Материалдар / Ашық сабақ: Бағдаршам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Бағдаршам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Бағдаршам
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
584
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бағдаршам

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам»

 Сабақтың мақсаты:  Баларды жолда жүру ережелеріне сәйке бағдаршамның  

                                          атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы

                                          балаларға жолда жүру ережелерін үйрету.

  Сабақтың міндеттері

                                          білімділік: бағдаршам туралы және бағдаршамның   

                                          атқаратын міндеті туралы білім беру.  Бадаршамның

                                          қызыл түсі жанғанда тоқтау, сары түсі жанғанда                                                           

                                          дайындалу, жасыл түсі жанғанда жүру  керектігін

                                          түсіндіру.

 

                                          дамытушылық: балалардың есту, есте сақтау, ойлау    

                                          қабілеттерін  дамыту. Сабаққа деген қызығушылық-

                                          тарын арттыру.

 

                                          тәрбиелік: балаларды жолда жүргенде сақ болуға,

                                          бағдаршам көздерінің тәртібін білуге, байқампаздыққа

                                          тәрбиелеу.

  Қолданылытын әдіс тәсілдер: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

 Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, машиналар, жолақты жол, әр түрлі көліктердің суреті.

 

Іс әрекет кезеңдері

 Тәрбиешінің іс әрекеттері

Балалардың іс әрекеттері

Уәждік түрткі болу

 «Жүректен жүрекке» жылулық шеңберін құру

 Өткен сабақты еске түсіру.

 - Балалар өткен сабақта не істеп едік?

 - Кино қалай аталады?

 

 - Кино кім туралы екен?

 - Президентіміз кім болуды армандады?

 - Ал сіздер өскенде кім болғыларыңыз келеді?

Балалар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

- Кино қарадық

 

 - Балалық шағымның аспаны

 - Президентіміз туралы

- Ұшқыш болуды армандады

Балалардың жауабы

Проблемалық ізденіс

 Балаларға әртүрлі көліктердің суретін көрсету.

 - Балалар, мынау қандай көліктер? Қане кім айтады?

 - Иә, адамдар машинамен, автобуспен, пойызбен жерде жүреді, тікұшақпен, ұшақпен аспанда ұшады, кемемен,

қайықпен суда жүзеді.  Бұл затты біздер көліктер деп

атаймыз.

 

 - Балалар, осы көліктердің жүрісін реттейтін не екенін білесіздер ме? (Бағдаршам суретін көрсету)

- Сіздер қалаға барғанда бағдаршамды көргендеріңіз бар ма?

 - Машиналар көшеде соқтығысып қалмау үшін бізге бағдаршам керек.  (Бағдаршам көздерінің қызметімен таныстыру)

 Жапсыру жұмысы: «Бағдаршам»

Жапсырылып болған бағдаршамды жинап, көрсету.

Сергіту сәті

 - Балалар кім бағдаршам туралы тақпақ, жұмбақтар біледі?

 Д.о: «Бағдаршам»

 Балаларға бағдаршамның үш көзі көрсетіледі.

 Балалар сөйлем

құрайды.

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

Балалар қиылып берілген түрлі түсті қағаздардан бағдаршам жапсырмалайды.

 

 

 Балалар білетін тақпақ, жұмбақтарын айтады.

 

Балалар қызыл дөңгелек көтергенде тұрады, сары дөңелекте дайындалып, жасыл дөңгелек көрсетілгенде жолақты жолмен жүреді.

Рефлексті түзетімдеуші

Жұмбақ:

Бір көзім: кідір дейді,

Бір көзім: жүгір дейді,

Бір көзім: абайла дейді

Қарап ал маңайға дейді.

 

 - Бағдаршам бізге не үшін қажет?

- Бағдаршам қайда тұрады?

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Бағдаршам көздерінің түсі қандай?

- Қызыл көзі жанғанда не істеу керек? -Сары көзі ше? Ал, жасыл көзі жанғанда не істеу керек?

 Балалардың жасаған әрекеттерін айта отырып, мұзкәмпитпен марапаттау.

Балалар жұмбақты шешеді.

 

 

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға жуап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 Балалар мұзкәмпиттерін алып, мәз болысады.

 

  Жаңғыртады: бағдаршамның үш: қызыл, сары, жасыл көзі бар екенін, әр түстің өздерінің міндеттері бар екенін

  Түсінеді: бағдаршам көшедегі көліктердің жүрісін реттейтінін, адамдардың жолда абайлап жүру керектігін

   Қолданады: бағдаршамның қызыл, сары түсі жанғанда адамдарға жолдан өтуге болмайтынын, адамдардың жолақты жолмен жүру керектігін




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!