«Келісемін»:
«Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі:_____
«__»__ж Директор: _________
«____»_________ж
Оқу мен оқытудағы жаңа
әдіс- сәсілдер. «ЖАДА» бағдарламасы
тaқырыбы бoйынша кoучинг
жoспары
Коучинг сессияның
тақырыбы: « Жақын арадағы даму
аймағы»
Коучинг
мақсаты:
Ұстаздарға диалогтік
оқыту туралы , маңызы жайлы түсінік
қалыптастыру.
Коучинг сессиядан күтілетін
нәтижелер:
1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытудың маңызын
түсінеді;Мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушы мен оқушы
арасындағы қарым-қатынас арқылы ЖАДА-ның
қалыптасуы.
2. Диалогтік оқыту жайлы әдіс-тәсілдерді
сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар:
Диалогтік оқыту білім
сапасын арттырудың негізі.Мұғалімдердің сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру талаптарын еске түсіру
Ресурстар:
Мұғалімге арналған
нұсқаулық,үлестірме материалдар, бейнежазба, слайд...
маркер,стикер, ақ парақ, күлегештер, интерактивті
тақта,проектор.
Коуч: Бияров Р.
Н.
Коучинг
барысы:
Уақыты:
|
Іс-шараның
түрі:
|
Мазмұны
|
Коучтің
іс-әрекеті
|
Ұстаздар
іс-әрекеті
|
Ресурс
тар
|
2
мин
|
Видеосюжет(психологиялық
ахуал) Тренинг
|
Шағын топқа
бөліну
(түрлі-түсті парақша
арқылы)
|
Тренинг туралы қысқаша нұсқау
береді.
|
Түрлі-түсті парақшалар арқылы топтарға
бөлінеді,топқа бөлу мүшелері өз міндеттерімен
бөліседі..
|
Түрлі-түсті
парақшалар
|
10
мин
|
Ұжымдық
жұмыс.
|
Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың және ұстаздардың сөйлеу
мәдениетін дамыту
|
Ортақ проблемалық
сұрақ қою: «Мұғалімнің іс-әрекеті туралы не айтар
едіңіз?»
|
Видеосюжетті көреді, ой
түйіндейді
|
видеосюжет
|
15 мин
|
Жұптасып ойлану- түйінді ой
айту.
|
видеоролик
|
Коуч бақылау
жүргізеді
|
Видеороликті талдап Видеосюжеттегі
мұғалімнің іс-әрекеті пікірге постер
сызады
|
флипчарт
|
5
мин
|
Сергіту
сәті «Қара жорға»
|
«Қара жорға»
би
|
Мазмұнын
түсіндіреді
|
Мұғалімдер сергіту сәтін
қайталайды
|
Интерактив
ті
тақта
|
5
мин
|
Диалог
|
Жұптарға:
«оқушы мен
мұғалім»,
«оқушы мен
оқушы»
|
Бағыт
беріп,
мағынасын қысқаша
түсіндіреді.
|
Тақырыптар бойынша диалог
құрады,көрсетеді
|
парақ
шалар
|
Рефлексия
|
«Сөйлеу мәдениеті туралы
оқушылардың пікірі»
|
Оқушылардың сұхбатын тыңдап,
ойбөлісу
|
Видеосұхбатты
тыңдау
|
Өзара пікір
алмасады
|
Интерактив
ті
тақта
|
3 мин
|
Кері
байланыс
|
Тақырып туралы өз ойларын жазып, «Идеялар
ағашына» жапсырады
|
Парақшалар
таратады
|
Толтырады
|
Стикерлер
|
Рефлексия:
Бүгінгі өткізілген коучинг
тақырыбы: « Жақын
«Жақын арадағы даму
аймағы» коучинг сабақ туралы рефлексивтік
есеп.
1-бөлім: Тақырыпты
негіздеу.
-
Менің осы мектептегі коучинг
сабағымның тақырыбы «Жақын арадағы даму аймағы» деп аталады. Бұл
тақырыпты ашу үшін әртүрлі жұмыстар атқаруым керек, атап айтқанда:
қатысушы мұғалімдерден психологиялық тест алу, бірлескен топ
жұмысын жасату, сыни ойлау ұйымдастыру, «диалог арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту», «сыни тұрғыдан ойлау арқылы неге қол
жеткізуге болады?» деген сұраққа ой бөлісу,тақырып бойынша
қатысушыларға арнайы ақпарлама беру. Осындай жұмыстар жасау арқылы
қатысушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытып, білім
игерудің жаңаша деңгейіне бағыт-бағдар алуына ықпал
ету.
-
Коучинг сабағының
мәнмәтіні.
-- Бұл сабақ өткізіп отырған
мектеп «жаратылыстану- математика бағытындағы» орта
мектеп.Мұғалімдер саны 19, оқушылар саны
-61
-- Коучинг сабаққа қатысушы
мұғалімдердің саны алты. Олардың құрамында бір химия пәнінің
мұғалімі, бір ағылшын тілінің маманы, біреуі орыс тілінің маманы,
енді біреуі тарих мұғалімі, бір дене тәрбиесінің мұғалімі және
информатика пәнінің мұғалімі.
--Менің бұл тақырыбыма қатысты
мұғалімдер бұрын ешбір коучинг сабаққа қатысып көрмеген болып
шықты.Бұл тақырыпты осы мұғалімдер бірінші күнгі менің өткізген
конференциям кезінде өздерінің талап тілектерімен,яғни өзара
ақылдаса отырып, қазіргі таңдағы осы мектептің проблемаларына сай
таңдады да осындай коучинг-сабақ өткізумді
өтінді.
Менің оқыту мен оқудың осы
аспектісіне көңіл аудару себептерім:
--Бұл сабақ мен үшін де өте
маңызды, себебі ЖАДА тұрғысынан ойлау менің қызыға қарастырған
тақырптарымның бірі болды.Енді еске сақтау,білім игеру тұрғысынан
қарар болсам, мен өзгелерді оқыту арқылы осы материалдарды тоқсан
пайызға дейін меңгеруге мүмкіндігім болады
екен.
--Бұл тақырып немесе оқыту мен
оқудың осы аттас модулі менің мектебімнің мәнмәтінінде аса маңызды,
себебі бүгінгі білім беру жүйесі мен білімге қойылатын талаптардың
бәрін ескере келіп қарасақ, жалпы білім сапасының бірқалыпты
деңгейде болмай тұрғаны байқалуда. ҰБТ көрсеткіштері бойынша
нәтижелеріміз соңгы жылдары төмендеп барады. Осыған орай оқыту мен
оқуда бір нәрсені өзгертуіміз керек
болуда.
Дәл осы мұғалімдермен не үшін
жұмыс істеуді ұйғарғанымды айтар болсам, бұлар- мектептегі ең
негізгі пәндердің мұғалімдері. Сонымен қатар, мектебіміздің білім
берудегі бағыты «жаратылыстану- математика» болғандықтан осы
мұғалімдерді оқытудан бастағанды жөн
көрдім.
2- бөлім: Коучинг сабағының
сипаттамасы және оқытуды бағалау.
Практикалық тапсырмалар беру
арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді
пайдалануына ықпал жасау.
-- Түрлі түсті қағаздар арқылы
екі топқа бөлінуді ұйымдастырдым.Көңіл-күйлерін бағалауға стикерлер
таратып бердім.
-- Сыни тұрғыдан ойлау туралы
слайдты көрсеру арқылы сабаққа деген құлшыныстарын
қалыптастырдым..
--«Сыныптағы диалогтың маңызы»
слайдын көрсеттім. Выготскийдің ЖАДА теориясын слайдпен көрсетіп
танысрдым .Топтар өз идеяларын қорғауы керек.Екі топ бірін бірі
смайликтер арқылы бағалайды.Бұл да 3 баллдық жүйеде
бағаланады.
--Сергіту сәтінде жеңіл ғана
дене қимылдарын бастың қозғалыстары мен көз жаттығуларын
жасаттым.
--«Сыни тұрғыдан ойлау арқылы
неге қол жеткізуге болады?» тақырыбына топтарға постер құрастыруға
тапсырмалар берілді.Уақыты 10 минут және қорғауға 3
минуттан.
--Сыни тұрғыдан ойлау туралы
Power Point арқылы қысқаша мәлімет бердім.
-- Көңіл күйін бағалау
стикерлер арқылы 3 минуттық болды.
-- Рефлексия кезінде
стикерлерге алған әсерлері мен пікірлерін жазып
берді.
Постер жасау жақсы өтті.Бұл
шаралардың жақсы өту себебі мұғалімдер топпен жұмыс стеу кезінде
өзара ашық сөйлесіп, ақылдасып жұмыс істеді. Жастары мен қызметтегі
дәрежелерінің әртүрлі деңгейде екеніне қарамастан тақырыпқа
қызығушылықпен кірісіп, әрбір нәтижеге бірге қуанып
оытрды.
--Сәтсіз өткен жұмыс
болмағанмен кедергілер болып отырды. Мысалы, әр тапсырманы қайта-
қайта түсіндіруге тура келіп отырды.
3-бөлім: Бағдарламаның
идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды
бағалау.
-
Коучинг сабақ кезінде
мұғалімдердің өздері жазған пікірлеріне қарап 4 мұғалім постер
жасауды немесе постерді дұрыс жасауды үйренді, 1 мұғалім шапшаңдық
пен тапқырлыққа үйренсе 1 мұғалім сыни тұрғыдан ойлау,1 мұғалім
тақырыппен жұмыс жасауды үйреніпті.
-
Оқыту мақсатына қатысты мен
болашақта жеті модуль элементтерін мұғалімдерге бірден кең ауқымда
бере салмай, біртіндеп әр кезеңді немесе әр элементті бір- бір
сабақ етіп өткізер едім.
Өзімнің коучинг жүргізу
саласында алған білімім туралы рефлексивтік
есеп.
-
Коучинг жүргізу мектеп
мұғалімдерімен үздіксіз және белгіленген жүйе (кесте) бойынша
жүргізіліп тұрса деймін. Оған қатысатын мұғалімдер әр түрлі жастағы
және әр түрлі жастағы оқушыларға сабақ беретін
болса.
-
Балаларды оқыту кезінде оларға
әрбір сабақ сайын бір селт еткізетін жаңа нәрсе ұсынып отырса
олардың білім алуға деген ынтасы арта
түседі.
-
Ересектер коучингісі кезінде
ұққаным оларда балалар сияқты білмейтін нәрсесіне қызыға кіріседі,
сондықтан оларға да әр сабақ сайын жаңа дүниелер ұсыну
керек.
-
Мен мұғалім ретінде өз пәнімді
өте жақсы білемін және ол білімді өте жақсы жолмен бере аламын.
Сонымен қоса басқа пәндердің де біразын жақсы білемін, ол пәндер
бойынша да жақсы пікірталасқа түсе аламын.
-
Мен жақсы коучпын.Мұғалімдерді
оқытуға қажетті жаңа әдіс- тәсілдермен қоса жақсы білім қорым бар,
юмор, тапқырлық, әртістік сияқты қасиеттерім жетіп
жатыр.
-
Болашақта өз коучингімді
жақсарту үшін әлі де оқып, білімімді жетілдіру керектігін
зерделедім.