Материалдар / Ашық сабақ "Бастаулардың бастауы." 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бастаулардың бастауы." 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікке құндылығының мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 11

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Бастаулардың бастауы...

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, достық

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікке құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды айналадағы бәрін жақсы көруге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды отбасында сүйіспеншілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №10 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №11, «Үйің» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Туған үй несімен қымбат?

2. Туған үйі адамға не үйретеді?

3. Туған үйге оралғанда адам қандай әсерге бөленеді?

4. Туған үйіңді қалай қадірлейсің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

Өз үйім – кең сарайдай боз үйім

Мақал

Сұрақтар:

1. Туған үйдің жылылығын қалай сезесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өзіңіздікін өзіңізге алыңыз


Бір күні Ұстаз өзінің шәкірттерімен бірге өзінің елінің саясатына қарсыауылдың тұсынан өтіп бара жатады. Сол ауылдың тұрғындары үйлерінен тез жүгіріп шығып, Ұстазды және оның шәкірттерін айнала қоршап алады да, намысына тиетін сөздер айта бастайды.Ұстаздың шәкірттері де ашуланып, оларға қарсы шығуға дайын тұрған. Бірақ Ұстазы жандарында болғандығы әсер етті ме, өздерінде қандай да бір сенімділік туды. Бірақ ұстаз өз сөздерімен ауыл тұрғындары мен шәкірттерінің арасындағы осы жағымсыз жағдайға араласты.Ол өзінің шәкірттеріне бұрылып, былай деді:

-Сендер мені таңқалдырдыңдар. Бұл адамдар өзінің істерін орындап жатыр. Олар өте ашулы. Мені бұл адамдардың дінінің, адамгершілікқұндылықтарының жауы көреді.Бұл адамдар мені қорлап жатыр, бұл табиғи нәрсе.

- Бірақ сендер неге ашулысыңдар? Неге сендер өздеріңді мына адамдардың басынуына жол бересіңдер. Дәл қазір сендероларға тәуелдісіңдер. Сендер еркін емессіңдерме?

Ауыл тұрғындары мұндайды күтпеген еді. Олар не істерін білмей, тынышталып қалады. Осы кезде Ұстаз оларға бұрылып:

-Сіздер барлығын айтып болдыңыздар ма? Егер деайтып болмаған болсаңыздар, қайтадан ауылға қайтып бара жатқанда ойларыңыздағының барлығын айтуға мүмкіндіктеріңіз бар,- дейді.

Ауылдың адамдары аң- таң болып, сұрақ қояды:

-Сенің намысыңа тиетін ауыр сөздер айттық сен неге бізге ашуланбайсың? –дейді.

Сонда Ұстаз:

-Сендер еркін адамсыңдар және не істесеңдер де, өз еркілеріңде. Мен бұған мән бермеймін. Мен де еркін адаммын. Мені еш нәрсе мәжбүрлей алмайды және ешкім маған әсер етіп, мені басына алмайды. Мен өзімнің іс –әрекеттерімнің қожайынымын. Менің іс әрекеттерім менің ішкі жағдайымнан туындайды.Ал енді Сіздерге қатысты бір сұраққойсам деген едім:

-Сіздермен көрші ауылдың тұрғындары мені шын пейілмен қарсы алды, өздерімен гүлдер, жеміс –жидектер, тәттілер алып келіпті. Мен оларға:

-Рахмет. Біз таң ертеңгі асымызды ішкенбіз. Мына жеміс –жидектеріңізді менің батаммен қайтадан алыңыздар. Біз оны көтеріп жүре алмаймыз, бізөзімізбен бірге тамақ көтеріп жүре алмаймыз, -дедім.

- Енді Сіздер айтыңыздаршы, мен қабылдамаған және қайтарып бергендерді олар не істеуі керек?

Топтың ішінде тұрған бір адам:

-Оларды үйлеріне алып барып, отбасы мүшелеріне және балаларына бөліп берген шығар,-дейді.

Ұстаз күлімсіреп:

-Ал Сіздер ше өздеріңіздің айтқан ауыр жағымсыз сөздеріңізді қайтесіздер. Мен оларды қабылдамаймын. Мен жеміс –жидектерден, тәттілерден бас тарттым, олар оны қайтадан алу керек. Ал сіздер не істей аласыздар? Мен де Сіздердің жаңағы айтқан сөздеріңіздің барлығын қайтарамын. Сондықтан, үйлеріңізге алып кетіңіздер де қалауларыңыз білсін, -депті.


  • Неге Ұстаз оның намысына тиетін сөздер айтылсада оған ашуланбады?

  • Ұстаздың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

  • Сіздерге біреулер жағымсыз сөздер айтса сіз не істер едіңіз?

  • Сабырлықты сақтап, ашуланбай жүрудің жаттығуларын жасап, көрсет.



  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінедіі.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді оқыңдар.

Өз ...... – өлең төсегін.

Туған үйдің ..... де жылы

..... үй – базар

Туған ..... – тірегің


6. Топпен ән айту.

Еркін Нұржанов. «Анашым»

Елжіреп жататын ертегімде,

Есімде балапан күндерім.

Сол айтқан ертегі жетелеген,

Керемет түсінген түндерім.

Қайырмасы:

Шуақты нұрыңмен

Нұрбақыт ержеткен

Анашым аяулы сағындым

Кейелі бесіктен

Әлдилеп тербеткен

Келеді сәби боп танылғым


7. Үй тапсырмасы.

1. №11 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №12, «Үйді сағындым» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!