Материалдар / Ашық сабақ Батылдық пен өжеттілік. 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Батылдық пен өжеттілік. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі тиер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
760
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметжанова Минайым


Өзін-өзі тану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттілік.

Мақсаты: Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

  • Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

  • Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары: оқулық, үнтаспа,суреттер,интерактивті тақта,плакаттар.

Шаттық шеңбері.

Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады. Көңілді ән шырқайды.


Балдырғандар әні.

Сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін жазған Ш.Қалдаяқов


Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.


Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары

Бақшамыз жайнады.


Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Қайырмасы:

Мәтінмен жұмыс:

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Балалар өздігімен Қойшы Қаһарман ертегісін түсініп оқып шығып, пікірлерін айтады.


Мұғалім балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қояды.

  • Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

  • Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

  • Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

  • Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?


Дәйексөз.

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

Халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

Жаттығу.

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады. Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.

Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.

Сергіту сәті.

Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз

Бір,екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойымызға жинап күш.


Ойын.

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады. Меже белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.

Тапсырма:

«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңдер деген тапсырманы орындайды.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың сабақта алған білдімдері пысықталады.

1-тапсырма:

Сөзжұмбақты шешіңдер.

  1. Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз)

  2. Ақжолтай батыр. (Ағыбай)

  3. Махамбеттің серігі. (Исатай)

  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рақымжан)

  5. Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)

2- тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазып келіңдер.

Қорытындылау:

  • Батылдық- адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.

Жүректен-жүрекке.

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:

  • Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.

  • Деніміз сау болсын.

  • Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік ,

Өтебай Тұрманжановтың «Батыр ата» өлеңін оқиды.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!