400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Бұқар жырау" Тілек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар тілектің мән-мағынасын түсінеді,тілек пен бата түрін ажыратады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау «Тілек»


Бөлім:

Атадан қалған асыл сөз» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Мухаева Г.А.

Күні:

23.10.2023

Сыныбы: 9 «а»

Қатысушылар саны: 13 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұқар жырау «Тілек»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Сабақтың мақсаты:

Бұқар жыраудың өмір жолымен «Тілек» толғауының мазмұнымен танысады, толғауды мағынасына қарай талдайды, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімделеді, ауызекі сөйлеу тілін дамытады, сөздік қорларын молайтады

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Кубик рубик» әдісі (оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-бірлеріне кубик лақтыру)

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Кубик

Жаңа сабаққа кіріспе

10 мин



Оқушыларды аспаптар бойынша топқа бөлу (Домбыра, қобыз, жетіген)

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушылар сұрақтар таңдап алады. (Пошта жәшігінен топтарға конверт беріледі)



























Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Болжау» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты анықтау.

Видео, аудио материал көрсетіледі. Мұғалім «Тілек» толғауын оқиды.

Мұғалім тақырыпты түсіндіріп өтеді. Әдеби теориялық ұғым «Стиль» түрін айтып өтеді.

  1. Шешендік өнер дегеніміз не?

  2. Шешендік өнер нешеге бөлінеді?

  3. Әнет бабаның айтқан үш күштісін ата?

  4. Қазақтың билерін ата және олар қай жүзге тағайындалған?

  5. Сөз анасы, су анасы, жол анасы не? -деген тіректердің мағынасын аш

6. Мөңке кім?

7. Әнет баба неден сақ болуға шақырады?

8. Төле би қай облыста, қай жылы дүниеге келген?

9. Қазыбек би есіміне қатысты не білесің?

10. Өтірік пен шындыққа қатысты қандай нақыл сөз білесің?

11. Бұл дүниеде не тәтті?-дейді Бала би, Сырымның жауабы?

12. Үгітті қандай адамға, ақылды қандай адамға айту керек? - дейді Бала би, Сырымның жауабы?

13. Әнет бабаның айтқан үш даусызы бар, оларды ата?




























Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Ресурс: қима қағаз, мадақтама смайликтері


















































Видео, аудио материал, слайдтық-презентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

7 мин.

1-тапсырма. «Тірек-сызба» толтыру


Домбыра тобы:

Қобыз тобы:

Жетіген тобы:

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- сызбаны толықтырады

-Бұқар жырау өмірбаянын айтады, толғауларын атап өтеді

-Жырау деген кім және оған тән қасиеттерді анықтайды



Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, А3 плакат

5 мин

2-тапсырма. Сөз сыры

Домбыра тобы: «Үшкіліксіз көйлек»

Қобыз тобы: «Шартарап»

Жетіген тобы: «Қыналы»


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- сөздердің мән-мағынасын ашады

-топтар берілген сөздерді дәптерлеріне жазып, түсіндіреді

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.


10 мин

3-тапсырма: «Тілек» толғауын талдау

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
•Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
•Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
•Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
•Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты Ақ Орда,
Ардақталған аяулың
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
•Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
•Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.

Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
•Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған.....
Анаң бір аңырап қалмасқа.
•Он бірінші тілек тілеңіз,
Он бармағы қыналы....
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы Құдай саңқыған,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

-толғауды түсініп оқиды;

-өз сөздерімен айтып береді

-туындаған сұраққа жауап береді




Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.

Сабақтың бекіту

2 мин

Бекіту тапсырмасы. Тест.

  1. Бұқар жырау қай жылы дүниеге келген?

А. 1781

Б. 1668*

С. 1802

Д. 1753

2. Бұқар қай ханның тұсында өмір сүрген?

А. Керей хан

Б. Абылай хан*

С. Қасым хан

Д. Тәуке хан

3. «Тілек» толғауының екінші тілегі:

А. Ер шұғыл пасық залымның, тіліне еріп азбасқа*

Б. Үшкілсіз көйлек кимеске

С. Бір Аллаға жазбасқа

Д. Бес уақытты бес намаз, біреуі қаза қалмасқа

4. «Шартарап» сөзінің мағынасы

А. Әлем, дүние

Б. Дүниенің төрт бұрышы, жан-жақ, төңірек, айнала*

С. Боялған, әрленген, көмкерілген

Д. Қиықша, қы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
05.05.2024
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі