Материалдар / Ашық сабақ "Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау" 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебі: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебі

Пән мұғалімі: Жамеков Кенжес Ермекұлы

Күні: 16.10.2017

Сыныбы:10

Пәні:АӘД

Тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа сап құру және керісінше

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылырға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері егемендік елдің негізгі қорғанысы екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың саяси- көзқарасын, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге Отан қорғауға тәрбиелеу, патириоттық сезімге баулу.

Уақыт: 40 минут

Сабақ өтілетін орын: саптық алаң

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Взводты екі қатарға тұрғызу, түгендеу, рапорт қабылдау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Өткен тақырыптар бойынша үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Өткен сабақты қорыту

«Смайлик –тест» әдісі

1.Бұрылыстар неше тәсілде орындалады?

А)2 В)3 С)4

2. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың

ұшы жерден қанша см?

А)10-15 В)15-20 С)20-30

3. Қозғалысты тоқтату үшін орындалатын пәрмен

А) «ЖАРТЫ» В) «АДЫМ-БАС!» С) «ТОҚТА!»

4. Жүгірумен қозғалыс жасау минутына қанша адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады?

А)150-170 В)165-180 С)180-195

5.Қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек. Бұрылыстың нешінші тәсілі?

А) екінші В) бірінші С) үшінші

ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

1.Кіріспе әңгіме.

2.Сабақты қысқаша түсіндіру.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше бір қатарға (екі қатарға) саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.








Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама-қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйкес комндирден сол-

ға қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Бөлімшені орнында түзету қажеттілігі туындағанда «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі. «Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғанннан бас-қасының барлығының бастарын оңға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иекті көтеру керек). Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан- жағына қозғала алады. «Аяққа» күйіндегі корабинмен (пулеметпен) түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі (ауыз жағы) өзіне қарай беріледі және оң бүйірге қысылады. Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (пулеметтер) бұрынғы күйінде келтіріледі. «Тіктел!» пәрмені беріледі. Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға,( оңға )түзел!» Бөлімше бір қатардан екінші қатарға сапқа тұру үшін алдын-ала: «Бөлімше, бірінші және екіншіге -санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап, әскери қызметші кезек бойынша жылдам, оның сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып, өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды, сол қапталдағы басын бұрмайды. Сонымен қатар жалпы нөмірлеу бойынша санау жүргізіледі, ол үшін: «Бөлімше, ретімен- санал!» пәрмені беріледі. Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған сапты санау аяқталғаннан кейін: «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

Бөлімшенің өз орнында бір қатардан екі қатарға қайтадын сапқа тұруы «Бөлімше, екі қатарға сапқа –тұр!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын-ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін: «бөлімше, бір қатарға- сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілерінің сызығына шығады.

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру

Бас киіммен тұрғанда-аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық (атағы үлкен) өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. Бастықты (атағы үлкенді) басып озғанда-әскери сәлемдесу басып озудан бірінші орындалады. Екінші





адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді аға бастықтың (атағы үлкеннің) жағына қарай бұрумен орындайды.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

ҮІ. Жаңа өткен сабақты қорыту

Сұрақ- жауап алу

  1. Бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

  2. Бөлімшенің бір немесе екі қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

  3. Бөлімше құрамын бір немес екі қатарлы сапқа тұрғызу ретін атйыңдар

  4. Орнында тұрғанда және қозағылста баскиімді киіп, баскиімсіз сәлемдесуді беру туралы айтыңдар


ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ.Бағалау



























Қарашоқат орта мектебі









АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: «Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа сап құру және

керісінше»




Өткізген: К.Жамеков
























2017-2018 оқу жылы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!