Материалдар / Ашық сабақ: "Белгілі спорт жұлдыздары". Етіс түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Белгілі спорт жұлдыздары". Етіс түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорт жұлдыздары, тілдік бағдар етіс түрлерін меңгерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін _________

ДОІЖО: Л.Оразбекова

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Жиырма жыл күткен жеңіс. Етіс. Етіс түрлері.

16-сабақ.

Бөлім:

7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Морфология. Етіс.Етіс түрлері

Педагогтің аты-жөні:

Сабырбекова К.М

Күні:

17.02.2021ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 10 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Жиырма жыл күткен жеңіс. Етіс.Етіс түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

6.4.4.2. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құра алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Етістіктің етіс түрлері мен тіркесімдік мүмкіндігін ауызша тілдесім барысында қолдана алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда "Жүрек лебізі " ойыны жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Топқа бокс қолғабы белдік, және кір тасы сияқты сопртшылардың құрал-жабдықтарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1топ : "Боксшылар"

2топ :"Күресшілер"

3топ :" Ауыр атлетиктер"

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

бокс қолғабы белдік, және кір тасы суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтары және үй тапсырмасын ұжымдық талқылау .


  • 5-тапсырма

  • Етістікті түрлеріне қарай ажыратып жаз.

Тоқы,көрсетпе,тазала,қайна, сайра,озба,көшірме,суғар,жарқыра,күркіре,сіркіре,жұмыл, түңілме,шап, кеспе,жаз, шеш,қашпа,ұш.




Оқушылар өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.





Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б. Еліміз олармен
мақтанады. Спорт саласында біраз жетістіктерге жетіп, халықаралық, республикалық жүлденің иегерлері біздің мектептің түлектері: "Самбо,"Қазақша күрестен" Абрахманов Төлеген, Хамитов Бекболат, Айтқазин Дәурен, Қабай Бауыржан, Закетаев Өміртай, Закетаев Серіктай. Осындай ағаларының жолын қуған Шериаздан Дарын, Ахмет Мансұр, Қабай Хамза сияқты оқушыларымыздан келешекте үлкен жеңістер күтеміз!
Топқа бөлу

1топ : "Боскшылар"

2топ :"Күресшілер"

3топ :" Ауыр атлетиктер"


Әр топ өз тобының атына сай “Белгілі спорт жұлдыздары” презентациясымен таныстырады.

Әр топқа 7 минут уақыт беріледі.

Жазылым.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.















































































Әр топ басшысы дайындаған презентациясымен

таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.


























































"Қошеметтеу әдісімен" бағаланады.

ДК экраны.Слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1 -тапсырма


1топ : "Боксшылар"


Берілген етістіктерден өздік етіс жасап,спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жаз.

  • Ора

  • Сұра

  • Ойла

  • Сүрт

  • Лақтыр


Айтылым және жазылым дағдысы

Оку барысында барлық заңдылыққа зейін қою керек және өздік етіс ережесін айтады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым,жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- Оку барысында барлық заңдылыққа зейін қою керек және өздік етіс ережесін айтады.



6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері



2- тапсырма.

2топ :"Күресшілер"

Қажетті етістіктерді мағынасына қарай сәйкестендіріп,сөйлемді аяқтап жаз. Етіс түрлерін анықта.Жарыстарда әйгілі мықтылармен...

Ринг алаңында қалуын ...

Жастарға арнап ауылда спорт мектебін ...С

идней Олимпиадасының чемпионы ...

Бокс дүниежүзін...

Еліміздің көк туын әлемдік жарыстарда...

Жеңіс туын олжалағанына ...

Алтын жүлде қанжығасына...

Қажет етістіктер: байланды,желбіретті,жұдырықтастырды,атанды,қуанды,бағындырды,салдырды,өтінді.

3- тапсырма

3топ :" Ауыр атлетиктер"


Өлеңді мәнерлеп оқы.Өзгелік етіс қосымшасы жалғанған етістікті тап.Өлең жолдарынан басқа етістіктердің түбірін анықтап,өзгелік етіс қосымшасын жалғап жаз.

Денсаулыққа пайдалы

Секірген әрі жүгірген.

Жаттықтырған адамды,

Хоккей менен волейбол.

Допты теуіп қақпаға,

Ойнаймыз біз футбол.

Шаңғы ,коньки,шанамен

Биік таудан асамыз.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!