Материалдар / Ашық сабақ Бисерден ағаш жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Бисерден ағаш жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру бөліміне арналған ашық сабақ. Қолөнер пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2023
267
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы балалар өнер мектебі

Қолөнер пәні мұғалімі Талғатқызы Ажар

2023 жыл



Сабақ тақырыбы: Бисерден ағаш жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, бисерден ағаш жапырақтарын тоқу технологиясын үйрете отырып,білімін жүйелендіру,шеберлігін арттыру. Дамытушылық: өз бетінше жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдануын қадағалау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс,көрсету.

Пәнаралық байланыс: биология, тарих,химия,география,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын жасалған ағаштар,бұйымдар.

Қажетті құрал - жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс, қайшы,сым

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу;
- оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау;
- сыныпты топқа бөлу;

  • Біз бүгін сабағымызды уәде беруден бастайық. Ол үшін сендерге мен айнаға қарап тұрып уәде беремін.

Бүгін сабақта жақсы қатысып, сабақта белсенділік танытқандарыңа медаль беремін, яғни марапаттаймын – деп уәде беремін. Ал сендер осы айнаға қарап тұрып уәделеріңді беріңдер.

Жаңа сабақ

  1. Бисер деген не?

  2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

  3. Бисермен тоқу нені талап етеді?



  • «Адасқан әріптер»

АҚЛА, ІЗЖҮК, АРҒЫС, ІБЛІКЗЕ

Бұл бұйымдарды қалай атауға болады. (Әшекей бұйымдар.)

Әшекей бұйымдарды кім жасайды.(Зергер)


Бисердің шығу тарихына тоқталсақ.

Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, таяқша болып бөлінеді. Әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды. . Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі. Қазақша бисер су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп атайды. Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, маргенец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра»  немесе «бусер»  деген сөзінен шыққан-жасалған маржан. Қазіргі кезде бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.

  • Балалар сендер ТИК ТОК, ИНСТАГРАММ әлеуметтік желілерінде отырасыңдар. Қазір

сендерге осы қағазды таңдап алыңыздар. (тикток, инста суреттері бар А4 қағаз) Артындағы сан бойынша топқа бөлінесіңдер. Жақсы жауап берсеңдер лайктарыңды мына соткаға жабыстырып отырасыңдар. Соңында көп дауыс жинаған топты анықтаймын.

Сарамандық топтық жұмыс.

Техникалық қауіпсіздік ережелері:

1. Жұмысты орындар алдында артық заттар болмау керек.
2. Қайшы өткір болу керек және оларды жабық сақтаған жөн.
3. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды.
4. Сымды қайшымен қияды.
5. Сымды көзге жақын ұстамайды.



«Ой қозғау»

Біздің ауылымыз несімен көрікті,тартымды? (жасыл желектер,орман)

Қоршаған ортаны қорғау. Ағаштарды күту. Бисерден ағаштарды жасау арқылы,олға деген өз сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. (слайдтар арқылы бисерден жасалған ағаштарды көрсету) Мұғалім ағаштың жасалу технологиясын түсіндіреді.көрсетеді.

Жасалу жолдары:

  • Қиып алынған дайын сымдарға сумоншақтарды тізу(қажетті мөлшерде)

  • Сумоншақтардан жапырақтар жасау технологиясын көрсету.

  • Дайын болған жапырақ талдарынан біріктіріп орап ағаш жасау.

  • Сымның25 данасын дайындаймыз,екінші ұшын бекіту

  • Әр сымның бойына ұсақ моншақтар болғандықтан 40 шақты моншақтарды тіземіз

  • Моншақтарды орап жапырақтар жасау.

  • 2-3түптен бекітіп, кейін бәріп косып орап ағаш жасау

Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау.  Жаттығу жасау реті:  (3 минут)

 Көзді алақанмен жауып   тұру.

1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату

2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет

көзді жыпылықтату

3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет

Жаңа сабақты бекіту

  • Алтын жебе ойыны

Сандар тақтаға қойып, сандардың артында сұрақтарды садақпен тигізіп, жауап беру

  1. Бисердің түрлері?

  2. Бисерді ең көп шығаратын жерді ата?

  3. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?

  4. Бисердің отаны?

Бағалау

Жинаған лайктарын санап әр оқушыны бағалап, уәде еткендей медальмен марапаттау

Үйге тапсырма

Талдың жапырақтарын аяқтап келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!