздығы

атомдық массасы

көп

аз

молярлық массасы

Зат массасының көлемге қатынасы зат тығыздығы деп аталады. Газдардың тығыздығы қатты заттармен және сұйықтармен салыстырғанда өте аз . Газ күйдегі элементтердің молярлық көлемдері қатты және сұйық элементтермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары . Қатты және сұйық элементтердің молярлық көлемдері мәндері бойынша шамалас .



Үйге тапсырма: §28 Сандық есептер. Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына және химияялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары №8, 9

Білімді бағалау: Әрбір топтағы топбасшының топ мүшелерін бағалауымен өз бағалауымды салыстыра отырып бағалау

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен «Плюс, минус, қызықты» рефлексиясы арқылы рефлексивті дәптерлерінде ой бөліседі

  • «Плюс, минус, қызықты» Эдвард де Боно (1968 ж)

  • «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

  • «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

  • «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады


АКТ, тапсырма





















Рефлексивті дәптер

Қосымша ақпарат :

Рефлекция.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Барлық тапсырмаларды орындаса -5

Үй тапсырмасындағы есеп болмаса, бірақ сабаққа белсене қатысса-4

Үй тапсырмасындағы есеп болмаса, бірақ сабаққа орта деңгейде қатысса-3

Рефлексия

Рефлексия дәптерлеріне бүгінгі сабақ туралы әсерлерін « Плюс, минус, қызықты» рефлексиясы арқылы жазады

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...

  2. ...

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...

  2. ...

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?










«Болашақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ

Химия

8 «Ә» сынып

Тақырыбы:«Сандық есептер. Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына және химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары»

Пән мұғалімі: Тумабаева Жанар





2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!