Материалдар / Ашық сабақ "Дәрумендер және олардың маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Дәрумендер және олардың маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа арналған жаңартылған бағдарлама бойынша жасалынған қысқа мерзімді жоспар үлгісі. Тақырыпқа сәйкес зертханалық жұмыс үлгісі де қосылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2022
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Абдраманқұл Н.Б.

Күні:


Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер.

5 Зертханалық жұмыс «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау

8.1.2.6 Құрамында маңызды дәрумендердің мөлшері бар азық-түлік тізімін жасау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тамақта дәрумендерді сақтау ережелерін анықтайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Дәрумендерді қабылдау және ағза саулығы арасындағы байланысты анықтайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Дәрумендер типі мен құрамында дәрумендер бар азық-түлік өнімдерін сипаттайды

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі. «Біз біргеміз» әдісі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Топқа біріктіру. QR code арқылы.

3. Ынтымақтастық атмосферасын топ ұранын айта отырып қалыптастыру


Оқушылар QR code арқылы топқа бірігеді:

1топ

2топ

3топ

Топтың ұранын бірге айтады.

Мақсаты: Оқушылар топ ұранын топпен бірге айтады, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бірге топ ұранын айта отырып, топпен жұмыс жасауға құлшынысы артады және көңіл-күйін көтереді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

7мин


«Өзіңнің билетіңді таңда» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын АКТ арқылы қою. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


1.Тіс дегеніміз не? Тістердің қызметі?

2. Тістердің сыртқы және ішкі құрылысы?

3. Адам тістерінің типтері?

4.Балаларда 3жасқа дейін толық шығатын тістердің атауы және саны? 5.Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы?

6.Адамның асқорыту жүйесіндегі ферменттерді ата?

7. Тамақтан уланган кезде көрсетілетін алғашқы көмек?

8. Асқазан-ішек жолдарының қауіпті аурулары?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыларға білімді жемістермен бағалау, қосымша «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Wordwall

интерфейсі


Жаңа сабақ

7мин

Видеокөрсетілім.

1-Тапсырма

Жеке жұмыс. «Сықырлы сөз» әдісі.

Берілген жеміс-жидектер құрамында кездесетін иммунитетті

көтеруге маңызды дәруменді сипаттаңыз

Дескрипторлар:

1.Жеміс-жидектер құрамында кездесетін дәрумендерді жазады.

2.Иммунитетті көтеруге қажет дәруменді сипаттайды.



Білімді жемістермен бағалау


ДК экраны

8-сынып оқулығы.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин

2-Тапсырма

Топтық жұмыс.

5 зертханалық жұмыс.

1. Шырынның құрамындағы С дәруменін анықтау.

2. Табиғи шырындардың құрамындағы

С дәруменін анықтау.

3. С дәруменінің көмегімен күрішті тазалау.

Топ басшалары тәжірибе түрін таңдап алады және топпен сол тәжірибені жасайды.

Дескриптор:

1. Тәжірибе жүзінде шырынның құрамындағы С дәруменін анықтайды және кестені толтырады..

2. Тәжірибе жүзінде табиғи шырындардың құрамындағы

С дәруменін анықтайды және кестені толтырады.

3. Тәжірибе жүзінде С дәруменінің көмегімен күрішті тазалауды дәлелдейді және кестені толтырады.


Жалпы балл – 5балл

Білімді жемістермен бағалау, қосымша «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Таратпа материалдар


Сабақты бекіту

6мин

Жеке жұмыс. «Бинго» ойыны

9сұрақ, 9жауап дұрыс жауабын табаңыз.

 1.Дәрумендер

4. Н.И.Лунин

7.авитаминоз

 2. В,С,РР

5.К,Е,Д,А

 8.В1,В2,В612

3.180-200мг

6.гипервитаминоз

 9.гиповитамиоз


Оқушылар сұрақтардың номерін таңдап, дұрыс жауабын табады.

Дескрипторлар:

1. Жаңа тақырыпқа сәйкес сұрақтар нөмерін таңдайды.

2.Сұрақтарға жауап береді.


Жалпы балл- 1балл

Білімді жемістермен бағалау, қосымша «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК экраны

8-сынып оқулығы


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5мин.

«Пайдалы себет» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын себетке салу ұсынады

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Білімді жемістер тізбегі арқызы өзін бағалауды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Қызыл түсті жеміс: адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды

  • Сары түсті жеміс: дәрумендердің құрамында маңызды мөлшері бар азық-түлік тізімін жасайды

Жасыл түсті жеміс: денсаулық үшін маңызды дәрумендерді және дәрумен жетіспеушілігінен туындайтын ауру түрлерін біледі


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Білу керек


Дәрумендер (витамин; лат. Вита- тіршілік «өмір»)- тіршілік етуге қажет ерекше органикалық заттар.Ең бірінші ашылған дәрумен В1 дәрумені болды. Оны поляк биохимигі Казимир Функ күріш кебегінен бөліп алып, «дәрумен» деп атады.

Суда еритін дәрумендер, негізінен, өсімдікті өнімдерде (немесе сыра ашытқысында) В тобы. С.А.РР

Майда еритін дәрумендер көбінесе жануартекті өнімдерде болады.К.Е.Д.А

Дәрумендердің ағзадағы жетіспеушілігі гиповитаминоз деп аталады.

Күнделікті пайдаланатын тағамдардың құрамында қандай да бір дәруменнің ұзақ уақыт болмауынан авитаминоз орын алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!