Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Бауырсақ" ертегісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балалар мен жасөспірімдер орталығы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Асыл мұра» үйірмесінің
қосымша білім беру мұғалімі: КОПБОСЫНОВА Ж.Ж.
Мойынқұм ауылы
Сабақтың тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі.
Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.
Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің мазмұны арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылығы: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: cлайд, суреттер, оқулық, плакат
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты бастамас бұрын «Ережені» есімізге түсіріп алайық.
1. Тыныштықты сақтау
2. Бірін-бірі тыңдау
3. Өзін ойын айту
4. Уақытты үнемдеу.
Сыныпты екі топқа бөлу:
-
Жалын
-
Ұшқыр
Психологиялық дайындық:
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
ІІ. Оқушы білімін тексеру:
«Қазақ еліне» саяхат ойыны арқылы
-
Ал енді, балалар Қазақ еліне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
-
Дайынбыз.
-
Балалар саяхат шығу үшін бізге не қажет?
-
Дұрыс айтасыңдар, көлік қажет.
-
Қазір мене жұмбақ жасырам сендерге, шешуін тапсаңдар сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
(автобус)
-Жарайсыңдар, балалар!
Сұрақтары:
-
Ертегі дегеніміз не?
-
Ертегі неше түрге бөлінеді?
-
Қиял-ғажайып ертегі дегеніміз не?
-
Шыншыл ертегі деп нені айтамыз?
-
Хайуанаттар ертегісі деп нені айтамыз?
-
Қиял-ғажайып ертегіге жататын ертегілерді атаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтығ мақсаты:
Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:
- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
-
жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
-
қиял-ғажайып ертегілер
-
шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.
- Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
- Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане қандай ертегілер естеріңде қалды? ( Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)
Балалар ертегі не жайында?
Бәріміз бала кезімізден бір ертегіні жақсы көретінбіз және көп тыңдайтынбыз. Тіпті қайта-қайта ести бергеннен жаттап та алатынымыз өтірік емес. Әрине, ол «Бауырсақ» ертегісі. Ал сіздің сол ертегінің әлемнің басқа да халықтарына таныс екенінен хабарыңыз бар ма? «Бауырсақтың» желісі туысқан халықтарда ғана емес, мұхиттан ары халықтардың әдебиетінде де көрініс табатыны жасырын емес. Сюжетін сақтап өздерінше ертегі жасап алған халықтар: өзбектер мен татарлар, ағылшындар, немістер және скандинавиялықтар, американдықтар және т.б. Классификатор Аарне-Томпсонның есебіне сенсек, ертегінің 2025 түрі бар екен. «Қашқын құймақ» деген де аты бар екен, тіпті...
XIX ғасырда әлемдік мәдениетте біз «Бауырсақ» деп атайтын ертегіні көбі «АҚШ-тан келген прәндік адам» деп атаған.
V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:
«Бауырсақ» ертегісі арқылы.
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
Қоянның тапсырмасы:
1) Ертегіден жағымсыз кейіпкерлерді атаңдар.
Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
1. Берілген сөздерді буынға бөл: қасқыр, қоян, түлкі
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы: Берілген сөздерде неше дауысты дыбыстар бар: аю, бауырсақ, кемпір, ата.
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Деген өлеңде неше дауыссыз дыбыс, неше буын бар?
Түлкі бауырсақты жібереді.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма ?
Ертегінің мазмұны не жайында екен ?
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)
-Бауырсақтың түсі қандай?
- Сары.
- Бауысақтың пішіні қандай?
- Домалақ, шеңбер.
-Ал, балалар , нан туралы мақал - мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер ме ? (Мақал- мәтелдер, тыйым сөздер айтады.)
Нан болса –ойнап – күлеміз,
Нан болса – еркін жүреміз.
Нан –қасиет, Нан – береке, Нан – мереке.
Нан бар жерде ән бар
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Нан— тамақтың атасы
Нан астығын жинаймын,
Тыйым сөздерді түсіндіру.
Нанды баспа.
Нанды шашпа.
Нанды артқа қаратып қойма
Нанды бір қолыңмен үзіп жеме.
- Ал, онда балалар ұннан жасалатын таағамдарды топтастырайық.
«Топтастыру» әдісі
Бағалау. Оқушыларды жинаған смайликтері арқылы бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
«Бауырсақ» ертегісінде өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін салып келу.