Материалдар / Ашық сабақ. "Денсаулық мол байлық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Денсаулық мол байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Денсаулық-зор байлық»-деген мақал тегін айтылмаса керек.денсаулық болса бәрі болады. Денсаулық-бірдің емес,мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 32 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны









Баяндама


Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына баулу ”







Дайындаған: Курмангалиева А.С




2021 оқу жылы







Алғы сөз

«Денсаулық-зор байлық»-деген мақал тегін айтылмаса керек.денсаулық болса бәрі болады.
Денсаулық-бірдің емес,мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн. 



Тақырыбы:Салауатты өмір -көтеріңкі көңіл .                                            

мақсаты :Баланың денсаулығын сақтау және нығайту,дене жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру,қимылдай білуімен дағдыларын жетілдіру.Сөздік қорларын молайту,шығармашылық , логикалық ойларын дамыту.Алған тәлім тәрбиесін өмірде өз орнымен қолдана білуге,отанын,елін сүюге тәрбиелеу. 

                                   
Міндеті:Мәдени гигиеналық дағдыларымен салауатты өмір салты дағдыларын жетілдіру және кеңейту.

































Жоспар



1-бөлім

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру технологияларының түрлері.

2-бөлім

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда балалармен және ата-аналармен жүргізілетін іс –шарарал

3-ші бөлімде

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда шығармашылық тұрғыда дәстүрден тыс қолданылатын әдіс-тәсілдер

4-бөлім

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер





























Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясы
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне Қазақсатан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу ҚР-ның мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуді қамтамасыз етуге арналған.
Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру:
-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі;
-бес білім беру саласы арқылы танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды біріктіру әдісі;
-құзыреттілікті дамыту индикаторларының,яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейін зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі.
Бала денсаулығын қорғау проблемесын шешу қоғамның барлық сатысының тиімді ұштастырғанда ғана нәтиже болмақ.Академик П.петленконың пікірі бойынша денсаулықты сақтау проблемелерын шешуде екі бағытқа ерекше назар аударуы керек.
1.батыстық бағыт.дені сау болу үшін «өзіңдң таны»деген Сократ тезисіне негізделген.
2.Шығыстық бағыт.дені сау болу үшін «денсаулығыңды өзің жаса»деген Конфуции тезисіне негізделген.
Баланың өз денсаулығына қарым-қатынасынқалыптастыруда балалақшада дене шынықтыру сияқты арнаулы пәндердің орны ерекше,сонымен қатар белгілі бір пәндер көлемінде шектелмей барлық пәндердің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн.
Біздің елімізде бала тәрбиесіне ,дені сау,сымбатты әрі келбетті,сұлу болып өсуіне аса зор көңіл бөлінді.Өйткені,бала біздің болашағымыз.Өміріміздің ең қымбат қазынасы,табиғи жалғасы мұрагеріміз,яғни қоғамымыздың ең қымбат қазынасы адам. Сондықтан да балалармен және ата-аналармен мынадай іс-шаралар жүргізген дұрыс.
Әдемі де сымбатты болып өсудің бірден-бір ережесі:
1. Жеке бастың гигиенасы
2. Күн режимін сақтау
3. Уақытында тамақтану
4. Уақытында ауаға шығып,демалып ойнау
5. Уақытында ұйықтау.
Міне оы жағдайлардың барлығы қарастырылған жағдайда әрбір баланың денсаулығы жақсы болады.
Жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады:
1.даладан келгенде қолды жақсылап жуу қажет.
2.жеміс-жидектердің сыртын мұқият жуу.
3.Қайнамаған су ішпеу.
4.Өзінің қол орамалы,ыдысы болуы қажет.
«жеке тұлға тәрбиесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясын қолдану» шешеу жолдары:
1. Кварцпен бөлмелерді тазалау.
2. Тұзға малынған ұзын матаның үстімен жүру.
3. Массажор пайдалану.
4. Өз-өзіне массаж жасау тәсілдеті түскі ұйқыдан кейін жасалады және ертеңгілік гимнастикалар мен сергіту жаттығулары жүргізіледі.
Сонымен баланың дене күші мен рухани күшін бірлікте дамытуға бағытталған тәрбие ғана өмірмен,еңбекпен ұштасуын қамтиды.Баланың денсаулығын сақтайды.
Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-зиянды жатқылықтарға үйренбеу,салауатты өмір сүру,аурудың айықпас сырқатқа айнлуына жол бермеу.
Адамзат өмірге келген соң қалай болса солай өткізбеуі тиіс.Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет.Ал денсаулықты сақтау өз қолымызда.

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер , біздің балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыруда , «Әжемнің емдік шаралары» атты бұрыш ұйымдастырылған

Бізге өз қоғамымызды құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш - жігерлерді қолдану қажет. Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөліктерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру саясатының ауқымында балалардың әл - ауқаты мен денсаулығына басым көңіл бөлінуде.

Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың білімін, мінез - құлқын әрі олардың денсаулығын сақтау проблемасына көз қарасты жақсарту, білім және денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, бүкіл қоғам үшін аса зор маңызды міндет болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына яғни салауатты өмір салтын қалыптастыруына дене тәрбиесінің маңызды өте зор. Осы кезеңде балалар дене тәрбиесі және спорттық қимыл әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан - жақты толық дамымайды. Ғалымдардың пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14 - 21 сағат болуы қажет. Қимыл әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныш күшін әлсіздендіреді, толық дене дамуын қанағаттандырмайды.

Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қуаты қабілеттілігін мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең мектеп жанындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады. Бала кезінде әртүрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл әрекеттер адамға оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді, жаңа күрделі қимыл әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал, мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан ебедейсіз, орашалақ қимыл әрекетін көреміз. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асырудағы дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттері

1. Денсаулық нығайту, дұрыс мүсін қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функциялары дамыту, жүрек - қан айналу, тыныс алу, нерв - жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдістерін белсендіру.

2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарлату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы, ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.

3. Мектептегі жас кезеңдеріне байланысты дене қуаты қасиеттерін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың барлық дене қуаты қасиеттерін үйлесімді дамыту керек. Бірақ негізінен жылдамдық және қимыл үйлесімділігі, ептілікке басты назар аудару қажет болады. Мектепке дейінгі жасындағы балалардың жылдамдық қабілеттігін және күш жылдамдығын дамытуға баса көңіл бөлу қажет болады.. Балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беру үшін ата - ана, мұғалім, дәрігер үш жақты байланыс орнатып, жұмыла қызмет атқару керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, бала - бақшада, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс — шаралар өткізу бір - біріне жалғасып, бірін - бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп, күнделікті жақсыны айтып отырсақ келешек ұрпағымыздың дені сау болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген емес пе.

Қopытынды

 Денсаулық сақтау технологияларын осылай бөлу шартты емес,себебі олардың арасындағы шекаралар нақты көрінбейді. Мысалы алсақ, түзету
технологиясы коммуникативтік ойындардан басталып, релаксациямен аяқталуы
мүмкін. Ал ертегі баланың ерте сәбилік шағынан бастап сүйемелдесе, классикалық
музыка баланың құрасу ішіндегі кезінен қабылданады.Динамикалық үзілістік де әртүрлі гимнастика түрлері енуімүмкін – көзге арналған, тыныс алу, т.б. Тіпті бөлмені безендірілуінің түстері
баланың көңіл-күйіне арнайы іс-әрекетсіз-ақ әсерін тигізеді.Осы сипатталған әртүрлі педагогикалық әсерлердіңсауықтыру, білім беру және түзету құзіреттіліктері бар.Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуғабағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындайкешенді  іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды
қалыптастыруға бағытталған  бар білім салаларымен өзара байланысты 
және өзара әрекеттеседі.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге келтіруқазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысын іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ойын түрлері баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды
зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар
баланың сүйіп ойнайтын және оның күш - жігерін жетілдіретін әсерімен
ерекшеленеді. Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтырудың
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.

Пайдаланылған әдебиеттеp тiзiмi

1.    ЖалмагамбетоваБ.Ч., Сеременко Н.П., 2013. Организация здоровьесберегающего пространства в
образовательных учреждениях области.2.    Г.У.Демешева.,Педагогические условия формирования основ здоровьесберегающей компетентности у
детей предшкольного возраста., Білім, ғылыми – педагогикалық журнал-2010.  - №53.    Жұмaбeкoвa Ф.Н.Тәpбиe нeгiзi бaлaбaқшaдa // Oтбacы жәнe бaлaбaқшa. -2009. №1.4.    КeнжeбaeвТ., Aбдиpoв М.  Мeктeпкe дeйiнгiпeдaгoгикa.- Aлмaты, 19855.    ApыcбaeвaЗ. Иннoвaциялық әдic-тәciлдepдi қoлдaнy epeкшeлiктepi. // Қaзaқcтaн мeктeбi. №
1. 2007 . 69-70 б.6.    Бoгycлaвcкaя З.М., Cмиpнoвa E.O. Мeктeпкe дeйiнгi жacтaғы бaлaлapғaapнaлғaн дaмытy oйындapы. – М., 1991.7.     Ядэшкo В.И, CoхинaФ.A. Мeктeп жacынa дeйiнгi пeдaгoгикa. Aлмaты, Мeктeп.1982.

 







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!