Материалдар / Ашық сабақ: "Бауырсақтың дала жануарларына қазақ тілін үйретуі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Бауырсақтың дала жануарларына қазақ тілін үйретуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі мекемедегі өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде өткізілген ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2018
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақбота» ересектер тобында қазақ тілі пәнінен ашық

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


«___________»__________________20 жыл

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».

Тақырыбы: Бауырсақтың дала жануарларына қазақ тілін үйретуі.

Мақсаты: Балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. Бірінші жарты жылдықта өткен тақырыптарды қайталап, ске түсіру. Достыққа, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Отбасы мүшелері, дала және үй жануарлары, жемістер, көкөністер, ойыншықтар.

Қажетті құрал –жабдықтар: үлестірмелі суреттер.

Сөздік жұмысы:

Билингвальді компонент: Сәлеметсің бе! Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіндер ме! – Здравствуйте! Ұл – мальчик, қыз – девочка, Мынау кім? – Кто это? Мынау не? – Что это?


Іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Қоршаған ортамен амандасу.

Қоршаған ортамен амандасу:

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер Ана?!

Амансың ба, Достарым?!

Шаттық шеңберін құрады.








Ұйымдастырушылық-ізденістік

Дөңгелекті көрсетеді.

Оның түсін сұрау.

Тағы да қандай түстердің білетінін сұрау.


  • Дөңгелекке ұқсас қандай ойыншық бар?

  • Тағы қандай ойыншықтарды білесіңдер.

  • Ендеше, доп туралы өлең айтайық.


  • Жарайсыңдар, балалар.


  • Қандай тағамның көлемі дөңгелек тәріздес?


  • Мен бүгін, ертегідегі бауырсақтың қазақ тілін үйретіп жатыр дегенін естідім, онда біз бүгін ертегілер еліне барайық. Қалай үйретіп жатқанын көрейік.


  • Бауырсақ ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? (Отбасы мүшелерін қайталау).


Әке мен ананың, аға мен апайдың суретін қосымша көрсету.


Отбасы туралы өлең.


Мұғалім өзі бауырсақ болып ортаға шығады. Қолында себеті бар.

  • Алдынан қояндар шығады секіріп.

  • Қояндар, мені жемеңдер, одан да қазақ тілін үйретейін сендерге. (Себеттің ішінде жемістер бар. Оларды көрсету.)

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба». Барысы: балалар дорбаның ішінен жемістерді қолдарымен ұстап, көздерімен көрмей тұрып қандай жеміс екенін айтады. Сосын алып шығып тексереді.


  • Бауырсақ ары қарай домалап жүре береді. Алдынан қасқыр кездеседі.


  • Қасқырлар, мені жемеңдер, одан да қазақ тілін үйреніп, ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап». Барысы: Тақтада көкөністердің көлеңкелері тұрады, соған үстелдің үстіндегі көкөністердің суреттерін дәлдеп жапсыру керек.


Пияз туралы өлең оқиық.





  • Бауырсақ ары қарай домалап жүре береді. Алдынан аюлар кездеседі.

  • Аюлар, сендер мені жемеңдер, одан да біз қазақ тілін үйреніп, көмек беріп үйренейік.

  • Жаңа мен жолда келе жатып, үй жануарларының торда қамалып тұрғанын көрдім, ал төлдері сыртта тұр. Оларды тордан шығару үшін, қазақ тілінде атауларын айту керек екен. Одан да соларға көмектесейік.


Қошақан туралы өлең оқиық.





  • Бауырсақ ары қарай домалап жүре береді. Алдынан қасқырлар кездеседі.

  • Қасқырлар, сендер мені жемеңдер, сендермен де қазақ тілін үйреніп, ойын ойнайық. Менде қалташалар бар, соның ішінде мамандық иелері өздерінің құралдарын шатастырып алыпты, соларға көмектесіп, қандай мамандық иесі екенін атайық.


Дәрігер туралы өлең айтайық.




Бауырсақ домалап, атасы мен әжесінің қасына аман-есен барады.


Атасы мен апасы бауырсақтың аман-есен үйіне оралғанына қуанып, балаларға бауырсақ ұсынады.

  • Мынау – дөңгелек.

  • Оның түсі – сары.

  • Сары, қызыл, жасыл, көк, қара, ақ – түстер.


  • Доп.


  • Қуыршақ, текшелер т.б.


Доп туралы өлең оқиды:

Доп – дөңгелек ала доп,

Қызыл, жасыл, сары, көк.

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.


  • Бауырсақ.









  • Ата, апа, бауырсақ, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

  • Ертегіде аға мен апай, әке мен ана жоқ.




Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.




  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.



Ойынды ойнайды. Жемістердің атауларын қазақ тілінде атайды. Түстерін, дәмідерін айтады. Мысалы: алма, алмұрт, дәмді, тәтті, ащы деп айтады.





  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.



Ойында балалар көкөкністердің атауларын қайталап, қазақ тілінде атау. Мысалы: қияр, пияз, қызанақ, сәбіз, қызылша, бұрыш.







Болса да ащы,

Дәмді етер асты.

Өседі ол жерде,

Тығып алып басты.


  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.



Аюлар тордың сыртында тұрған үй жануарларының атауларын қазақ тілінде атайды да, олардың енелерінің атан да атайды. Сол кезде тордан үй жануарларының енелері шығады.






Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?



  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.


Қалташалардың ішіндегі мамандық иелерінің заттарын дұрыс орналастырады.






Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың,

Қиналғанда жанына

Бірінші боп барамын.






Рефлексиялық түзетушілік

Сабақты қорытындылау. Сабаққа қатысқан балаларды мақтау.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

  • Жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі.

Болуы керек:

  • Білімге деген құштарлық дағдысы. « Мынау кім?» «Мынау не?» сұрақтарына жауап беру.

Істей білуі керек:

  • Бір-бірімен қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап береді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!