Материалдар / Ашық сабақ "Денсаулық еліне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Денсаулық еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ептілік, икемділік дағдыларын қалыптастыру.Саяхат жасап,көңіл-күйлерін көтеру. Балаларды ұжымдыққа достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
616
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылы

«Ақбөпе» аудандық бөбекжайы МКҚК

Жанакова Алтын Мусаевна

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ептілік, икемділік дағдыларын қалыптастыру.Саяхат жасап,көңіл-күйлерін көтеру. Балаларды ұжымдыққа достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Арналған суреттер(сабын, сүлгі, су), герлер, көкөністер мен жеміс-жидектер.

Балалар қуанышты көңіл күймен, музыка ырғағына сәйкес жай жүреді.

Шаттық шеңбер:

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарық болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Деніміз сау болсын.

Тосын сәт:

Есік қағылып,қонаққа Олжас деген бала келеді.

-Салематсыздар ма,балалар!

Мында не болып жатыр?

Бізде денсаулық күні болып жатыр.Денсаулық еліне саяхатқа бара жатырмыз.

Саяхатқа мені де ала кетіңізші, менің тамағым ауырып тұр.

Тәрбиеші: - Балалар біздің деніміз сау болу үшін біз не істеу керекпіз?

Балалар: - Спортпен айналасу, дәрімен жеу керекпіз, таза жүру керекпіз.

Тәрбиеші: - Олай болса балалар біз бүгін денсаулық еліне саяхатқа барамыз! Барамыз ба балалар?

Балалар: - Иә.

Ендеше балалар, Олжасты бірге ала кетейік.

І. Кіріспе:

Балалар қуанышты көңіл-күймен, музыка ырғағына сәйкес жай жүреді.

Музыка ырғағына сәйкес түрліше жүгіреді. Балаларды алға қарай жылжи отырғызып, қос аяқпен жеңіл секіртіп, белгі бойынша тоқтайды. Жан – жақты дамыту жаттығуларына дайындаламыз. (лентамен орындайды) Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығуларын орындайды. Қос аяқпен секіріп, жаттығуларын аяқтайды.

Т: - Балалар қараңызшы біз қандай аялдамаға келдік?

Б: - « Жаттығу» аялдамасына

Т: -Ендеше балалар қолымызды екі жаққа созып, шеңбер болып тұрайық.

- Қолымыз белде, басымызды «оңға-солға» бұрамыз;

- Қолымыз иықта екі рет алға, екі рет артқа айналдырамыз;

- Екі қолымыз белде оңға, солға айналамыз;

- Қолымызды алға созып отырамыз;

Олжас: - Жарайсыздар балалар! Жаттығуды күшті жасайды екенсіз, менің денем қызып жақсы болып қалдым.

Т: - Ал, балалар ендеше екінші аялдамаға жол тартайық.

- Аю болып жүрейік;

- Қоян болып секірейік;

- Қасқыр болып ырылдап жүрейік.

II. Негізгі бөлім.

Т: - Балалар қараңызшы біз қандай аялдамаға келіп қалдық?

Б: - «Тазалақ» аялдамасы

Т: - Дұрыс айтасыз, балалар біз тазалық туралы қандай тақпақтар білеміз?

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Жуынсаң сен әрдайым.

Аппақ бетің маңдайың.

Су дегенің осы !

Тазалықтың досы!

Сабындасаң қолыңды.

Ашытады көзіңді,

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Сабын деген осы!

Тазалықтың досы!

Т: - Балалар сонымен таза жүру үшін біз қалай жүру керекпіз?

Б: - Деніміз сау болу үшін сабынмен ,сумен жуынып, таза киініп жүру керекпіз.

Т: - Жақсы балалар үшінші аялдамамызға сарбаздар болып барайықшы. Келдік балалар бұл қандай аялдама?

Б: - «Дәрумендер» аялдамасы

Т: - Иә, балалар бұл дәрумендер аялдамасында не көріп тұрмыз?

Б: - Көкөністер мен жеміс-жидектер.

Т: - Балалар бұл не?

Б: - Мынау қияр.

Т: - Қиярдың түсі мен пішіні қандай?

Б: - Жасыл, сопақша.

Қорытынды:

Сұрақ-жауап арқылы балалардың бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білімдерін бекіту. Сол алған білімдерінің пайдасы туралы әңгімелеу.

Балаларға денсаулыққа пайдалы «С» дәрумені сыйлыққа беріледі.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!