400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Дирижирлеу пәні. тақырыбы Дирижирлеу техникасымен жұмыс жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің музыкалық білім беру мамандығының Дирижирлеу пәнінен 3 муз тобының студентімен өткізген ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы

Дирижирлеу техникасымен жұмыс жасау.

Модуль /пән атауы

КМ 04 «Дирижирлеу»

Дайындаған педагог

Амренова Индира Аманжоловна

Сүйемелдеуші - Арыстанова Аяжан Рустемовна

2023 жылғы " 21 " қыркүйек


1.Жалпы мәліметтер


Курс, топ

3 курс, муз тобы, студент Алшынбаев Мадияр

Сабақтың түрі

Жеке сабақ

2. Мақсаты, міндеттері

Мақсат: Балалар әндеріндегі дирижирлеу техникасымен жұмыс жасау.

Міндеттері:

Дирижерлық аппараттық қойылымын – қол, иық, мойын, бас буындарын босату

Екі қолдың әр түрлі координациялық қимылдарымен метрмен ырғақтық икемдерін жетілдіру.

Аспапта шығарманы ойнау.

Шығармадағы өлшемге сәйкес дирижерлық қимылдарды көрсете алу.

Орындаушының теориялық талдау негізінде, студенттің музыкалық білімін ой өрісін дамыту.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Мектеп шығармасын аспапта ойнау;

Дайындық жестін көрсете алу:

Екі қолдың функциясын білу:

Ауфтакті, кіріспе, бастау мен аяқтау (шешу) нақты көрсете алады;

Шығармадағы берілген ырғаққа сәйкес дирижерлық қимыл жасай алады.

Таза интонацияда шығарма орындайды;


4. Қажетті ресурстар

https://stud.baribar.kz/5139/dirizherlyq-bilim-zhane-tazhiribe-dirizh/

Безбородова Л. А. Дирижирование.

5.Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

 

Педагогтің әрекеті

Студенттің

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

¦йымдастыру кезеңі (1мин)


Амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

Тренинг:. «Поезд» жаттығуы

Мақсаты: Жылдамдыққа, ырғаққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту.

Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Ашық сабаққа барлық қатысушы тренингке қатысады.

Поезд болып қатысушылар бір бірінің артына тұрып, 1-2 ге саналып алады. Музыканың сүйемелдеуімен 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.






й тапсырмасын тексеру.

(15 мин)


Мнемокесте жасау, мәтінге сәйкес символдар ойластыру.

Шығарманы аспапта мәнерлі орындау.

Шығарманы 2/4 өлшемінде дирижерлық қимылды көрсету.




1. Студент сөзі мен әні Т.В. Бокачтің "Біз дәуірдің түлегіміз" әніндегі мәтінді мнемокесте бойынша айтады.

2. Шығарманы аспапта ойнайды.

3. Сүйемелдеушінің көмегімен шығарманы дирижерлайды.

Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:

Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.

Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.

Әр тапсырма 100 балдық жүйемен бағаланады.


Балалар әндеріндегі дирижирлеу техникасымен жұмыс жасауды жалғастыру.

(20 мин)


Қызығушылықты ояту.

¤леңін жазған К. Жұмағалиев, әнін жазған М. Омаров «Анашым», баян аспабына лайықтаған А.Ж. Досымбекова шығармасымен жұмысты жалғастыру.

  • Теннис добымен 12/8 өлшеміне жаттығу жасау.

Студент берілген ырғаққа сәйкес теннис добымен 12/8 өлшеміне жаттығу жасайды.

Әр тапсырма 100 балдық жүйемен бағаланады.



¤леңін жазған К. Жұмағалиев, әнін жазған М. Омаров «Анашым», баян аспабына лайықтаған А.Ж. Досымбекова шығармасының авторы жайлы мағлұмат айтылады.

Студент балаларға арналған шығармадағы авторлар жайлы алдын ала дайындаған мағлұматты презентациялайды.

Әр тапсырма 100 балдық жүйемен бағаланады.



Дирижерлық техника дегеніміз не?

Жақсы техника дәлдік пен бақылаудың қарапайымдылығына, орындаудың шығармашылық еркіндігіне қол жеткізуге көмектеседі. Дирижердің қимылы әрқашан анық, үнемді, табиғи, икемді және мәнерлі болуы керек.

Хор жұмыстарын мәнерлі жүргізу үшін қандай негізгі дағдылар қажет?

Студентке динамикалық реңктерді орындау мәселелерін шешуге көмектесу, дирижерлаудың барлық техникалық әдістерін қолданғанда дұрыс сөз тіркесі: қолдың пластикасы мен икемділігіне қол жеткізу, дирижер аппаратының қимылдарын үйлестіру, хор партитурасын сауатты және мәнерлі орындауға үйрету. Дыбыс жүргізуі бойынша жұмыс legato, non legato.

Дыбыс жүргізу әдісі: legato – точканы «сипап өту», non legato – точканы «түртіп өту», staccato – точканы «шапшаң түртіп өту».

Студент берілген сұраққа жауап береді:

Дирижердің қимыл қозғалыс жүйесін меңгеруі және орындауды басқара алуы дирижерлық техника деп аталады.

Дирижерлық техника дегеніміз - мақсаттылық, ырғақтық, ұтымдылық (қажетсіз қозғалыстардың болмауы) және дирижер ым-ишарасының дәлдігі.

Қол функцияларын анық болуы, хормен байланысы, шығарманың нақты кіріспесі мен аяқтауын көрсете алуы, дыбысты жүргізу дирижерлықтағы негізгі мәнерлілік құралдардың бірі болып табылады.






Студент 2/4 өлшемі аяқталу кезеңін, штрихтарды legato, non legato-ны оқытушымен бірге орындайды.



Сабақтағы алған білімді бекіту. (3мин)

Балаларға арналған шығармадағы өлшеммен, legato, non legato штрихтарымен, фразаның соңынан аяқтау дирижерлық қимыл жұмыстары жасалады.

Студент оқытушымен бірге шығармадағы ауфтакті, кіріспе, бастау мен аяқтау (шешу) нақты көрсете алады;

Шығармадағы берілген ырғаққа сәйкес дирижерлық қимыл жасай алады. legato, non legato штрихтарын көрсете алады.



Сабақты қорытындылау.

(2мин)

Квест тапсырмалар.

Студенттің жауабын тыңдау.

Әр тапсырма 100 балдық жүйемен бағаланады.


й тапсырмасы

(1мин)

Шығармадағы ырғақ, штирихтармен жұмыс, дыбыс жүргізу жұмыстарын жалғастыру.

Студент өзіне түртіп алады.



Бағалау (2 мин)





Рефлексия (1 мин)

Тренинг: «Табыс сатысы»

Мен білемін......

Мен түсінемін......

Мен жасай аламын.....

Берілген сөйлемге студент сабақтан алған жетістіктерін, білімін, қабілетін айтып өтеді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2024
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі