Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. «Әуе желілерінің сымдарын монтаждау»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысының білім басқармасы
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
|
|
«КМ6-4 Электр жабдығын монтаждау және баптау» пәнінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Әуе желілерінің сымдарын монтаждау»
Пән оқытушысы: Қалила Г.А.
Ашық сабақ жоспары «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестік мәжілісінде қаралып, мақұлданды.
Хаттама №_____ «____»__________20___ж
Бірлестік жетекшісі:__________ Алтынбай З.А.
Колледж әдіскері: ____________ Өмірзақ Ж.А
Қызылорда,2023 ж
Ашық сабақ жоспары
Мамандығы: 0902000- «Электрмен қамтамасыз ету»
Пән аты: КМ6-4 Электр жабдығын монтаждау және баптау
Өткізілетін күні: 17.02.22ж
Оқу тобы: ЭС-20о
Сабақтың тақырыбы: Әуе желілерінің сымдарын монтаждау
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Сымдардың, кабельдердің қималары, маркілері, бұйымдардың сипаттамалары, түрлері туралы түсінік беру. Сымдармен кабельдердің ток өткізгіш бұйымдардың электротехникалық маңызын меңгерту.
ә) Дамытушылық –
Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, студенттердің
шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны ізденімпаздыққа
ынталандырып, мамандыққа дұрыс бағдар беру.
б) Тәрбиелік – Студенттердің еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру,
ұқыптылыққа, үнемділікке баулу.
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, компьютерлік слайд,көрнекілік.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіре отырып лекция жаздыру.
Сабақтың өткізілу барысы: 90 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут
Оқушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару. Балаларды 2 топқа бөліп отырғызу. Топтардың атын ойлап табу.
II.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру: 25 минут
Үй жұмысын сұрау тақырыбы: «Күштік кабельдерді бір-біріне қосу».
«Колеса Фортуна» әдісі бойынша студенттерден үй жұмысын сұрау. Бұл әдісте балдар дөңгелекті айналдыра отырып, кімнің аты шықса сол студент сабақ айтады.
Үй жұмысына wordwoll программасы арқылы топтарға сұрақтар дайындап қойдым. Әр топ кезек-кезек шығып берілген сұрақтарға жауап береді.
IІІ.Сергіту сәті: 5 минут
«Достық шеңбері» жылулық шеңбері Балалар
шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға
отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны
жөн). Педагог «Күн көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын
көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге
болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін
айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,
ортадағы баланы мадақтайды.
IV. Жаңа тақырыпты баяндау, мақсатын қою: 38 минут
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сұрақтары:
Әуе желілерін монтаждау
1.Әуе желілері туралы түсінік
2. Әуе желілерінің сымдарын таңдау
3. Есеп шығару кезеңі.
Әуе желілері электр сигналдарын жүретін ағаш және темір бетонды тіректерге арматуралардың көмегімен мыстан, алюминийден немесе бейметалды оқшауланбаған сымдардан түрады. Өткізгіштер тіректерге арматуралардың көмегімен бекітіледі. Арматураларға: өткізгіштер, крюктер және траверс, штырлар. Сөйтіп әуе байланыс жолы сымдардан, оларды көтеріп тұратын бағаналардан және оларды бекітуге арналған изолятор мен арматуралардан тұрады. Қолданылатын орнына қарай әуе байланыс жолы үш класка бөлінеді.
І-ші класқа магистральдық байланыс
ІІ-ші класқа аймақтық байланыс жолдарында
ІІІ-ші класқа жергілікті байланыс жолдарында қолданылатын әуе байланыс жолдары жатады. Қолданылатын орындалатын маңызына қарай оларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады.
Электр берудің әуе желілері, "ӘЖ" — бұл ашық ауада орналасқан құрылғылар. Яғни, сымдардың өздері ауа арқылы төселеді және арнайы арматураға (кронштейндер, оқшаулағыштар) бекітіледі. Бұл ретте оларды орнату бағандар бойынша да, көпірлер бойынша да, жол өтпелері бойынша да жүргізілуі мүмкін. Тек жоғары вольтты бағандар бойынша салынған желілерді "ӘЖ" деп есептеу міндетті емес.
Электр беру әуе желілерінің құрамына не кіреді:
̶ Негізгі-бұл сымдар.
̶ Траверсалар, олардың көмегімен сымдардың басқа тірек элементтерімен жанасуының мүмкін болмауы жағдайлары жасалады.
̶ Оқшаулағыштар
̶ Тіректердің өздері.
̶ Жерге қосу контуры.
̶ Найзағай тартқыштар
̶ Ажыратқыштар
Электр беру желісі-бұл жай ғана сымдар мен тіректер емес, көріп отырғанымыздай, бұл әр түрлі элементтердің айтарлықтай әсерлі тізімі, олардың әрқайсысы өзінің белгілі бір жүктемесін көтереді. Бұл жерде оптикалық талшықты кабельдерді және оларға қосалқы жабдықтарды қосуға болады. Әрине, егер ЭБЖ тіректері бойынша жоғары жиілікті байланыс арналары жүргізілсе. Электр беріліс желілері жер үстінде өте жоғары көтеріледі және оқшаулағыш материал ретінде ауа пайдаланылады.
ЭБЖ құрылысы, сондай-ақ оны жобалау, тіректердің конструктивтік ерекшеліктері электр қондырғыларын орнату ережелерімен, яғни ЭҚЕ, сондай-ақ әртүрлі құрылыс ережелері мен нормаларымен, яғни ҚНжЕ-мен анықталады. Жалпы, электр беру желілерінің құрылысы-күрделі және өте жауапты іс.
Сымдар арасындағы оқшаулағыш ауа болып табылады. Сондықтан, кернеу жоғары болған сайын, сымдардың арасында үлкен қашықтық болуы керек. ЭБЖ елді мекендердің жанындағы алқаптар арқылы өтеді. Сондықтан сымдар адамдар үшін қауіпсіз биіктікте ілінуі тиіс. Оқшаулағыш ретінде ауаның қасиеттері климат пен метеорологиялық жағдайларға байланысты. ЭБЖ құрылысшылары басым желдердің күшін, жазғы және қысқы температуралардың өзгеруін және т.б. ескеруі тиіс. Сондықтан әрбір жаңа ЭБЖ құрылысы ең жақсы трассаны, ғылыми зерттеулерді, модельдеуді, күрделі инженерлік есептерді және тағы басқа іздестірушілердің маңызды жұмысын талап етеді. Жоғары кернеулі сымдар өмірге қауіпті және оларды үйде, фабрикалар мен зауыттарда жүргізуге болмайды. Электр энергиясын тұтынушыға жеткізбес бұрын жоғары кернеулі ток төмендейтін қосалқы станцияларда төмендетіледі.
Әуе желілерінің сымдарын таңдау
Электр берілісінің әуе желілері (ӘЖ) үшін көп сымды алюминий және болат алюминийлі сымдар, сондай-ақ алюминий қорытпаларынан жасалған сымдар қолданылады. 110 кВ ӘЖ үшін, әдетте, болат алюминийлі сымдар қолданылады. Мыс немесе басқа сымдарды қолдану техникалық- экономикалық есептеулермен негізделуі тиіс.
110 кВ дейінгі кернеулі ӘЖ үшін қазіргі уақытта өздігінен жүретін оқшауланған сымдары кеңінен таралып келеді. ӨОС үшін болат алюминийлі сым немесе беріктігі жоғары алюминий қорытпасынан жасалған сым қолданылады. Оқшаулама ретінде тігілген полиэтилен қолданылады.
Кернеуі 110 кВ ӘЖ сымдарының қимасын таңдау техникалық- экономикалық есептеулер негізінде жүргізіледі. Кернеуі 110 кВ дейінгі ӘЖ жобалау кезінде сым қимасын таңдау нормаланған жалпылама көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Мұндай көрсеткіштер ретінде јн тогының экономикалық тығыздығының нормаланған мәндері қолданылады.
Экономикалық тығыздығы берілген жүктемені ӘЖ бойынша беру кезіндегі ең аз шығындарға сәйкес келеді.
ӘЖ келесі тексерулер жүргізеді: кернеуі 220 кВ дейінгі ӘЖ-нің Жоғарғы тексерулері кернеуді түсірмей-пайдаланудың бірінші жылынан бастап 3 жылда кемінде 1 рет; ӘЖ тіреулерін сыртқы тексеру – қажеттілігіне қарай (жергілікті нұсқаулықтар бойынша); кезектен тыс тексерулер – қалыпты жұмыс режимін бұзғаннан кейін (көктайғақтан, қатты ластануға ұшыраған учаскелердегі тұманнан кейін), сондай-ақ ӘЖ автоматты ажыратылғаннан кейін.
ӘЖ тексеру мерзімділігі мынадай: ағаш тіреулердің олардың шіру тереңдігін өлшей отырып жай – күйі (II сұрыпты қарағайлы ағаштан жасалған тіректер) – 3 жылда 1 рет; Металл тіреулердің және металл траверсалардың, темір бетон тіреулердің коррозиясы – 3 жылда 1 рет; топырақты ашумен металл басқыштардың коррозиясы (іріктеп) – 6 жылда 1 рет; құбырлы разрядтағыштардың оларды тіректерден түсіре отырып – пайдаланудың алғашқы 2 жылында 1 рет және одан әрі 3 жылда 1 рет; темір- бетон тіректері 3 жылдан бастап; бұрандамалар мен анкерлік бұрандамалардың гайкалары (тартумен) – пайдаланудың алғашқы 2 жылында жылына 1 рет; сымдарды жалғаудың бұрандамалық және плашкалық ауыспалы қысқыштары – жылына 1 реттен кем емес; сымдардан жерге дейінгі қашықтық (габариттер) – ӘЖ пайдалануға қабылдау кезінде және одан әрі қажеттілігіне қарай, сымдардан қиылысу орындарында қиылысатын құрылыстарға дейін – ӘЖ қиылысатын құрылыстарды пайдалануға қабылдау және қайта құру кезінде. Кернеуі 110 кВ ӘЖ-де тартылған және аспалы гирляндалардың фарфор оқшаулағыштарының электр беріктігін өлшеуді пайдаланудың бірінші жылында және одан әрі 6 жылда кемінде 1 рет жүргізеді.
ӘЖ қарау кезінде мыналарға назар аудару қажет: сымдар желісінің үзілуі мен балқытылуы; сымдар мен тростарға бөгде заттардың лақтырылуы; оқшаулағыштардың сынуы, күюлері мен жарықтары; тіректердің жай-күйі, еңісі, бандаждар мен жерге тұйықтау құламаларының бүтіндігі; сымдардың ұшқындауы мен сиретілуі; ажыратқыштардың, коммутациялық аппаратураның және төмен түсірудегі кәбілдік муфталардың қосылыстарының жай-күйі; тіректердегі сақтандырғыш плакаттардың және басқа да тұрақты белгілердің жай-күйі.; металл тіректердегі бұрандамалар мен гайкалардың болуы, жекелеген элементтердің, дәнекерленген жіктер мен тойтарма шегелердің тұтастығы; темір бетон тіректері мен омарталар тіректерінің жай-күйі; трассаның тазалығы (сымдарға қатысты және ӘЖ құлау қаупі бар ағаштар; бөгде заттар, құрылыстар және т. б.); күзет аймағындағы құрылыс және басқа да жұмыстардың келісімінсіз өндіріс. Аралау кезінде анықталған ақаулар аралау парағында белгіленеді және авариялық сипаттағы жағдайларда дереу жойылады.
Ауа райының құбылысына байлаысты әуе жолдарының сымдар қырауланып, одан мұз қатады. Сымдарға мұз катқандағы мұздың қалындығына қарай әуе жолы 4 типке болінеді. Олар: «О», «Н», «У», «ОУ» типті болып.
Егер қатқан мұздың қалыңдығы 5мм-ге шейін болсын, ондай әуе жолы жеңілдетілген деп аталып «О»-типке жатады. Мұздақтың қалыңдығы 5мм-ден 10мм-ге шейін болса, оны қалыпты «Н» типке жатады. Мұздың қалыңдығы 10мм-ден 15мм-ге шейін болса, онда күшейтілшен деп аталып «У»типке жатқызамыз. Мұздың қалындығы 20мм-ден және одан асса өте күшейтілген деп аталып, «ОУ»-типке жатады.
Әуе жолындағы тізбек сымдарының орналасу тәртібін профиль деп атайды. Егер әуе байланыс жолының тіректер ағаштан жасалған болса, онда профиль ілмекті, траверсті және аралас болады. Ал егер тіректер темір бетоннан жасалған болса , онда тек қана траверсті профиль болады. Ілмекті профильге ілінетін сымдардың саны 10-12ден апайды. Бір траверске 8(4жұп) сымнан ілінеді. Бір тірекке ілінетін траверс саны 5-ке дейін болады.
Әуе жолында негізгі сымдар болат, мыс және бейметалды элементтен жасалады. Әуе жолының сымдары тіректерге ілмек пен траверс арқылы изоляторға бекітіледі. Изоляторлар фарфордан, шыныдан жасалады.Әуе жолы сымы изолятордың төбе ойығына байлағыш сыммен бекітіледі. Байлағыш сымда сол әуе жолының сымының материалынан жасалады. Бірақ одан жұмсартылған және одан жіңішке болады. Изоляторлар тірекке ілмек немесе казықша (шрырь) арқылы бекітіледі.Қойылатын орнына және ауа райының құбылысына байланысты тіректерді ң бірнеше түрлері болады. Тіректің ең қарапайым түрі бір тіректен тұрады. Оны аралық тірек деп атайды. Байланыс жолының бұрылатын жерлеріне бұрыштың іш жағынан тірек қойылған тіректі бұрыштық тірек деп атайды. Жел қатты соғатын жерлерде желдің бағытына байланысты тіректің бір және екі жағынан да қосымша тірек қойылып оны күшейтілген тірек деп аталады.
Мұздағы қалың немесе оданда басқа жағдайлармен өте күшті тірек керек жерде әрбір тірекке қос бағана қойылып және әрқайсысының бір немесе екі жағынан да тірек қойылады. Мұндай тіректерді жартылай анкер немесе анкерлі тіректер деп атайды. Әуе байланыс жолының жақсы жағы оның мықтылығында, өміршеңдігі және кез-келген қашықтыққа электр сигналын тарата алатындығында. Әуе желілерінің кемшілігі оның икемсіз үлкенділігі.
Әуе желілерінде сигналдық тоқты сымдармен қатар кабелдерде тартылады.
Кабель деп тізбек сымдарын изоляциялық қабықпен қапталған элементті айтамыз. Әуе желілерінде кабелді жүргізу сымдарды жүргізгеннен өзгеше болады. Сәл қарапайымдылау.
Есеп шығару кезеңі. Әр топқа интерактивті тақтада 2 нұсқадағы есеп беріледі әр топ өздері нұсқа таңдады. Есеп нұсқалары бірдей мәндері әртүрлі. Есепті дұрыс шығарған топқа 10 балл беріледі.
Қауіпсіздікті сақтау үшін
біздер кабельдің немесе сымның жүктемеге сәйкес келуі үшін сымның
қимасын анықтауымыз керек. Ол үшін сымның немесе кабельдің сыртқы
қабығын
ашып, егер сым бір салалы болса, онда диаметрін мына формуламен
өлшейміз:
S
= П *d2 /
4 немесе S= 0. 8*
d2 мұнда
S = сымның қимасының
ауданы,
мм2
П
= 3.
14
d = сымның диаметрі,
мм2
Осы
формула
бойынша
есеп
шығару:
сымның
диаметрі
d=1.
5, онда сымның қимасы нешеге тең:
S=0, 8 * d2 = 0, 8 * 1, 5 * 1, 5 = 1, 8
мм2
Егер
сым
көп
салалары
болса,
онда
сымның
бөлек
— бөлек ағытып,
ішіндегі
салаларын
санаймыз
да,
ішіндегі
саланың
қимасының
ауданы
s,
содан
кейін
барлық
сымның
қимасының
ауданын
S
— ты анықтаймыз.
Барлық
сымның
саласының
аудандарының
қосындысын
қосып,
сымның
қимасын
табуға
болады.
Есеп:
бір
сымның
ішінде
37
саласы
болса,
онда
бір
саласының
қимасының
диаметрі
d = 0, 3 мм болады.
Сымның
бір
саласының
ауданы
мынаған
тең:
Шешуі: s = 0. 8 * d2 =0.
8 * 0. 3 * 0. 3 = 0. 072
мм2
Сымның барлық салаларының
қимасының
ауданы
мынаған
тең:
S = 37 * s = 37 * 0. 072 = 2. 66
мм2
V. Жаңа материалдарды бекіту сұрақтары: 9 мин.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында студенттерге тақырып бойынша сұрақтар беріледі беріледі.
Жаңа тақырыпқа рефлексия:
"смс хат" арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, оқытушының сөмкесіне салады.
(5 мин)
VІ. Оқушылардың білімін бағалау, сабақты қорытындылау: 5 мин
VII.Сабақтың аяқталуын хабарлау:
Осымен біздің бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!
Оқытушының қолы: ______________