Ашық сабақ: Денсаулығым - бар байлығым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Денсаулығым - бар байлығым.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 - сынып. Тақырыбы: «Денсаулығым - бар байлығым.» Максаттары: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: Саяхат. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, сөзжұмбақ шешу,жағдаят талдау. Техникалық жабдықталуы: компьютер, интербелсенді тақта. Көрнекілік: слайд, суреттер. Қажетті жабдықтар: шығарылған қағаздар, қайшы, қалам.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәрбие сағатының жоспары


Тақырыбы: «Денсаулығым - бар байлығым.»

Максаттары: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: Саяхат.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, сөзжұмбақ шешу,жағдаят талдау.

Техникалық жабдықталуы: компьютер, интербелсенді тақта.

Көрнекілік: слайд, суреттер.

Қажетті жабдықтар: шығарылған қағаздар, қайшы, қалам.


Тәрбие сағатының құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- 3 топқа бөлу.

ІІ. Негізгі кезең 20-30 минут

- Аялдамалар:

I. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап  аялдамасы

II. “ Жағдаяттар”  аялдамасы

III. “Ұлы ғұламалар елі”  аялдамасы

IV. “Өмір шындығы” аялдамасы

V. “Сөзжұмбақ”  аялдамасы 

ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

  • Рефлексия

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Дана: Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Ең алдымен, сіздер интерактивті тақтаға назар аударайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

  • Иә, дұрыс айтасыздар, бүгінгі тақырыбымыз «Денсаулығым - бар байлығым».

Акнур: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен. Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз.  Аялдамаларда сіздер көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер. (3 топқа бөлу, қатар бойынша)

Аялдамалар:

I. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап  аялдамасы

II. “ Жағдаяттар”  аялдамасы

III. “Өмір шындығы” аялдамасы

IV. “Шығармашылық тапсырма” аялдамасы

V. “Сөзжұмбақ” аялдамасы 

Акнур: Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

    «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы (Оқушылар жауабы.)

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 - Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

4. Денсаулыққа не зиян?

- Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу

5. Біз не үшін тамақтанамыз? 

- Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

6. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

- Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Дана: Зиянды әдеттерге шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық жатады.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

«Жағдаятты талдау» аялдамасы

1 жағдаят: Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?
3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

Өмір шындығы» аялдамасы

https://www.youtube.com/watch?v=IWXGXWrOk1M

https://www.youtube.com/watch?v=4gK_ra5cEDI

Дана: Балалар, қазір осы 2 бейнероликке назар аударайық. Осы бейнероликте не айтылған? Шылым шегудін пайдасы бар ма? Неге шылым шегу зиян? Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

«Шығармашылық тапсырма» аялдамасы

(Балалар тапсырманы постер ретінде орындайды)

1 топ – Алкоголь зияны.

2 топ – Темекі шегу қаншалықты зиян?

3 топ - Вейпинг: электрондық темекінің зияны.

Топтар постерді қорғайды.

«Сөзжұмбақ» аялдамасы. Әр оқушыға осындай сөзжұмбақ жазылған қағаз таратылады.

  1. Ақ халатты жан.

  2. Бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.

  3. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне

  4. Белінен қыссаң, аузынан ақ уыз шығады.

  5. Жуынамын деп жазған – ай, Күннен күнге азғаны-ай

  6. Көлшігім бар төбемде, Жуынам тұмсықпен себем де

  7. Шомылған баланы, аймалап алады. Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды

  8. Бұдан кір қорқады, Ол судан қорқады.

  9. Өзі жұқы, тісі көп, Тазалыққа ісі көп



С А Б Ы Н

Т А Р А Қ

С Ү Л Г І

Г И Г И Е Н А

Д Ә Р І Г Е Р

Д У Ш

С А Б Ы Н

П А С Т А

А Й Н А


























Қорытынды:

Дана: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

 Рефлексия:

Акнур: Бүгінгі сабақ сізге пайдалы болды ма? Сіз бүгін нені үйрендіңіз? Сіздердің алдыларына мен стикер тараттым. Соған сіз бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді жазыныздар. Және тұрып «Табыс ағашына» жабыстырыңыз.Сабақ жалпы ұнады ма? Сіздерге тәрбие сағатқа қатысқан үшін рахмет! Келесі кездескенше. Сау болыңыздар!





4



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2022
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі