Сабақтың тақырыбы:
Ауа райы және метеорологиялық
элементтер
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Г.И.Шналиева
Күні: 14.11.2017ж
|
Сынып: 7
|
Қатысқан оқушылар саны: 11
|
Қатыспаған оқушылар саны: 1
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаты
|
7.3.2.3 -«ауа райы» ұғымын
түсіндіреді
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы орындай
алады: Оқулықта берілген түйінді
түсініктерді естеріне сақтайды және атап береді. Ауа райы
элементтеріне (метеорологиялық элементтерге) кластер
құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі
орындай алады: Метеорологиялық элементтердің
байланыстарын түсіндіреді. Тақырып материалын талдай алады. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреулері
орындай алады:
Тақырып бойынша қосымша мәліметтермен дәлелдер
келтіре алады. Ауа райын зерттеудің маңыздылығын
түсіндіреді.
|
Бағалау критерийі
|
Ауа райы ұғымы мен оны
құрайтын элементтерді сипаттайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тақырыпқа қатысты
терминдер: «ауа райы», «метеорологиялық
элементтер», «синоптикалық метеорология», «мемлекеттік қазгидромет
қызметі», «синоптикалық карта»
Оқылым. Оқулықтан «ауа райы»,
«метеорологиялық элементтер», «синоптикалық метеорология»,
«мемлекеттік қазгидромет қызметі», «синоптикалық карта» ұғымдары
туралы оқып танысады.
Жазылым. Ауа райының анықтамасын
дәптерге жазады.
Тыңдалым. Жаңа тақырыпты топта
талдайды.
Айтылым. Ауа райының маңыздылығы туралы
түсіндіріп береді.
|
Құндылықтар-ға баулу
|
Ауа райы құбылыстарының адам
өмірі мен шаруашылыққа тигізетін әсерін біледі. Сын тұрғысынан
ойланады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазгидромет хабарларын
жіберген кезде музыка; оқылым, жазылым, айтылым мақсаттарын
меңгергенде қазақ тілі; ауа райы болжамдарын талдағанда тарих
пәндерімен байланыстыру
|
Алдыңғы
білім
|
Атмосфера және оның құрамдас
бөліктері
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түлері
|
Дереккөздер, ресурстар
|
Сабақтың басы
(10 минут)
|
Ұйымдастыру
кезеңі
1. Топтарға бөлу. «Дос
іздеймін»
Бірнеше қиынды суреттерді
құрастырып топқа бірігеді. (қиындыларда берілген
суреттер өткен және жаңа тақырыптарға байланысты таңдалады; топ
атауы да суретке байланысты қойылады)
«Атмосфера және оның құрамдас бөліктері»
тақырыбын пысықтауға арналған тапсырмалар:
Ітоп. Атмосфера құрамындағы
газдардың пайыздық үлесін анықтау. Диаграммаға
белгілеу.
Дескриптор. Атмосфераны құрайтын газдардың
пайыздық үлестерін диаграммада көрсетеді.
ІІтоп. Атмосфера қабаттары туралы
оқығандарын еске түсіре отырып, атмосфера қабаттарын сызбаға
белгілейді.
Дескриптор. Атмосфера қабаттарын
қалыңдықтарын көрсете отырып сызбаға
жазады.
ІІІтоп. Тропосфера және стратосфера
қабаттарының жер бетіндегі тіршілік үшін маңыздылығы (құндылығы)
туралы айтып беру.
Дескриптор. Тропосфера мен стратосфера
қабаттарының тіршілік үшін маңыздылығына баға
береді.
2. Тақырыпты ашу. «Миға
шабуыл»
Қазгидромет хабарының
музыкасын тыңдату, қандай хабарда жіберілетін әуен екенін анықтау
арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Тақырып
анықталады.
|
Қима суреттер
Интер белсенді тақта
Үнжазба, әуен
|
Сабақтың ортасы
(20 минут)
Білу және түсіну
|
Берілген мәтіндерді балалар
оқиды. Бірінші жұппен, сонан соң топпен талдайды. Ауа райының
анықтамасын әр оқушы дәптеріне
жазады.
|
Оқулық,
мәтіндер, қосымша
материалдар
|
Қолдану және талдау
|
Топтық
жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырмалар
беріледі. Әр топ тапсырмаларын флипчатқа түсіріп, талқылап ақпарат
алмасады. Постер қорғайды. Топтар бірін-бірі
бағалайды.
Тапсырма.
1. Төмендегі сұрақтарды топта
талдаңыз.
А. Ауа райы дегеніміз не?
Ә. Ауа райын білудің маңызы
қандай?
2. Ауа райы элементтеріне (метеорологиялық
элементтерге) кластер құраңыз.
3.
Қазақстанда ауа райын болжау қалай жүргізіледі?
|
Оқулық, ватмандар, түрлі-түсті
маркерлер, тақырып бойынша қосымша
материалдар
|
Бағалау критерийі
Ауа райы туралы білімдерін
саралайды, деректер келтіреді.
|
Дескриптор. Білім
алушы
-
«ауа райы» ұғымына анықтама
береді;
-
ауа
райын білудің маңызын түсіндіреді;
-
ауа райын құрайтын
элементтерді (метеорологиялық элементтерді)
атайды;
-
ауа
райын болжау қалай жүргізілетіндігі туралы
біледі.
|
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ
бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер
берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ
ұстанымын жеткізеді.)
|
Сабақтың соңы
(10 минут)
Синтез
|
«Ойлан – жұптас –
бөліс» әдісі
Мұғалімнің сұрағы: - Ауа райына байланысты қандай халықтық
болжамдарды білесіздер?
|
«Ойлан – жұптас –
бөліс» әдісі
|
Бағалау
Кері байланыс
|
Белсенділер тақтасы
* Үздік
қорғаушы
* Үздік
безендіруші
* Белсенді
хабарламашы
*
Жаңалық жаршысы
Ұсынылған аталымдар бойынша әр оқушы үздік деп
танылған білім алушының атын стикерге жазып
жапсырады.
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға
жауап береді.
-
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды?
Неліктен?
-
Бүгін не білдіңіз?
-
Сіз үшін қандай жаңалық
болды?
-
Сабаққа қатысуыңызды қалай
бағалайсыз?
-
Сабақта қандай қиындықтар
туындады?
-
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай?
Неліктен?
Бүгінгі күннің ауа райы туралы Мемлекеттік
қазгиддромет қызметінің хабарламасын тыңдау. Ауа райы қандай болса
да оқушылардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуларын тілей отырып
сабақты аяқтау.
|
«Аталымдар ұяшығы»
Рефлексия-
лық
шеңбер
Мемлекеттік қазгидромет қызметінің
хабарламасы.
|
|
Саралау – Сіз
қосымша
көмек көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау -
Оқушылардың
үйренгенін
тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне
еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз
пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың
тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды
да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды
(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе
жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не
білдім?
|