Материалдар / Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар олардың түрлері 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар олардың түрлері 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
1901
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Авторы. Мынбаева Гулшат Романовна

Түркістан облысы Жетісай қаласы «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі, дефектолог

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар олардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөзді байланыстырып сөйлеуге, есте сақтау қабілетін, оқушыларды сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, сауаттылыққа, әдептілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер арнайы кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы. 1 Ұйымдастыру кезеңі. – Сәлеметсіңдерме, оқушылар. – Қазір жылдың қай мезгілі? –Күздің нешінші айы, қалай аталады? –Аптаның нешінші күні, қалай аталады? – Қазір бізде қандай сабақ?

2. Қызығушылығын ояту. Қазақ тілі бабам тілім, Өзің барда шалқыдым. Тіліммен бірге самалмын, Тіліме кім тағар мін.

3. Өткен сабақты қайталау. – Қазақ тілінде қанша әріп бар? - Дауысты дыбыс дегеніміз не? - Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

4. Жаңа сабақ. Дауыссыз дыбыстар олардың түрлері. – Балалар бүгін дауыссыз дыбыстар олардың түрлері туралы өтеміз. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар б, в, г, ғ, д, ж,з, й, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ч, ш, щ, һ. Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді. Қатаң дауыссыз –дауыс шымылдығы қатыспай тек салдырдан жасалатындауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш. Ұяң дауыссыз- дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдыр мен үн тең болатын дауыссыз б, в, г, ғ, д, ж, з. Үнді дауыссыз- дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыз р, л, м, н, ң.

4- тапсырма Жұмбақты оқып шық, қатаң дауыссыз астын сыз.

Бір жәндік қанаты бар ұшпас биік, Аяғы жүрмейді оның жерге тиіп. Арасын Жер мен Көктің өрт алса да, Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. (Балық)

5. Сергіту сәті. Қәне , қәне тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге Сол жақтағы көршіге. Күлімсірей қарайық Көкке қолды созайық Бір-бірімізден озайық.

6. Пысықтау. ( дәптермен жұмыс.) 1-тапсырма. Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Құлыншақ, қозы, тай, бота, сиыр, күшік, хат, циркуль, чемпион, фабрика, көл, сүт, астық, ащы.

7. Сабақты бекіту. –Неше дауыссыз дыбыс бар? – Қатаң дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады? – Үнді дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады? - Ұяң дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады?

8. Сабақты қорытындылау. 9. Үйге тапсырма беру. 2 -тапсырма. Мына сөздерді қатаң дауыссыздарды жанына теріп жаз.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!