Материалдар / Ашық сабақ "Бізді қоршаған әлем. Бағдарлауды үйренеміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бізді қоршаған әлем. Бағдарлауды үйренеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаңартылған білім мазмұны " бойынша дүниетану пәнінен 1 сыныпқа арнап құрастырылған ашық сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспары әдіс алмасып және өзім сияқты және жас мамандарға көмегі тиеді деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

2 Аманқарағай орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л.М


Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын.
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін ояту. «Патриот » деген сөздің мәнін ұғындыру. Отанды сүю – отбасынан басталады мақалының мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Көрнекіліктер: бейне жазба, суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш, гүлдер, шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Бір ауылда тұрамыз
Бір мектепке барамыз.
ІІ. «Танысу добы» әроқушы өзіжайлы айтып , бір-бірімен танысады


ІІІ. Кіріспе әңгіме. (ой-шақыру)

- Отан деген не?

-Отбасы деген не?

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз ?

(Балалардың пікірлері)

Мұғалімнің сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, досың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Ү. Қазақстан Республикасы туралы бейне жазба көрсету.
«Патриот» сөзінің мағынасын ұғындыру.

 Патриот – Отанын, халқын, туған жеріны сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш - жігерін, қабілетін аямайтын адам


Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "Патриоттары" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?


ҮІ. (Плакатқа оқушылар дайын шаблондарды жапсыру арқылы өз елін бейнелейді.)


ҮІ. Рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бір-бірімізге көмектесіп, бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!